Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | А. Оралов |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
| 2026 жылғы "__" ______ | |
| № __ | |
| қаулысына қосымша | |
| Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
| 2022 жылғы 12 сәуірдегі | |
| № 51 қаулысына | |
| 2- қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы | Тәрбиеленушілер саны | Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге) | Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге) |
Ақтау қаласы | 20412 | 803 | 930 |
Жаңаөзен қаласы | 8411 | 776 | 965 |
Бейнеу ауданы | 3232 | 804 | 907 |
Қарақия ауданы | 2117 | 889,08 | 1106,2 |
Маңғыстау ауданы | 2148 | 844,46 | 1069,42 |
Мұнайлы ауданы | 11153 | 778,37 | 944,09 |
Түпқараған ауданы | 2846 | 852,62 | 1030,27 |