Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27659 болып тіркелді.

      Ескерту. 1-тармағы 01.01.2022 бастап туындаған қатынастарға қолданылады - осы шешімнің 4 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 2-тармағы 7-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 07.10.2022 № 188 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      3. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  1-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 08.04.2025 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)



10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары

10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар топтары

Ауыл

26 052

70 625

129 884

107 093

Қала

23 463

62 775

113 530

94 009

 
  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2022 жылғы 12 сәуірдегі
  № 51 қаулысына
  2-қосымша

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.03.2026 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     

Елді мекеннің атауы

Тәрбиеленушілер саны

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)

Ақтау қаласы

20412

803

930

Жаңаөзен қаласы

8411

776

965

Бейнеу ауданы

3232

804

907

Қарақия ауданы

2117

889,08

1106,2

Маңғыстау ауданы

2148

844,46

1069,42

Мұнайлы ауданы

11153

778,37

944,09

Түпқараған ауданы

2846

852,62

1030,27


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады