"Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 наурызда № 27256 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.10.2025 № 649 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 317 Бұйрыққа
1-қосымша

Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.10.2025 № 649 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 317 Бұйрыққа
2-қосымша

Тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 30.10.2025 № 649 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 28 наурыздағы
№ 317 Бұйрыққа
3-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16426 болып тіркелген).

      2. "Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы № 1028 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17805 болып тіркелген).

      3. "Қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20125 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады