Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37306 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 125-бабы 12-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және

      цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 649 бұйрығына
1-қосымша

Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 125-бабы 12-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосылған құн салығының асып кету сомасын (бұдан әрі – ҚҚС) қайтару тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалар:

      Салық кодексінің 127-бабында көзделген ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану (бұдан әрі – оңайлатылған тәртіп);

      ҚҚС асып кеткен, оның ішінде қайтаруға ұсынылған сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексерулер жүргізу;

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған, оларға қатысты қайтарудың ерекше тәртібі қолданылатын халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес ҚҚС-тың асып кетуін растау кезінде қолданылады.

      2. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) облыстарда, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар, арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) келу тәртібімен немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ) арқылы салық төлеушінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) орналасқан жері бойынша көрсетеді.

      3. Көрсетілетін қызметті берушілер Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын АЖ үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылатын АЖ іркіліс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті уәкілетті тұлғаларды хабардар етеді.

      5. Есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының есепті салық кезеңінің соңына өспелі қорытындымен ҚҚС декларациясы бойынша қалыптасқан есептелген ҚҚС сомасынан асып кетуі ҚҚС асып кету сомасы деп танылады.

      6. ҚҚС асып кету сомасы мына:

      1) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде қызметті жүзеге асыратын;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын ҚҚС төлеушілерге қайтарылуға жатады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушыда:

      1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша есепке жатқызу нәтижесінде;

      2) заттай нысанда салық міндеттемесін орындау есебіне берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызу нәтижесінде;

      3) Салық кодексінің 490-бабының ережелеріне сәйкес ҚҚС төлеуші салықтың қосымша сомасын есепке жатқызған салық кезеңдері бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы қайтаруға жатпайды.

      8. Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды тұрақты өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеушіге ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуінің барлық сомасы қайтарылуға жатады.

      Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

      1) өткізу қатарынан үш салықтық кезеңде жүзеге асырылғанда;

      2) салықтық кезеңде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымның кемінде 70 (жетпіс) пайызын құрағанда, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету тұрақты өткізу деп танылады.

      Бұл ретте көрсетілген салықтық кезеңдердің әрқайсысында мұндай өткізу тұрақты өткізу деп танылады. Салық кезеңдерінің реттілігі талапта көрсетілген кезеңге қарамастан айқындалады.

      Егер нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымдағы үлесі қатарынан 3 (үш) салық кезеңінің әрқайсысында кемінде 70 (жетпіс) пайызды құраса, онда ҚҚС асып кетуінің барлық сомасы қайтарылуға жатады.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шарттардың бірі орындалмаған кезде, ҚҚС асып кету сомасы нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын кезеңге қарамастан, нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бөлігінде қайтарылуға жатады.

      Бұл ретте ҚҚС сомасының қалған бөлігіне нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші осы Қағидалардың 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде осы Қағидалардың 9, 10, 11-параграфтарының ережелерін қолданады.

      Егер осы тармақтың төртінші, бесінші және алтыншы бөлігінде өзгеше белгіленбесе, тұрақты емес өткізу кезінде қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасы қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасы шегінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы ретінде айқындалады. салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кеткен соманы қайтару туралы талап (бұдан әрі – талап).

      Халықаралық тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін салық төлеушілер бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасы талап берілген салық кезеңі үшін есепке жатқызылған ҚҚС сомасына тасымалдардың жалпы көлеміндегі халықаралық тасымалдардың нақты көлемінің үлес салмағын қолдану жолымен айқындалады.

      Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өз өндірісінің тауарларын өткізуді жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасы келесі тәртіппен айқындалады:

      нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарлар құнының үлес салмағын осындай тауарларды өткізудің жалпы құнында талап берілген салық кезеңі үшін есепке жатқызылған салық сомасына қолдану жолымен – егер өз өндірісінің тауарлары мен негізгі құралдарды өткізу жөніндегі айналым үлесі жалпы алғанда кемінде 80 (сексен) % – құраған жағдайда салық салынатын айналым;

      басқа жағдайларда-тауарларды өндіру мақсаттары үшін шығыстар бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасына өз өндірісінің тауарларының жалпы құнында нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өз өндірісінің өткізілген тауарлары құнының үлес салмағын қолдану жолымен.

      Осыған ұқсас тәртіп өндірілген пайдалы қазбаларды өткізу кезінде және (немесе) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу кезінде де қолданылады.

      10. Салық кодексінің 129-бабын қолдануға байланысты ҚҚС асып кету сомасы сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы бөлігінде қайтарылуға жатады:

      1) осы Қағидалардың 4-тарауының 9, 10-параграфына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрылысына байланысты;

      2) Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде осы Қағидалардың 4-тарауының 11-параграфына сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілген негіздер бойынша ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында ҚҚС төлеушілер ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес салық өтінішін ұсынады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде салықтық тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – СТБЖ) қолданылады.

      СТБЖ – салықтық тәуекелдерді анықтау, оларды азайту жөніндегі шараларды айқындау мақсатында салықтық әкімшілендіру кезінде МКО жүргізетін іс-шаралар кешені.

      Салық тәуекелі – сақталуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының салық заңнамасын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын орындамау ықтималдығы.

      Салық тәуекелін айқындау үшін МКО-да бар мәліметтер, оның ішінде жария етуге жатпайтын құпия ақпарат қолданылады.

2-тарау. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі жалпы ережелер

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кету соманы (бұдан әрі – талап) портал және (немесе) МКО-ның АЖ арқылы көрсетілетін қызметті берушіге талапты ұсынады. Бұл ретте талап ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.

      Егер ҚҚС төлеуші салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда талап көрсетпесе, онда ҚҚС-тың бұл асып кетуі ҚҚС бойынша алдағы төлемдер есебіне есептеледі немесе Салық кодексінің 65-бабында белгіленген талап қою мерзімі ішінде (бұдан әрі – талап қою мерзімі) қайтаруға ұсынылады.

      13. Егер жеке шотта ҚҚС асып кету сомасының болмауы және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ҚҚС бойынша декларациясының деректері бойынша және (немесе) салық төлеушілер осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ҚҚС төлеушілерге жатпаса, көрсетілетін қызметті алушыны талаптар көрсетілген ҚҚС бойынша декларацияны ұсынғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші талаптарды қараудан бас тарту туралы хабардар етеді.

      14. ҚҚС асып кету соманы қайтару ҚҚС төлеушінің таңдауы бойынша:

      1) осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес оңайлатылған тәртіппен;

      2) осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      15. ҚҚС асып кету сомасын қайтару мынадай:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған ҚҚС асып кету сомасы туралы хабарлама;

      2) шағымдану нәтижелерін ескере отырып, салықтық тексеру актісі;

      3) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес салықтық тексеру актісіне қорытындылар негізде жүргізіледі.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге салықтық өтінішті (бұдан әрі – есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтініш) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде ұсынады.

      17. ҚҚС асып кету соманы қайтару мына мерзімдерде:

      1) талап көрсетіле отырып, ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларация табыс етілген күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оңайлатылған тәртіппен;

      2) тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 4-тарауының 1, 10-параграфтарына сәйкес талаптарды көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету мерзімі өткен күннен кейінгі 55 (елу бес) жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады;

      3) салықтық тексеру актісіне қорытындының негізінде әрбір салық кезеңінің екінші айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей 20 (жиырма) салық кезеңінің ішінде тең үлестермен осы Қағидалардың 4-тарауының 9, 1-параграфтарына сәйкес талап берілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңінен бастап жүргізіледі.

      Салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсан сайын тоқсанның екінші айының 5 (бесінші) күнінен кешіктірілмей жасалады және ҚҚС төлеушіге тапсырылады;

      4) тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша МКО-ны Еуразиялық экономикалық одақға (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері туралы МКО-ның сұрау салуына жауап алған кезде салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.

      Салықтық тексеру актісіне қорытынды жасалады және салық төлеушіге сұрау салуға жоғарыда көрсетілген жауап алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.

      Салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде ҚҚС асып кету сома салықтық тексеру актісіне қорытынды табыс етілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады;

      Осы тармақтың 3) және 4) тармақшасында көрсетілген тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытынды кемінде 2 (екі) данада жасалады:

      мұндай тексеруді жүргізген МКО-ның лауазымды адамдары – қол қойғызып, жеке өзі тапсырған жағдайда қол қояды;

      мұндай тексеруді жүргізген салық органының лауазымды адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы – оны электрондық тәсілмен тапсырған жағдайда куәландырылады.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдерден кейін есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтініш берілген жағдайда, ҚҚС асып кеткен соманы қайтару осындай салықтық өтініш берілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      19. Есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға арналған салықтық өтініштің және көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған есеп айырысу сальдосы бойынша есептің негізінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша МКО-да Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес төлем тапсырмасы жасалады.

      20. ҚҚС асып кетуін қайтару Салық берешегі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына есепке жатқызу және (немесе) аудару жолымен көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

      Салық берешегі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші ҚҚС асып кетуін есепке жатқызуды, бар салық берешегін, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға салықтық өтініш бермей жүргізеді.

      Салықтардың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түрлері бойынша алдағы төлемдер шотына банк шотына және (немесе) есепке жатқызуға осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС асып кету соманың қалдығы қайтарылуға жатады.

      21. Салық кодексінің 122-бабының 4-тармағына сәйкес "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару мерзімінің өтуін айқындау мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті төлем тапсырмасын қазынашылық органдарына ұсынумен аяқталады.

      22. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – негізгі талаптардың тізбесі) айқындалған.

3-тарау. Қосылған құн салығының асып кетуін оңайлатылған тәртіппен қайтару тәртібі

      23. ҚҚС асып кету соманы қайтарудың оңайлатылған тәртібін мынадай көрсетілетін қызметті алушылар қолданады:

      1) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын, өткізу бойынша айналымдар жасаған күнтізбелік жыл ішінде салық мониторингінде тұрған талаптар;

      2) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдары талап берілген салық кезеңі үшін өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 50 (елу) пайызды құрайтын айналымдар.

      24. Оңайлатылған тәртіппен қарауға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау мақсатында осы Қағидалардың 8-тармағының ережелері қолданылады.

      25. ҚҚС асып кеткен сомасы бір мезгілде мынадай:

      1) талап берілген күнге Салық кодексінің 82, 83-баптарында көрсетілген мерзімдерде орындалмаған хабарлама болмаған жағдайда;

      2) салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған талап берілген күннің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде ҚҚС асып кету соманың болуы шарттына сәйкес келген кезде ҚҚС төлеушілерге қайтарылуға жатады.

      26. Егер көрсетілетін қызметті алушының құрылымдық бөлімшелері болса, сондай-ақ талап берілген күні орындалмаған хабарламаның болмауына талдау жүргізіледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушының қайта ұйымдастырылған қатысушысы болса, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға қатысқан барлық тұлғаларға қатысты, оның ішінде ҚҚС бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу мәніне және талап берілген күні орындалмаған хабарламаның болмауына талдау жүргізіледі.

      27. Оңайлатылған тәртіп талапта көрсетілген салық кезеңіне қатысты бір рет қолданылады.

      Егер тиісті салық кезеңіне қатысты бұрын оңайлатылған тәртіппен талап қаралған не тақырыптық салықтық тексеру жүргізілген жағдайда, кейіннен осы кезең бойынша қайтару тек тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      28. Көрсетілетін қызметті алушының өзіне қатысты мынадай фактілер:

      электрондық шот-фактураны жазып берудің тоқтатылғаны;

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – Қылмыстық кодексі) 216 және 245-бабы бойынша, оның ішінде лауазымды адамдарға (қатысушыларға, меншік иелеріне) қатысты қылмыстық іс қозғалғаны;

      талапты қарау күніне орындау мерзімі аяқталмаған салыстырмалы бақылау қорытындылары бойынша жіберілген хабарлама болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкес еместігі туралы хабарлама жіберіледі.

      29. Осы Қағидалардың 23, 25, 26 және 27-тармағында көзделген шарттарға сәйкессіздік белгіленген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкес еместігі туралы хабарлама 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      30. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 23, 24, 25, 26 және 27-тармағында көзделген шарттарға сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті беруші ҚҚС-тың асып кету сомасын СТБЖ қолдануды ескере отырып, есеп айырысу нәтижелерін негізге ала отырып айқындайды.

      Есептеу кезінде деректердің өзектілігі келесі күндердің ең ертерегі бойынша ескеріледі:

      ҚҚС бойынша декларацияны тапсыру мерзімі өткен күннен кейінгі күн;

      қайтару туралы талап ұсынылған күннен бастап 10 (оныншы) жұмыс күні.

      31. Егер оңайлатылған тәртіппен қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасы талапта көрсетілгеннен аз болған жағдайда, келісу кезінде ҚҚС асып кету соманың қалған бөлігі көрсетілетін қызметті алушы тақырыптық салықтық тексерудің нәтижелері бойынша талап етуге құқылы.

      32. Осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген күнге оңайлатылған тәртіп бойынша ҚҚС асып кетуінің қайтарылуға жататын сомасы мынадай тәртіппен ақпараттық жүйелерден алынған деректер негізінде автоматтандырылған есептеуді негізге ала отырып айқындалады:

      1) S1 = P * (T1/T2), мұнда:

      S1 = қайтарылатын ҚҚС сомасы;

      P = оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңдері үшін декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы;

      T1 = оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кетуін қайтаруды ескере отырып, алдыңғы тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған ҚҚС асып кету сомасы;

      T2 = алдыңғы тақырыптық салықтық тексеру жүргізілген талап берілген салық кезеңі үшін алдыңғы тақырыптық салықтық тексерумен белгіленген ҚҚС асып кету сомасы.

      2) S2 = P-R-N, мұнда:

      S2 = қайтарылатын ҚҚС сомасы;

      P = оңайлатылған тәртіппен ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талапта көрсетілген салық кезеңдері үшін декларация бойынша қалыптасқан ҚҚС асып кету сомасы;

      R = тікелей өнім берушілермен өзара есеп айырысу бойынша есепке жатқызылған ҚҚС жалпы сомасы:

      олар бойынша электрондық шот-фактураны жазып беру тоқтатылған;

      адамдарға қатысты, оның ішінде лауазымды адамдарға (қатысушыларға, меншік иелеріне) қатысты Қылмыстық кодексінің 216 және 245-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған;

      заңды күшіне енген сот шешімі негізінде оларды тіркеу (қайта тіркеу) жарамсыз деп танылған;

      олар бойынша орындау мерзімі талапты қарау күніне аяқталмаған салыстырмалы бақылау қорытындылары бойынша хабарлама жіберілген;

      ҚҚС бойынша салық есептілігінде сату бойынша айналым көрсетілмеген.

      Өнім беруші бір мезгілде бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келген кезде осы өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы бір рет ескеріледі.

      N = тікелей жеткізушілер орындамаған салық міндеттемелердің жалпы сомасы (R көрсеткішін есептеу кезінде ескерілген тікелей жеткізушілерді қоспағанда):

      ҚҚС бойынша берешек;

      ҚҚС бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған, мерзімінде орындалмаған сәйкессіздіктер туралы хабарламаларда көрсетілген алшақтықтар.

      Орындалмаған міндеттемелердің сомасы әрбір өнім беруші бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомалары шегінде айқындалады.

      3) оңайлатылған тәртіп бойынша ҚҚС асып кетуінің қайтарылуға жататын сомасы S1, S2 мәндерінің және талап сомасының ең аз сомасы ретінде айқындалады.

      Сонымен қатар, егер S1 немесе S2 мәні теріс болса, онда бұл сома қайтарылмайды.

      33. Жүргізілген есептеулерден кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған ҚҚС асып кету сомасы туралы хабарлама жіберіледі.

      34. Осы Қағидалардың 28, 29 немесе 33-тармақтарында көрсетілген хабарламалардың бірін алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы электрондық түрде портал және (немесе) МҚК АЖ арқылы қосылған құн салығын қайтару тәртібін қолдану шарттарына сәйкес еместігі туралы хабарламадан бас тарту/келісім туралы хатты (жауапты) осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша ұсынады.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыдан осы Қағидалардың 28, 29 немесе 33-тармақтарында көрсетілген хабарламалардың біріне қосылған құн салығын қайтару тәртібін қолдану шарттарына сәйкес еместігі туралы хабарламаға тиісті бас тарту/келісім туралы хаттың (жауаптың) болмауы талапты қарау жөніндегі процестің аяқталуына теңестіріледі.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде кейінгі салық кезеңдерінде талапқа енгізу жолымен ҚҚС асып кетуінің қалған сомасын қайтаруды талап етуге мүмкіндік беріледі.

4-тарау. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі

1-параграф. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару тәртібі

      35. Осы параграфқа сәйкес тақырыптық салықтық тексеру салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кеткен соманы қайтару туралы талап негізінде тағайындалады.

      Сондай-ақ, осы Қағидалардың 9, 11-параграфтарында көзделген жағдайларда тақырыптық салықтық тексеру осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша ұсынылған салықтық өтініш негізінде тағайындалады.

      Тақырыптық салықтық тексеру жүргізуге нұсқама Салық кодексінің 154-бабына сәйкес жазылады.

      Салық органының нұсқамасы электрондық құжат нысанында жазылуы мүмкін.

      Егер тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында көрсетілетін қызметті алушы салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін қажетті құжаттардың барлығын немесе бір бөлігін ұсынбаса, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды ұсыну туралы талап ұсынылады.

      Бұл ретте, негізгі талаптар тізбесіне сәйкес белгіленген үлгіге сәйкес келмейтін құжаттардың және (немесе) құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде құжаттарды ұсыну туралы талап қайта жіберіледі.

      Құжаттарды ұсыну туралы талапты орындау мерзімі осындай талап тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін, бірақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес тыңдауды өткізу мерзімінен кешіктірмей құрайды.

      36. Тексерілетін кезең:

      1) Салық кодексінің 129-бабына сәйкес қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында салық өтінішінде көрсетілген салық кезеңін;

      2) Салық кодексінің 125 және 129-баптарына сәйкес талап берген кезде – салық төлеуші салық кезеңі бойынша талап қойған, ол үшін талап көрсетіле отырып ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салық кезеңі, сондай-ақ салықтың осы түрі бойынша тексерулер жүргізілмеген және талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын салық кезеңдерін;

      3) салық төлеушіге бюджеттен бұрын қайтарылған ҚҚС асып кету сомалардың анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру немесе кешенді салықтық тексеру жүргізілген жағдайда – бұрын ҚҚС асып кету сомалар қайтарылған салық кезеңдерін қамтиды.

      37. Қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде мынадай:

      1) тауарлардың экспорты;

      2) тауардың (лизинг нысанасының) бастапқы құнын өтеу бөлігінде – оған меншік құқығының лизинг алушыға өтуін көздейтін лизинг шарты (келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;

      3) кейіннен қайта өңдеу өнімдерін басқа мемлекеттің аумағына не ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкете отырып, Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау жағдайында Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі (бұдан әрі – ЕДБ) көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына валюталық түсімнің түсуі ескеріледі.

      Салық төлеушінің ЕДБ-дағы банктік шоттарына валюталық түсім бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған өнімді бөлу туралы келісім шеңберінде қызметті жүзеге асыратын, өндірілген тұрақсыз конденсатты Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына өткізетін;

      2) жер қойнауын пайдаланушының роялти және (немесе) өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесін заттай нысанда төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындауы есебінен пайдалы қазбаларды беруді көздейтін өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде теңізде көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.

      38. Валюталық түсім түспеген кезде көрсетілетін қызметті алушының банктік шоттарына валюталық түсім туралы ЕДБ қорытындыларына сәйкес барлық келісімшарттар бойынша расталмаған ҚҚС жалпы сомасы ескеріледі.

      Әрбір нақты келісімшарт бойынша ҚҚС сомасының расталмаған қайтарылуын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


     


      0 мен 1 арасындағы аралықта орнатылады.

      Бұл ретте:

      егер мән 1-ге тең немесе одан көп болса, онда 1 мәні есептеледі,

      егер мән 0-ден аз немесе оған тең болса, онда 0 мәні алынады.

      Көрсетілген есептеудегі мән:

      S = келісімшарт бойынша қайтарумен расталмаған сома;

      P = Салық кодексінің 125-бабына сәйкес қайтарылатын ҚҚС сомасы;

      Rобщ-V = келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңі үшін келісімшарт бойынша іске асырудың жалпы сомасы;

      V = келісім шарт бойынша ЕДБ деректері бойынша валюталық түсімдер түсімдерінің жалпы сомасы;

      Rконтр = тексерілетін кезеңнің келісімшарты бойынша іске асырудың жалпы сомасы;

      R = тексерілетін кезеңнің барлық келісімшарттары бойынша іске асырудың жалпы сомасы.

      39. ҚР аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына және (немесе) ЕАЭО-ның кедендік аумағынан экспортты (шекарадан өту фактісін) айқындау үшін тексерілетін кезеңде МКО АЖ-нен алынған деректерге талдау жүргізіледі.

      40. ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды экспорттау кезінде Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде экспорттың кедендік рәсімінде тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан әкету фактісін растайтын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің кеден органының мәліметтері ескеріледі.

      Тауарларды ЕАЭО-ның басқа мемлекетінің аумағына экспорттау кезінде аумағына тауарлар импортталған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш қағаз жеткізгіште (түпнұсқа немесе көшірме) және (немесе) электрондық нысанда ескеріледі.

      Тауарды әкету фактісі расталмаған жағдайда, тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтарылуға жатпайтын ҚҚС асып кету сомасын есептеу мынадай түрде жүргізіледі:

     


      S = тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтарылғаны расталмаған ҚҚС сомасы;

      D1 = тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштердің деректері бойынша экспортталған тауардың көлемі;

      D2 = МҚҚ АЖ және (немесе) тауарларға жіберілген сұрауларға және (немесе) тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерге жауаптар деректері бойынша экспортталған тауардың көлемі;

      NО = алдыңғы тексерулердің деректерін ескере отырып, салық кезеңінің басындағы тауарлардың қалдықтары бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы;

      Np = салық кезеңінде сатып алынған тауарлар бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы;

      To = алдыңғы тексерулердің деректерін ескере отырып, салық кезеңінің басындағы тауардың көлемі;

      Tp = салық кезеңінде сатып алынған тауардың көлемі, мұнда салық кезеңі салықтық тексеруді жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген салық кезеңі болып табылады.

      Бұл есеп айырысу тауардың әрбір түрі бойынша және әрбір келісімшарт бойынша жүргізіледі. Нәтижелер жинақталады және тауарлар экспортының расталмауына байланысты қайтарылуға жатпайтын ҚҚС асып кету сомасы айқындалады.

      41. Көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты растау мақсатында немесе өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) жазбаша сұрау салуларды мына жағдайларда жібереді:

      электрондық нысанда мұндай құжаттар болмаған немесе электрондық нысандағы құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынылуы;

      экспортқа өткізілген тауарлардың құны осындай тауарлардың импорты кезінде көрсетілген кедендік құннан төмен болуы;

      экспортталатын тауарларды жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың) немесе халықаралық үлгідегі тауарға ілеспе құжаттардың болмауы;

      тауарларды жеткізудің логистикалық бағытының экономикалық негізсіздігі;

      экспортқа өткізілетін тауарлардың құны осындай тауарларды сатып алу құнының 115%-нан кем болуы;

      экспорттық операциялар бойынша шарт тараптарына қатысты немесе экспортталатын тауарға қатысты тыйым салулар мен шектеулер туралы ақпараттың болуы;

      экспорттық операциялар бойынша мәліметтердің анық еместігін көрсететін күмән мен тәуекелдердің өзге де айқын белгілері болуы.

      Салық мониторингінде тұрған салық төлеушілер бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген сұрау салулар Комитетпен келісілгеннен кейін жіберіледі.

      42. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кету сомасының анықтығын айқындау мақсатында:

      1) көрсетілетін қызметті алушылар мен оның өнім берушілерінің салық міндеттемелерін әртүрлі деңгейде азайту тәуекелін анықтау мақсатында "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдамалық есебі қалыптастырылады;

      2) ҚҚС есептеу бойынша салық міндеттемелерін орындаудың толықтығын белгілеу мәніне тікелей жеткізушілерге (көлденең мониторингке қатысушыны қоспағанда) камералдық бақылау жүргізіледі;

      3) МКО АЖ мәліметтері бойынша тікелей жеткізушілерде ҚҚС бойынша берешектің болуы белгіленеді.

      Осы тараудың мақсатында:

      1) қөрсетілетін қызметті алушыға тауарларды тікелей жеткізген, жұмыстарды орындаған және қызметтер көрсеткен өнім беруші;

      2) Егер өзара байланысты тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушілерден сатып алынған ҚҚС бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының үлес салмағы есепке жатқызылған ҚҚС жалпы сомасында 50 (елу) пайыздан астам болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өзара байланысты тарап болып табылатын салық төлеушілердің өнім берушілері.

      Өзара байланысты тараптар деп Салық кодексінің 14-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін өзара қатынастары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар танылады.

      43. "Өнім берушілер бойынша пирамида" талдау есебі электрондық шот-фактураларды, ҚҚС бойынша салық есептілігін және (немесе) МКО-ның ақпараттандыру объектілерінің мәліметтерін зерделеу және талдау негізінде салық органдары жүзеге асыратын электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша салыстырмалы бақылау нәтижелері болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші нәтижесінде өнім берушілердің салықтық міндеттемесін азайтуды белгілеу мақсатында көрсетілетін қызметті алушының өнім берушілердің бүкіл тізбегі бойынша "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастырады:

      салық және (немесе) бухгалтерлік есепте не салық төлеушінің салық есептілігінде көрсетілуге жататын шаруашылық қызмет фактілері (осындай фактілер жиынтығы) туралы, салық салу объектілері туралы мәліметтердің бұрмалануы;

      салық сомасын төлемеу (толық төлемеу) мақсатында мәмілелер жасау;

      шарттың тарабы болып табылмайтын тұлғаның мәміле (операция) бойынша міндеттемені орындауы.

      "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастырудың нәтижесі анықталған салықтық міндеттемесін азайтуды белгілерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушы мен әрбір салық кезеңі үшін әртүрлі деңгейдегі жеткізушілер арасындағы өзара есеп айырысулардың жиынтық кестесі болып табылады.

      44. "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастыру мақсатында ҚҚС бойынша ұсынылған салық есептілігі және (немесе) ҚҚС асып кетуін қайтаруға талап берілген салық кезенінің 2 (екінші) айының 20-шы (жиырмасыншы) күніне деректердің өзектілігімен салық кезеңі үшін ақпараттық жүйелердің мәліметтері пайдаланылады.

      Мұндай мәліметтерді жинау (жинақтау) және "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастыру талап берілген салық кезеңінің үшінші айының 10 (оныншы) күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастырғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тікелей жеткізушілердің тізбесін айқындау мақсатында "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебіне талдау жүргізіледі, олар бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізуге сұрау салулар жіберіледі.

      "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебі барлық тексерілетін кезең үшін, талапта көрсетілген салық кезеңдері бөлінісінде қалыптастырылады.

      45. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тікелей өнім берушілердің салық міндеттемелерін азайту белгілерінің бар-жоғын анықтаған кезде 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық міндеттемелерін азайту белгілерінің көрсетілетін қызметті алушы мен оның тікелей өнім берушісі арасындағы мәмілелермен өзара байланысы туралы қосымша ақпарат алу мақсатында қарсы салықтық тексерулер жүргізуге сұрау салуды жіберу туралы шешім қабылдайды.

      Тақырыптық салықтық тексеру барысында өзге де мәселелер туындаған кезде сұрау салуда операциялар туралы қосымша ақпарат алу, қарсы тексеру нәтижелері бойынша операциялардың фактісі мен мазмұнын растау мақсатында осындай мәселелердің тізбесі қосымша көрсетіледі.

      46. Қарсы салықтық тексерулер жүргізуге сұрау салуларды жіберу туралы шешім қабылдау мақсатында мынадай тікелей өнім берушілермен өзара есеп айырысу салық міндеттемелерін азайту тәуекелдері болып табылмайды:

      1) тексерілетін кезең үшін барлық жазып берілген шот-фактуралар бойынша ҚҚС жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және "Өнім берушілер бойынша пирамида" есебін қалыптастыру күніне қолданыста болған 300 (үш жүз)-еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын;

      2) болашақта оларды сатып алушы экспорттайтын электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды қоспағанда, электр және жылу энергиясын, суды және (немесе) газды жеткізуді жүзеге асыратын;

      3) байланыс қызметтерін жеткізуді жүзеге асыратын;

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) негізінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын;

      5) салық мониторингінде тұрған;

      6) тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания болып табылатын № 376 "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы".

      Осы Қағидалардың 47-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тікелей өнім берушілердің осы санаттары бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізуге сұрау салулар жіберілмейді.

      47. Қарсы салықтық тексерулер жүргізуге арналған сұрау салулар міндетті түрде мынадай:

      1) Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптары бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша өтетін;

      2) электрондық шот-фактураларды жазып беруі тоқтатыла тұрған;

      3) салық міндеттемелерінің төмендеуінің тікелей белгілері бар тікелей өнім берушілер бойынша жіберіледі.

      48. Камералдық бақылау жүргізу кезінде сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша ҚҚС сомасын салық кезеңі үшін тікелей жеткізушіде ҚҚС бойынша салық есептілігінде көрсетілген мәліметтері мен салық төлеушінің жекелеген санаттарымен жазып берілетін шот-фактуралардың ерекшеліктерін ескере отырып, тікелей жеткізушінің барлық жазылған шот-фактуралары бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі мәліметтері арасындағы салыстыру арқылы төмендету түріндегі алшақтықтар анықталады.

      49. Камералдық бақылауды жүргізу мақсаттары үшін ҚҚС бойынша табыс етілген салық есептілігі және (немесе) ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету мерзімі өткен күннен кейінгі күнге деректердің өзектілігімен салық кезеңі үшін МКО АЖ-лердің мәліметтері пайдаланылады.

      Камералдық бақылау барлық тексерілетін кезеңде, салық кезеңдері бөлігінде жүргізіледі.

      Деңгейлес мониторингке қатысушыны қоспағанда, тікелей өнім берушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған кезде, МКО талап берілген тоқсанның үшінші айының 10-ші (он) күнінен кешіктірмей Салық кодексінің 137-бабына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жіберіледі.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша:

      сол бұзушылықтар бойынша бұрын жіберілген хабарлама болған;

      тексерілетін кезең үшін барлық жазып берілген шот-фактуралар бойынша ҚҚС-тың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және камералдық бақылауға талдау жүргізу күніне қолданыста болған АЕК 300 (ұш жұз)-еселенген мөлшерінен аспаған;

      олар бойынша өнім берушінің салық есептілігі мәліметтерінің және электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің мәліметтері арасында өнім берушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша алшақтықтар 100 (жүз) мың теңгеден кем болған кезде анықталған алшақтықтар туралы хабарлама жіберілмейді.

      Хабарламалар тікелей жеткізушілерге жіберілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сұрауы бойынша жіберілген хабарламалардың тізілімі ұсынылады.

      50. Көрсетілетін қызметті беруші тексеру басталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тікелей жеткізушілердің ҚҚС бойынша берешегінің болуын ҚҚС төлеу мерзімі өткен күннен кейінгі күнге белгілейді.

      Тікелей жеткізушілердің ҚҚС бересі туралы ақпарат 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сұрауы бойынша ұсынылады.

      51. Тақырыптық салықтық тексеру аяқталатын күнге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ҚҚС асып кеткен соманың дұрыстығын растаған кезде:

      1) осы Қағидалардың 45, 47-тармақтарына сәйкес қарсы тексерулер жүргізу туралы сұрау салулар алған МКО сұрау салуларға жауап жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші:

      тексерілетін кезең үшін ҚҚС бойынша салық міндеттемелерін есептеудің дұрыстығын және орындалуының толықтығын белгілейді;

      көрсетілетін қызметті алушы мен оның тікелей жеткізушілері арасындағы салықтық міндеттемелердің төмендеуінің расталған белгілерімен тікелей жеткізушілер арасындағы мәмілелердің өзара байланысы тұрғысынан қарсы салықтық тексерулер жүргізу туралы сұрауларға алынған жауаптарға талдау жүргізеді;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарламалардың орындалуына талдау жүргізеді;

      тікелей жеткізушілердің ҚҚС бойынша бұрын белгіленген берешегін өтеуді белгілейді, сондай-ақ тікелей жеткізушілердің ҚҚС бойынша көрсетілген күнге және ҚҚС төлеу мерзімі өткен күннен кейін құрылған берешегінің болуын белгілейді;

      осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес валюталық түсімнің түсуін есептейді;

      осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес экспорттың кедендік рәсімінде тауарларды ҚР аумағынан ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің аумағына және ЕАЭО-на мүше мемлекеттер емес елдердің аумағына әкету фактісін айқындайды;

      шет мемлекеттердің сұрауларына алынған жауаптарға талдау жүргізеді.

      52. Талдау қорытындысы бойынша мынадай тәртіппен қайтарылуға жатпайтын ҚҚС асып кеткен сома белгіленеді:

      F=R+K+V+E+D

      мұндағы:

      F = қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кеткен сома;

      R = тікелей жеткізушілермен өзара есеп айырысу бойынша есепке жатқызылған ҚҚС жалпы сомасы, олар бойынша:

      осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген күні орындалу мерзімі аяқталмаған көрсетілетін қызметті алушымен өзара есеп айырысу бойынша тікелей өнім берушінің атына салыстырмалы бақылау қорытындылары бойынша жіберілген хабарлама болған кезде қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салуларға жауаптар жоқ;

      осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген күнге есептік құжаттаманың орналасқан жері және (немесе) жоғалуы бойынша өнім берушінің болмауына байланысты қарсы тексеру жүргізілмеген;

      қылмыстық істі тоқтату жағдайларын қоспағанда, Қылмыстық Кодекстің 216 және 245-баптары бойынша (Қылмыстық Кодекстің 216-бабы бойынша оңалту негіздері бойынша тоқтату кезінде) қылмыстық қудалау органының қылмыстық істің мәртебесі туралы мәліметтерін алу күніне қылмыстық іс қозғалды;

      осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген күнге электрондық шот-фактуралар жазып беру тоқтатылды.

      Өнім беруші бір мезгілде бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келген кезде осы өнім берушімен өзара есеп айырысу бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасы бір рет ескеріледі.

      K = (R есептеу кезінде ескерілген жеткізушілерді қоспағанда) тікелей жеткізушілер орындамаған міндеттемелердің жалпы сомасы:

      осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген күнге тікелей жеткізушілердің ҚҚС бойынша өтелмеген бересі;

      камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған осы Қағидалардың 49-тармағына сәйкес жіберілген және осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген күні орындалмаған сәйкессіздіктер туралы хабарламаларда көрсетілген сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша ҚҚС сомасын төмендету.

      K көрсеткіші есепке жатқызылған ҚҚС сомалары шегінде әрбір тікелей өнім берушінің орындалмаған міндеттемелерінің сомаларын қосу жолымен айқындалады (жағдайлардың бірі расталуға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау үлгісі осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген).

      Бұл ретте, егер өнім беруші көрсетілетін қызметті алушының өзара байланысты тарабы болып табылса және ҚҚС асып кетуін қайтаруға талап қоятын ҚҚС төлеуші болып табылса, онда оның өнім берушілерінің орындалмаған міндеттемелерінің сомасы қайтаруға жатпайтын ҚҚС сомасын айқындау кезінде есепке алынбайды.

      V = осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес айқындалған валюталық түсімнің түспеуіне байланысты қайтаруға расталмаған ҚҚС асып кету сомасы;

      E = осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес айқындалған экспортты растамауға байланысты қайтаруға расталмаған ҚҚС асып кету сомасы;

      D = өзара есеп айырысулардың дұрыстығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге шет мемлекеттердің мемлекеттік және өзге де органдарына (ұйымдарына) жіберілген сұрау салуларда көрсетілген – осындай сұрау салуға жауап болмаған жағдайда осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген күнге операциялар бойынша ҚҚС мөлшерлемеларын қолдану жолымен айқындалған ҚҚС-тың жалпы сомасы.

      Қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кету сомасын есептеу талапта көрсетілген салық кезеңдері бойынша жүргізіледі.

      53. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасы әрбір салық кезеңі бойынша мынадай тәртіппен жеке есептеледі:

      S = P-F-U, мұндағы

      S = қайтарылатын ҚҚС сомасы;

      P = талапта көрсетілген салық кезеңі үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша белгіленген ҚҚС асып кеткен сомасы;

      F = осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС асып кеткен сомасы;

      U = бұрын жеңілдетілген тәртіппен және алдыңғы тақырыптық салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомасы.

      S теріс мәні болған жағдайда, бұрын қайтарылған ҚҚС сомасы болған жағдайда, мұндай соманы көрсетілетін қызметті алушы бюджеттен қайтарылған күннен бастап бюджетке есептелген күнге дейінгі әрбір күн үшін өсімпұл есептей отырып, бюджетке төлеуге тиіс.

      Бұрын қайтарылған ҚҚС сомасы болмаған жағдайда, мұндай соманы көрсетілетін қызметті алушы бюджетке төлеуге жатпайды.

      Әрбір салық кезеңі бойынша тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сома талапта көрсетілген ҚҚС асып кеткен сомадан аспауға тиіс.

      Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС асып кетуінің жалпы сомасы тақырыптық салықтық тексеру актісін жасау күніне дербес шоттағы ҚҚС асып кету сомасынан аспауға тиіс.

      54. Тақырыптық салықтық тексерудің қорытындылары бойынша ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау бойынша ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдауды жүзеге асыра отырып, тақырыптық салықтық тексеру актісі жасалады.

      Бұл ретте тақырыптық салықтық тексеру актісі алдын ала актіге берілген қарсылықты ескере отырып, Салық кодексінің 170-бабының талаптарына сәйкес жасалады.

      55. Тақырыптық салықтық тексеру актісінде әрбір себеп бойынша жеке расталмаған соманы көрсете отырып, ҚҚС асып кету сомасын қайтармау негіздері көрсетіледі.

      Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС асып кету сомасы салық төлеушінің талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде кейінгі салық кезеңдерінде талапқа енгізуі жолымен расталмау себептері жойылуына қарай қайтарылуға жатады.

      56. Бұрын бюджеттен қайтарылған ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында ҚҚС асып кету сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізілуі мүмкін. Бұл мәселе кешенді салық тексеруге де енгізілуі мүмкін.

      Мұндай салықтық тексерулерді жүргізу барысында Салық кодексінің 166-бабының және осы Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

2-параграф. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін, шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарлардың қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу тәртібі

      57. Салық кодексінің 470 және 471-бабын қолдануға байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 38 және 40-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тараудың 1-параграфының ережелері қолданылады.

      58. Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – АЭА) аумағына өткізілетін тауарларды жеткізуші болып табылатын көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтару АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру кезінде нақты тұтынуға әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі.

      59. Көрсетілетін қызметті беруші талап негізінде тағайындалған тақырыптық тексеруді жүргізу барысында тақырыптық салықтық тексеру басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      әкелінген тауарлар бөлігі бойынша еркін кеден аймағының кедендік рәсімінде (бұдан әрі – ЕКА кедендік рәсімі) тауарлар шығаруды жүзеге асырған МКО-да АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыру мақсатында АЭА қатысушысының АЭА аумағына әкелінген тауарларды тұтыну фактісін растау үшін, сондай-ақ АЭА аумағында тауарлардың іс жүзінде тұтынылуын растау үшін;

      осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу үшін, қарсы тексеру шеңберінде АЭА қатысушысының орналасқан жері бойынша МКО-да операциялардың фактісі мен мазмұнын растау үшін сұрау салулар жібереді.

      60. ЕКА кедендік рәсімінде тауарлар шығаруды жүзеге асырған, сұрау салуды алған МКО мұндай сұрау салуды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жауап жібереді.

      Бұл ретте жауапта АЭА аумағына әкелінген тауарлардың құны бойынша мәліметтер, МКО АЖ-ның қолданыста бар мәліметтері және АЭА қатысушысы ұсынған деректер негізінде АЭА құру мақсаттарына жауап беретін қызметтегі іс жүзіндегі тұтыну көрсетіледі.

      61. Қайтаруға жататын ҚҚС сомасын айқындау кезінде ЕКА кедендік рәсімінде тауарларды шығаруды жүзеге асырған МКО мәліметтері және қарсы салықтық тексерулердің нәтижелері ескеріледі.

      62. Салық бақылауы шеңберінде көрсетілетін қызметті алушының ЕКА кедендік рәсімімен орналастырылған АЭА аумағына әкелінген тауарларды іс жүзінде тұтыну шарттарын орындамау фактісі анықталған кезде тауарлар салық салынатын импорт болып танылады және импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген күннен бастап өсімпұл есептеле отырып, тауарларды АЭА аумағына әкелген күннен бастап, ЕАЭО кеден заңнамасында және (немесе) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен және мөлшерде ҚҚС салуға жатады.

      63. Салық салынатын айналымды электрондық шот-фактуралардағы ҚҚС мөлшерлемесін және (немесе) салық есептілігін азайту жағына қарай түзету кезінде бұрын қайтарылған сома Салық кодексінің 125-бабының 11-тармағына сәйкес бюджеттен қайтарылған күннен бастап бюджетке есепке жатқызылған күнге дейінгі әрбір күн үшін өсімпұлдар есептеле отырып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады.

3-параграф. Халықаралық тасымалдарға байланысты қызметтер бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу тәртібі

      64. Салық кодексінің 468 және 522-баптарын қолдануына байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 38 және 40-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      65. Халықаралық тасымалдар бойынша ҚҚС асып кетуін қайтару Салық кодексінің 126-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген шарттарды орындау кезінде талап берілген салық кезеңі үшін есепке жатқызылған ҚҚС асып кету сомасы қайтарылуға жатады.

      Шарттар орындалмаған кезде ҚҚС асып кету сома нөлдік мөлшерлеме бойынша өткізу жөніндегі айналым мақсаттары үшін пайдаланылған халықаралық тасымалдар бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бөлігінде қайтарылуға тиіс.

      Бұл ретте, қайтарылуы тиіс ҚҚС асып кету сомасы халықаралық тасымалдардың физикалық көлемінің жалпы тасымалдау көлеміндегі үлес салмағын талап берілген салық кезеңі үшін есепке жатқызылған ҚҚС сомасына қолдану жолымен есептеледі.

      Физикалық көлем:

      жолаушылар тасымалы үшін – жолаушылар саны;

      жүк тасымалы үшін – тауардың салмағы;

      құбыржолдар үшін – магистральдық құбыржолдар бойынша өткізілген тауардың көлемі;

      қалған санаттар үшін – тиісті салада қолданылатын физикалық көлем.

      Көрсетілгендерден халықаралық тасымалдардың бірнеше санатын бір мезгілде жүзеге асыру кезінде физаикалық көлемнің үлес салмағы әрбір санат бойынша мынадай есеп бойынша жеке есептеледі:

      Nm = Pom/Pov* Psv / Oo*NZ, мұнда

      NM = халықаралық тасымалдаудың әрбір жеке санаты бойынша қайтарылуға тиіс ҚҚС асып кету сома;

      Pom = осы санат бойынша халықаралық тасымалдаудың физикалық көлемі;

      Pov = осы санат бойынша барлық тасымалдардың физикалық көлемі;

      Psv = осы санат бойынша барлық тасымал бойынша салық салынатын айналым;

      Oo = тасымалдаудың барлық түрі мен санаты бойынша салық салынатын айналым;

      Nz = есепке жатқызылған ҚҚС сомасы.

      Осы есеп бойынша айқындалған халықаралық тасымалдаудың әрбір жекелеген санаты бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомалар жинақталады.

      Осы тармақ бойынша барлық есептеу талап берілген салық кезеңі бойынша жүргізіледі.

      66. Мыналар:

      1) жүктерді тасымалдау кезінде:

      халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты және (немесе) тауар-көлік жүкқұжаты;

      халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүктерді темір жолдан су көлігіне ауыстырып тиеумен халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;

      әуе көлігімен – жүк жүкқұжаты (әуе жүкқұжаты);

      теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;

      көліктің екі немесе одан да көп түрімен транзитпен (аралас тасымалдау) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);

      магистральдық құбырлар жүйесі бойынша:

      есептік кезең үшін экспорт және ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі не есептік кезең үшін кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларация;

      экспортер тауарларды импорттаушыдан алған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі (ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің аумағына экспорттаған жағдайда);

      тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттаған салық төлеушіден алынған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің көшірмесі (ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған жағдайда);

      шот-фактуралар (ЕАЭО-да халықаралық тасымалдар жағдайында);

      орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері, сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға – жүктерді қабылдап алу-беру актілері;

      2) жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау кезінде:

      автомобиль көлігімен:

      тұрақты тасымалдау кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жол жүру жолы бойынша автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есептік ведомостар;

      тұрақты емес тасымалдау кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;

      темір жол көлігімен:

      Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;

      Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;

      теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;

      әуе көлігімен:

      бас декларация;

      жолаушы манифесі;

      карго-манифест;

      лоджит (орталық-тиеу графигі);

      жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж түбіртегі);

      халықаралық қатынаста жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:

      жолаушылар пойызының заттай парағы халықаралық тасымалдарды растайтын құжаттар болып табылады.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жасалады.

      67. МКО АЖ-да тауарларды іс жүзінде әкету туралы ЕАЭО-ға мүше мемлекеті кеден органдарының хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 468-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

4-параграф. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерүсті қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілер, мұнай өнімдерін бөлшек сатушылар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу тәртібі

      68. Салық кодексінің 469-бабын қолдануға байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 38 және 40-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тараудың 1-параграфының ережелері қолданылады.

      69. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін ҚҚС-тан асып кетуін әуежайларға, жерүсті қызмет көрсету қызметтерін жеткізушілерге, мұнай өнімдерінің бөлшек сатушыларына қайтаруы халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдары бөлігінде жүргізіледі.

      70. Халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде пайдаланылған жанар-жағармай материалдарын өткізу фактісін растау үшін көрсетілетін қызметті беруші тақырыптық тексеру жүргізу барысында тақырыптық тексеру басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қызметшінің тақырыптық тексеру жүргізуге қатысуы үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға сұрау салу жібереді.

      71. Қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлігінде) мөлшерiн растау үшін тақырыптық салық тексеру жүргізуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметкерінің Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде қорытынды ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынған қорытындысы, шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыруын растау фактi және "Мемлекеттік кірістер органының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзу кезінде шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындыны ұсыну бойынша өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 343 және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қазандағы № 612 бірлескен бұйрығымен бекітілген өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлігінде) мөлшерi ескеріледі.

      72. Бұл ретте, осы Қағидалардың 71-тармағында көзделген қорытынды оларға қатысты ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне ұсынылады.

      73. Осы Қағидалардың 71-тармағында көзделген қорытынды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне тақырыптық тексеру аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

5-параграф. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері болып табылатын көрсетілетін қызметті алушылардың және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғалардың, бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өз өндірісінің шикізатынан аффинирленген алтынды өткізуі бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу тәртібі

      74. Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық салық тексеру жүргізу кезінде Салық кодексінің 472-бабын қолдануға байланысты осы Қағидалардың 38 және 40-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тараудың 1-параграфының ережелері қолданылады.

      75. Бағалы металдарды өндіретін көрсетілетін қызметті алушыға және оны қайта өңдеу нәтижесінде аффинирленген алтынның меншік иелеріне айналған тұлғаларға ҚҚС асып кетуін бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін өз өндірісінің шикізатынан аффинирленген алтынның Ұлттық Банкіне өткізу бойынша қайтаруды растайтын құжаттар болған кезде жүргізіледі:

      1) салық төлеуші мен Ұлттық Банк арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;

      2) Ұлттық Банкке өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      3) Ұлттық Банктің аффинирленген алтынның мөлшерін көрсете отырып, аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.

      76. Салық төлеуші дербес өндірген немесе қайта өңдеу мақсатында өз меншігіне сатып алған шикізат өз өндірісінің шикізаты болып табылады.

6-параграф. Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, оның шарттарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге өз өндірісінің тауарларын өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу тәртібі

      77. Салық кодексінің 473-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналым жасау кезінде ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолдануға байланысты көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 38 және 40-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      78. Көрсетілетін қызметті алушыға тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде Салық кодексінің 473-бабының 1-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолданудың заңдылығы міндетті түрде тексеріледі, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің "Талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" 2025 жылғы 29 қазандағы № 414-н/қ бұйрығымен бекітілген талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесінде сатып алушының болуын;

      бухгалтерлік есеп деректері, бухгалтерлік құжаттар және МКО-да бар басқа да мәліметтер бойынша сатылған тауарды өндіру фактісін, сондай-ақ осындай тауарға шығарылған жері сертификатының болуын;

      жеткізілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындау үшін көзделгенін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды жеткізуге арналған шарттың болуын;

      Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттар көшірмесінің болуын;

      Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттар көшірмесінің болуын тексеріледі.

      79. Жасалған операциялар туралы қосымша ақпарат алу, ҚҚС нөлдік мөлшерлемесімен салық салынған тауарларды өткізу жөніндегі операциялардың фактісі мен мазмұнын растау мақсатында тексеру басталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілермен қарсы тексерулер жүргізуге сұрау салулар жіберіледі.

      Мұндай сұрау салуда міндетті түрде мынадай мәселелер:

      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа, өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) сәйкес импорт кезінде ҚҚС-тан босатылатын импортталатын тауарлар тізбесінде өткізілген тауардың болуы;

      жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің өткізілген тауарды алу фактісі;

      жеткізілген тауарларды жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындау үшін пайдалану көрсетіледі.

      80. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілермен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге арналған сұрау салуларға жауаптар алынбаған кезде, қайтаруға жатпайтын ҚҚС асып кету сомасы операциялар жасалған күні қолданыста болған ҚҚС мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады.

7-параграф. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағына Салық кодексінің 755-бабы 1-тармағында көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өткізген тұрақсыз конденсатты өткізу бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргізу тәртібі

      81. Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде Салық кодексінің 473-бабының 2-тармағын қолдануға байланысты осы Қағидалардың 38-тармағын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      82. Көрсетілетін қызметті алушыға тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде Салық кодексінің 473-бабының 2-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолданудың құқыққа сыйымдылығы міндетті түрде тексеріледі, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты жеткізуге арналған шарттың (келісімшарттың);

      құбыржол жүйесі бойынша өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштерді алу актісі;

      құбыржол жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдап алу-беру актісінің болуы тексеріледі.

      83. электрондық шот-фактураларда көрсетілген сатылған тұрақсыз конденсат көлемі осы Қағидалардың 82-тармағында көрсетілген құжаттардағы көлемге сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органдарға тиісті сұрау салулар жіберіледі.

      84. Осы Қағидалардың 83-тармағына сәйкес жіберілген сұрау салуларға жауаптар алынбаған кезде, қайтарылуға жатпайтын ҚҚС асып кету сомасы операциялар жасалған күні қолданыста болған ҚҚС мөлшерлемесін қолдану жолымен айқындалады.

8-параграф. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде қызметті жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті алушының осы салық төлеуші бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен және осындай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағында қайта өңделген алыс-беріс шикізатынан қайта өңдеу өнімдерін өткізуі бойынша қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу тәртібі

      85. Көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық тексеру жүргізу кезінде Салық кодексінің 473-бабының 3-тармағын қолдануға байланысты осы Қағидалардың 4-тарауы 1-параграфының ережелері қолданылады.

      86. Көрсетілетін қызметті алушыға тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде Салық кодексінің 473-бабының 3-тармағына сәйкес ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін қолданудың құқыққа сыйымдылығы міндетті түрде тексеріледі, оның ішінде:

      алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттардың (келісімшарттар);

      негізінде қайта өңдеу өнімдерін өткізу жүзеге асырылатын шарттардың (келісімшарттар);

      алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттардың;

      Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына алыс-беріс шикізатын әкетуді растайтын тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің;

      тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына магистральдық құбыржол жүйесі бойынша алыс-беріс шикізатын әкету кезінде-осындай алыс-беріс шикізатын қабылдап алу-беру актісінің;

      аумағында алыс-беріс шикізатын өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің сатып алушы – салық төлеушісіне қайта өңдеу өнімдерін жөнелтуді растайтын құжаттардың;

      сатылған қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің Қазақстан Республикасының аумағында ЕДБ-дағы салық төлеушінің банктік шоттарына түскенін растайтын құжаттардың;

      Салық кодексінің 523-бабының 8-тармағында көзделген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік орган қорытындысының болуы тексеріледі.

      87. Қайтаруға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде МКО-ның сұрау салуы бойынша ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері ескеріледі.

Параграф 9. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты көрсетілетін қызметті алушы сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу тәртібі

      88. ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау мақсатында ҚҚС төлеуші Салық Кодексінің 129-бабының 7-тармағында көзделген жағдайлар басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.

      89. Осы Қағидалардың 10-параграфында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда, Салық Кодексінің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар бойынша осы параграфқа сәйкес тақырыптық салықтық тексеру:

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған салықтық өтініш;

      ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетілген талаптар.

      Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 38 және 40-тармақтарын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      90. Осы параграф шеңберінде талап ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру жүргізілген салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.

      91. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге:

      салықтық өтінішіте;

      талап қою мерзімі шегінде салықтың осы түрі бойынша тексерулер жүргізілмеген осындай талап пен салық кезеңдерін көрсете отырып, декларация табыс етілген салық кезеңдерін қоса алғанда, талап қоюда көрсетілген кезең енгізіледі.

      Салық кодексінің 166-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тексерілетін кезеңде бастапқыда табыс етілген салық өтініші немесе талап болған кезде (бұрын табыс етілген салық өтініші болмаған кезде) талап қою мерзімі шегінде өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы басталған кезең енгізіледі.

      92. Тақырыптық салықтық тексеру аяқталғаннан кейін Салық кодексінің 129-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытынды жасалады.

      Тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытынды салық кезеңінен кейінгі тоқсанның екінші айының 5 (бесінші) күнінен кешіктірілмей жасалады.

      Әрбір салықтық кезеңнің екінші айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей Салық кодексінің 129-бабы 9-тармағының 1) тармақшаларына сәйкес талап берілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап 20 (жиырма) салықтық кезеңнің ішінде тең үлестермен ҚҚС қайтарылуға жатады.

      93. Тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның екінші айының 5 (бесінші) күнінен кешіктірілмей, саны кемінде 2 (екі) данада жасалады. Тақырыптық тексеру актісіне қорытындының 1 (бір) данасы көрсетілетін қызметті алушыға тапсырылады, ол көрсетілген тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытындыны алғаны туралы екінші данаға белгі қояды.

      Бұл ретте тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытынды:

      1) қолын қойдырып табыс еткен жағдайда – салық органының осындай тексеруді жүргізген лауазымды адамдары қол қояды;

      2) электрондық тәсілмен табыс еткен жағдайда – МКО-ның осындай тексеруді жүргізген лауазымды адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.

      94. Осы параграфтың ережелері Салық кодексінің 126-бабына сәйкес қайтарылуы жүзеге асырылатын ҚҚС-тың асып кету сомасына, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтарған кезде қолданылмайды.

10-параграф. Қосылған құн салығының асып кетуін, құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 150 000 000 еселенген мөлшерінен асатын инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару сомасының анықтығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізудің тәртібі

      95. Осы параграфқа сәйкес тақырыптық салықтық тексеру Салық кодексінің 129-бабының 7-тармағының 2) тармақшасын қолдануға байланысты талап негізінде тағайындалады.

      Талап мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдағаннан кейін инвестициялық жоба шеңберінде жүргізілген, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының актісіне қол қойылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.

      Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 38 және 40-тармақтарын қоспағанда, 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      96. ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының талабы бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде осындай талап көрсетілген декларация ұсынылған салық кезеңдері және талап ету мерзімі шегінде салықтың осы түрі бойынша тексеру жүргізілмеген салық кезеңдерін қоса алғанда осы параграф шеңберінде тексерілетін кезеңге енгізіледі.

      Бастапқыда талап ұсынылған кезінде Салық кодексінің 166-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес тексерілетін кезеңге талап қою мерзімі шегінде өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы басталған кезең енгізіледі.

      97. Құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы АЕК-тің 150 000 000 (150 миллион)-еселенген мөлшерінен асатын инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрылысына байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының бөлігінде қайтарылуға жататын ҚҚС асып кету сомасын айқындау кезінде Салық кодексінің 129-бабы 2-тармағының 2) тармақшасының ережелерін ескере отырып қолданылады.

      98. Осы параграфтың ережелері Салық кодексінің 126-бабына сәйкес қайтарылуы жүзеге асырылатын ҚҚС-тың асып кету сомасына, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтарған кезде қолданылмайды.

      99. Салық кодексінің 129-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұрын бюджеттен қайтарылған ҚҚС-тың асып кету сомасы, жобада көрсетілген мерзімде құрылыс аяқталмаған жағдайда, салық төлеуші бюджеттен қайтарылған күннен бастап бюджетке есептелген күнге дейінгі әрбір күн үшін өсімпұлдар есептей отырып, бюджетке төлеуге жатады.

Параграф 11. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде көрсетілетін қызметті алушы сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан қосылған құн салығының асып кетуін қайтару сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық салық тексеру жүргізу тәртібі

      100. ҚҚС асып кету сомасының дұрыстығын растау мақсатында ҚҚС төлеуші Салық Кодексінің 129-бабының 7-тармағында көзделген жағдайлар басталғанға дейін салық өтінішін табыс етуге құқылы.

      101. Салық кодексінің 129-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар бойынша осы параграфқа сәйкес тақырыптық салықтық тексеру:

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған салықтық өтініш;

      ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетілген талаптар негізінде тағайындалады.

      Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 38 және 40-тармақтарын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тарауының 1-параграфының ережелері қолданылады.

      102. Егер геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде салық төлеуші сатып алған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС асып кетсе, ҚҚС-тың мұндай асып кету сомасын қайтару Салық кодексінің 129-бабының 9-тармағында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңі деп Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталған күні арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.

      103. Осы параграф шеңберіндегі талап кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалар экспортының басталу күні келетін салықтық кезеңнен кейінгі салық кезеңдері үшін ҚҚС бойынша кезекті декларацияда көрсетіледі.

      104. Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде тексерілетін кезеңге:

      салықтық өтініште;

      талап қою мерзімі шегінде салықтың осы түрі бойынша тексерулер жүргізілмеген осындай талап пен салық кезеңдерін көрсете отырып, декларация табыс етілген салық кезеңдерін қоса алғанда, талап қоюда көрсетілген кезең енгізіледі.

      Салық кодексінің 166-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тексерілетін кезеңде бастапқыда табыс етілген салық өтініші немесе талап (бұрын табыс етілген салық өтініші болмаған кезде) кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасалған кезең енгізіледі.

      105. Салық кодексінің 129-бабын қолдануға байланысты салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан ҚҚС асып кетуі тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС асып кетуінің жинақталған сомасының анықтығы расталған салықтық кезеңнен бастап тең үлестермен 20 (жиырма) салықтық кезең ішінде қайтарылуға жатады.

      106. Салықтық тексеру аяқталғаннан кейін Салық кодексінің 129-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытынды жасалады.

      Тақырыптық салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсанның екінші айының 5 (бесінші) күнінен кешіктірілмей жасалады, Салық кодексінің 129-бабы 9-тармағының 1) тармақшаларына сәйкес талап берілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап әрбір салықтық кезеңнің екінші айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірілмей 20 (жиырма) салықтық кезеңнің ішінде тең үлестермен қайтарылуға жатады.

      107. Салықтық өтініш бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізу кезінде осы Қағидалардың 3-тарауын қоспағанда, осы Қағидалардың 4-тарауында көзделген ұқсас ережелер қолданылады.

      Бұл ретте салықтық өтініш бойынша тағайындалған тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша расталған ҚҚС асып кетуінің жалпы сомасы салықтық өтініште көрсетілген ҚҚС сомасынан және тақырыптық салықтық тексеру аяқталған күні тексерілетін көрсетілетін қызметті алушының дербес шотындағы ҚҚС-тың асып кету сомасынан аспауға тиіс.

      Осы тармақта көрсетілген тақырыптық салықтық тексеру Салық кодексінің 163-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      108. Осы параграфтың ережелері Салық кодексінің 126-бабына сәйкес қайтарылуы жүзеге асырылатын ҚҚС-тың асып кету сомасына, сондай-ақ оңайлатылған тәртіпті қолдануға құқығы бар көрсетілетін қызметті алушыға ҚҚС асып кетуін қайтарған кезде қолданылмайды.

      109. Егер көрсетілетін қызметті алушының жеке шотында және (немесе) ҚҚС бойынша декларациясының деректері бойынша ҚҚС-тың асып кету сомасының болмауы анықталса және (немесе) салық төлеуші осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ҚҚС төлеушілерге жатпаса, көрсетілетін қызметті беруші талаптарды көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияны ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны талаптарды қараудан бас тарту туралы хабардар етеді.

5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі

      110. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелерімен келіспеген жағдайда Салық кодексінің 18-тарауында айқындалған тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы көрсетілетін қызметті алушыға салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға беріледі.

      Көрсетілген мерзімді дәлелді себептермен өткізіп алған кезде, бұл мерзімді көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша шағымды қарайтын уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы шағымның көшірмесін салықтық тексеру жүргізген МКО-дарына ұсынады.

      111. Көрсетілетін қызметті алушы МКО лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) ӘРПК-де көзделген тәртіппен шағым жасайды.

      Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      112. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына немесе мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына шағым беруге құқылы.

      Мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

  Қосылған құн салығы
сомасының асып кетуін
қайтару қағидаларына
1-қосымша

"Бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтару" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, еркін экономикалық аймағының (бұдан әрі – АЭА) аумағындағы аумақтық органдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, АЭА аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" өзі келу тәртібімен немесе веб-порталы (бұдан әрі – портал) және (немесе) мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) ақпараттандыру объектісі - ақпараттық жүйелері (бұдан әрі – АЖ) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кетуін қайтару келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1) оңайлатылған тәртіпте талап көрсетіле отырып, ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салықтық кезең үшін ҚҚС бойынша декларация табыс етілген күннен кейінгі 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
2) тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 4-тарауының 1, 10-параграфтарына сәйкес талаптарды көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларацияны табыс ету мерзімі өткен күннен кейінгі 55 (елу бес) жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады;
3) осы Қағидалардың 4-тарауының 9, 10-параграфтарына сәйкес ҚҚС асып кетуін қайтару талап берілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап тең үлестермен салықтық тексеру актісіне 20 (жиырма) салықтық кезеңнің қорытындысы негізінде әрбір салықтық кезеңнің екінші айының 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды тоқсан сайын тоқсанның екінші айының 5 (бесі) күнінен кешіктірілмей жасалады және ҚҚС төлеушіге тапсырылады;
4) тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша салық органы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық қызметі қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты жүзеге асырған тексеру нәтижелері туралы салық органының сұрау салуына жауап алған кезде салықтық тексеру актісіне қорытынды жасайды.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды сұрау салуға жауап алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады және салық төлеушіге табыс етіледі.
Салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде ҚҚС-тың асып кету сомасы салықтық тексеру актісіне қорытынды табыс етілген күннен кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жеткізгіште - өзі келу тәртібімен

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Салық кодексінде көзделген ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтару кезінде:
1) мыналар:
ҚҚС бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасында ҚҚС төлеуші болып табылмайтын бейрезиденттен жұмыстар, қызметтер алған кезде төлеуге жататын ҚҚС есебіне, импортталатын тауарларға ҚҚС есебіне;
салық төлеушінің салық және (немесе) бюджетке төленетін төлемдерінің өзге де түрлері бойынша;
салық төлеушіде ҚҚС, салықтардың және төлемдердің өзге де түрлері бойынша салықтық берешегі болмаған жағдайда заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің салық және (немесе) бюджетке төленетін төлемдерінің өзге де түрлері;
2) салықтық берешегі болмаған жағдайда, салықтардың және төлемдердің өзге түрлері бойынша (талап ету бойынша) алдағы төлемдердің есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу;
3) салық берешегі болмаған кезде салық төлеушінің банк шотына ҚҚС асып кетудің қалған сомасын қайтару бойынша салықтық берешекті өтеу есебіне ҚҚС асып кету сомасын есепке жатқызу.
дәлелді бас тарту кезінде:
1) тақырыптық тексеру актісі негізінде қайтаруға ҚҚС асып кеткен сомасын растамау;
2) ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкес еместігі туралы хабарламаға көрсетілетін қызметті алушыдан тиісті жауаптың болмауы;
3) көрсетілетін қызметті алушыдан ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкестігі туралы хабарламаға ҚҚС қайтарудан бас тарту туралы жауап алу.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Ақпарат нысандары және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушілер – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мерекелер туралы заңы) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 8.30-ден 18.00-ға дейін.
Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) порталда және (немесе) МКО АЖ-да – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне және Мерекелер туралы заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушылардан талап етілетін мәліметтер мен құжаттардың тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге салықтық кезең үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап ҚҚС асып кетуін қайтару үшін белгіленген нысанда ұсынылады.
Тауарлардың экспортын растайтын құжаттар:
1) экспортталатын тауарларды беруге арналған шарт (келiсiмшарт);
2) Салық кодексінің 2-тармағының 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген жағдайлардан басқа, тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімімен орналастыра отырып жүзеге асыратын кеден органының белгiлерi бар, сондай-ақ ЕАЭ-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан Қазақстан Республикасы кеден органының немесе ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің кеден органының белгiсi бар тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
3) экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарлар:
магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы;
уақытша кедендік декларациялау пайдаланылып әкетілген кезде кедендiк декларациялауды жүргiзген кеден органының белгiлерi бар тауарларға арналған толық декларацияның көшiрмесi;
4) тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы немесе электр беру желілері арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-беру актісі ұсынылады;
5) зияткерлік меншік объектісі экспортталған жағдайда – авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның зияткерлік меншік объектісіне құқығы туралы, сондай-ақ оның құнын растауы;
6) тауарлар шығаруды экспорт кедендік рәсімінде жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар, сондай-ақ шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың бақылау-өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларацияның көшірмелері;
7) тауарлар мерзімдік кедендік декларациялау пайдаланылып, экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, тауарларды берудің мәлімделген кезеңі аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістері (толықтырулары) бар, әкетілген тауардың нақты саны туралы мәліметтерді қамтитын тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.
Кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, бұрын ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерге әкетiлген тауарларды немесе олардың қайта өңдеу өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда, экспортты растау Салық кодексінің 467-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімін экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізiлетiн тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
2) кедендік аумақтан тыс жерде қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырыла отырып ресiмделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
3) кедендік аумақта қайта өңдеу (тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу) кедендік рәсімімен орналастырыла отырып, тауарларды шет мемлекеттің аумағына әкелу кезiнде ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған шет мемлекеттің кеден органы куәландырған тауарларға арналған декларацияның көшiрмесi;
4) шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімін шет мемлекеттің аумағында ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне немесе экспорт кедендік рәсіміне өзгерту жүргізілетін тауарларға арналған декларацияның көшірмесі.
Салық органдарының ақпараттық жүйесінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 467-бабы 2-тармағының 2), 3) және 6) тармақшаларында және 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Салық кодексінің 468-бабының мақсаттары үшін мыналар халықаралық тасымалдарды растайтын құжаттар болып табылады:
1) жүктерді тасымалдау кезінде:
халықаралық автомобиль қатынасында – тауар-көлік жүкқұжаты;
халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында және жүкті теміржол көлігінен су көлігіне ауыстырып тией отырып, халықаралық теміржол-су қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжат;
әуе көлігімен – жүкке арналған жүкқұжат (әуе жүкқұжаты);
теңіз көлігімен – коносамент немесе теңіз жүкқұжаты;
көліктің екі немесе одан көп түрімен транзитпен (аралас тасымал) – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент);
магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы:
есеп айырысу кезеңi iшiндегі экспорт және ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдерімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның не есеп айырысу кезеңi iшiндегі кедендік транзиттеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға арналған декларацияның көшірмесі;
орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актiлерi, жүктердi сатушыдан не көрсетілген жүктерді бұрын жеткізуді жүзеге асырған басқа да тұлғалардан сатып алушыға не көрсетілген жүктерді одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа да тұлғаларға қабылдау-беру актiлерi;
2) жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау кезінде:
автомобиль көлігімен:
тұрақты тасымалдар кезінде – Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру билеттерін сату туралы есеп, сондай-ақ жүрі жолындағы автовокзалдар (автостанциялар) жасаған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомостары;
тұрақты емес тасымалдар кезінде – халықаралық қатынаста көлік қызметтерін көрсету туралы шарт;
теміржол көлігімен:
Қазақстан Республикасында сатылған жол жүру, тасымалдау және пошта құжаттарын сату туралы есеп;
Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста сатылған жолаушылар билеттері туралы есеп айырысу ведомосы;
теміржол әкімшіліктері арасындағы жолаушылар тасымалдары үшін өзара есеп айырысу жөніндегі баланстық ведомость пен жол жүру және тасымалдау құжаттарын ресімдеу туралы есеп;
әуе көлігімен:
бас декларация;
жолаушы манифесі;
карго-манифест;
лоджит (орталық-тиеу графигі);
жинақтау-тиеу ведомосы (жол жүру билеті және багаж түбіртегі);
халықаралық қатынаста жолаушылар пойыздарының (вагондарының) жүріп өтуі бойынша көрсетілетін қызмет кезінде:
жолаушылар пойызының заттай парағы.
Құжаттар қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда жасалуы мүмкін.
Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзіндегі әкету туралы хабарламасы бар, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да тауарлардың экспортын растайтын құжат болып табылады. Осы тармақта көзделген, электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 468-бабы 4-тармағының бірінші бөлігі 1) тармақшасының сегізінші абзацында белгіленген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Салық кодексінің 469-бабына сәйкес халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушілер, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) тұрақты рейстерді жүзеге асыру кезінде – әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің шетелдік авиакомпаниямен жанар-жағармай материалдарын өткізуді көздейтін және (немесе) қамтитын шарты;
тұрақты емес рейстерді жүзеге асыру кезінде – шетелдік авиакомпанияның өтінімі және (немесе) әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің шетелдік авиакомпаниямен шарты (келісімі).
Бұл ретте өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
тіркелген мемлекеті көрсетіле отырып, авиакомпанияның атауы;
әуе кемесінің болжамды қону күні.
Форс-мажорлық мән-жайлар салдарынан шетелдік әуе кемесі қонған кезде осы тармақшада көзделген өтінім толтырылмайды.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін:
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс тұрақты рейс деп танылады;
тұрақты болып табылмайтын және әуе тасымалы мақсатында немесе онсыз белгілі бір тапсырыс беруші үшін орындалатын рейс (ұшу) тұрақты емес рейс (ұшу) деп танылады;
2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдарының құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар шетелдік әуе кемесіне жанар-жағармай құюға арналған шығыс ордері немесе талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:
авиакомпанияның атауы;
құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;
әуе кемесіне май құйылған күн;
әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және әуежайдың, жерде қызмет көрсету қызметтерін берушінің, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушінің тиісті қызметінің жанармай құюды жүзеге асырған қызметкерінің қолтаңбалары.
Осы тармақшаның ережелері ЕАЭО-ның және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде қолданылмайды;
3) әуежай, жерде қызмет көрсету қызметтерін беруші, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуші өткізген жанар-жағармай материалдары үшін ақы төлеу фактісін растайтын құжат;
4) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының анықтығын растау бойынша тақырыптық тексеру жүргiзуге қатысатын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйым қызметшісінің шетелдiк авиакомпания әуе кемесiнiң рейстi жүзеге асыру фактiсiн және өткiзiлген жанар-жағармай материалдарының (авиакомпаниялар бөлінісінде) мөлшерiн растайтын қорытындысы.
Бұл ретте ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген рейстер жүзеге асырылған жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi ұйымның қызметшісі осы тармақшада көзделген қорытындыны ұсынады.
Салық кодексінің 470-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толық тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен немесе инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлғамен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) 1) тармақшада көрсетілген ұйымдарға тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) Салық кодексінің 470-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. Салық органдары ақпараттық байланыс арналары арқылы кеден органдарынан алған электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация да нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжат болып табылады. Электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде Салық кодексінің 470-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде салық кодексінің 470-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген тауарларға арналған декларацияның көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Салық кодексінің 471-бабына сәйкес мыналар шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылатын немесе өткізілетін тауарларды өткізу кезінде нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар болып табылады:
1) шектері ЕАЭО-ның кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен және (немесе) тұлғалармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса беріле отырып, тауарларға арналған декларацияның және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) 1) тармақшада көрсетілген ұйымдарға және (немесе) тұлғаларға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
4) Салық кодексінің 471-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Салық кодексінің 472-бабының 1-тармағында көрсетілген нөлдік мөлшерлеме бойынша мыналар салық салынатын айналымды растайтын құжаттар болып табылады:
1) салық төлеуші мен Ұлттық Банк арасында жасалған бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алу-сатудың жалпы талаптары туралы шарт;
2) Ұлттық Банкке өткізілген аффинирленген алтынның құнын растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) аффинирленген алтынның саны көрсетіле отырып, Ұлттық Банктің аффинирленген алтынды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Салық кодексінің 473-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) берілетін тауарлардың жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың, өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) жұмыс бағдарламасын орындауға арналғаны көрсетіле отырып, талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарларды беруге арналған шарт;
2) салық төлеушілерге тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері;
3) салық төлеушілердің тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Салық кодексінің 473-бабының 2-тармағында көрсетілген тұрақсыз конденсаттың өткізілгенін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына әкетілген (әкетілетін) тұрақсыз конденсатты беруге арналған шарт (келісімшарт);
2) құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу актісі;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген тұрақсыз конденсатты қабылдау-беру актісі.
Құбыржолдар жүйесі арқылы өткізілген тұрақсыз конденсаттың мөлшерін есепке алу аспаптарының көрсетілімдерін алу тәртібін көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Салық кодексінің 473-бабының 3-тармағында көрсетілген тауарлардың өткізілгенін растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттар (келісімшарттар);
2) қайта өңдеу өнімдерін өткізудің жүзеге асырылуына негіз болатын шарттар (келісімшарттар);
3) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалу фактісін растайтын құжаттар;
4) алыс-беріс шикізатының Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағына әкетілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Алыс-беріс шикізаты магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы әкетілген жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына осындай алыс-беріс шикізатын қабылдау-беру актісі ұсынылады;
5) аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жүзеге асырылған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің салық төлеушісіне – қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға олардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар;
6) салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ашылған, Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттарына өткізілген қайта өңдеу өнімдері бойынша валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;
7) Салық кодекстің 523-бабының 8-тармағында көзделген, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.
Мемлекеттік кірістер органы жүргізетін салықтық тексеру барысында көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көрсетілген ұсынатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылар ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талапты көрсете отырып, ҚҚС бойынша декларация табыс етілген салықтық кезең, сондай-ақ ҚҚС бойынша салықтық тексерулер жүргізілмеген, бірақ талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын алдыңғы салық кезеңдері үшін қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасының анықтығын растау бойынша ұсынады.
Мемлекеттік қызметті портал немесе АЖ арқылы алған кезде құжаттар электрондық құжат нысанында беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме, егер:
1. Егер жеке шотта және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының ҚҚС бойынша декларациясының деректері бойынша ҚҚС-тың асып кету сомасының болмауы анықталса және (немесе) осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген шарттар бұзылса, көрсетілетін қызметті беруші талап көрсетіле отырып, ҚҚС бойынша декларация ұсынылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде талаптарды қараудан бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
2. Мынадай:
1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар бойынша есепке жатқызылған;
2) салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде, осындай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша есепке жатқызылған;
3) салық төлеуші салықтың қосымша сомасын есепке жатқызған салықтық кезеңдер бойынша қалыптасқан ҚҚС-тың асып кету сомасы қайтарылуға жатпайды.
3. Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша, егер:
1) өнім берушімен және сатып алушымен өзара есеп айырысулардың анықтығын растау үшін қарсы тексерулер жүргізуге берілген сұрау салуларға жауап алынбаса немесе оның ішінде:
тұрған жері бойынша өнім берушінің болмауы;
өнім берушінің есепке алу құжаттамасының жоғалуы себебі бойынша қарсы салықтық тексеру жүргізілмесе;
2) салықтық кезеңде тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікте көрсетілген мәліметтер мен өнім берушінің барлық жазып берілген шот-фактуралары бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіндегі мәліметтер арасындағы салыстыру кезінде өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығы сомасының төмендетілгені анықталса;
3) салықтық тексеру жүргізіліп жатқан салық төлеушіге немесе оның тікелей өнім берушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 216 және 245-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалса;
4) тексерілетін салық төлеуші немесе оның тікелей өнім берушісі бойынша электрондық шот-фактураларды жазып беру тоқтатыла тұрса;
5) тікелей өнім берушіде қосылған құн салығы бойынша бересі болса;
6) валюталық түсім түспесе (толық көлемде түспесе);
7) экспорттау кезінде тауарларды әкету фактісі расталмаса (толық көлемде расталмаса), қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
Тақырыптық салықтық тексеру қорытындысы бойынша ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тыңдауды жүзеге асыра отырып, ҚҚС-тың асып кету сомасының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық салықтық тексеру актісі жасалады.
Бұл ретте салықтық тексеру актісі Салық кодексінің 170-бабының талаптарына сәйкес жасалады.
Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтарылуға жататын ҚҚС-тық асып кету сомасы талапта көрсетілген ҚҚС-тың асып кету сомасынан және салықтық тексеру актісін жасау күніне дербес шоттағы ҚҚС-тың асып кету сомасынан аспауға тиіс.
Тақырыптық салықтық тексеру актісінде әрбір себеп бойынша жеке расталмаған соманы көрсете отырып, ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтармау негіздері көрсетіледі.
Тақырыптық салықтық тексеру нәтижелері бойынша расталмаған ҚҚС-тың асып кету сомасы салық төлеушінің талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде кейінгі салық кезеңдерінде талапқа енгізуі жолымен расталмау себептері жойылуына қарай қайтарылуға жатады.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www.kgd.gov.kz, www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналасқан.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал және (немесе) МКО АЖ арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "Жеке кабинеті", Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Қосылған құн салығы
сомасының асып кетуін
қайтару қағидаларына
2-қосымша
нысан

қосылған құн салығының асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдану шарттарына сәйкес остігі туралы хабарлама

      Күні________________ №__________________

      _________________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      _____________________________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер

      департаменті (Басқармасы)

      _________________________________________________________________________

      (ҚҚС төлеушінің атауы)

      ЖСН\БСН ________________________________:

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 127-бабы 2-тармағында көзделген:

      (керегінің астын сызыңыз)


Салық кодексінің 127-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуіне


Салық кодексінің 127-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуіне


ҚҚС асып кетуін қайтару туралы талап берілген күнге Салық кодексінің 82, 83-баптарында көрсетілген мерзімдерде орындалмаған хабарлама болуына

Нөмірі және күні

Салық түрі







Салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған қайтару туралы талап берілген күннің алдындағы он екі ай ішінде ҚҚС-тың асып кету сомасының болмауына


ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтару қағидаларының 28-тармағында көзделген фактілердің болуына

      байланысты ҚҚС-тың асып кету сомасын оңайлатылған қайтаруды қолдануға құқығының болмауы туралы хабарлайды.

      Сонымен бірге ҚҚС асып кетуін қайтару және ҚҚС сомасының анықтығын растау мақсатында салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес Сіз Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолдануға құқылы екеніңізді хабарлайды.

      Сіз Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тартуыңыз не оған келісуіңіз туралы қабылдаған шешімді мемлекеттік кірістер органына 5 (бес) жұмыс күні ішінде жауап жіберуге тиіссіз. Жауаптың болмауы Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.

      Мемлекеттік кірістер органы басшысының қолы_______________________________

      Мемлекеттік кірістер органы _______________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

  Қосылған құн салығы
сомасының асып кетуін
қайтару қағидаларына
3-қосымша
нысан

Оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған қосылған құн салығының асып кету сомасы туралы хабарлама

      Күні____________ №______________

      _______________________________________________________________________

      (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      ___________________________________________ бойынша Мемлекеттік кірістер

      департаменті (Басқармасы)

      ______________________________________________________________________

      (ҚҚС төлеушінің атауы)

      ЖСН\БСН __________________________________________________________:

      Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, оңайлатылған тәртіппен қайтару

      расталған ҚҚС-тың асып кету сомасы туралы хабардар етеді:

Қатар бойынша

Талап ету сомасы

Талап ету кезеңі

Оңайлатылған тәртіппен қайтару расталған ҚҚС сомасы

300.00.032 I




      Осыған байланысты Сіз уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша Салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге өтінішті ұсынуыңыз қажет.

      Сонымен қатар ҚҚС-тың асып кетуін қайтару қағидаларына сәйкес Сіз Салық кодексінің 126-бабында көзделген______________ теңге сомасында ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолдануға құқылы екеніңізді хабарлаймыз.

      Сіз Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-тың асып кетуін қайтару тәртібін қолданудан бас тартуыңыз не оған келісуіңіз туралы қабылдаған шешімді мемлекеттік кірістер органына 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіссіз.

      Жауаптың болмауы Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС-ты қайтарудан бас тарту фактісі болып табылады.

      Мемлекеттік кірістер органы басшысының қолы______________________________

      Мемлекеттік кірістер органы ______________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

      Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

  Қосылған құн салығы
сомасының асып кетуін
қайтару қағидаларына
4-қосымша
нысан

Хат (жауап) қолдану шарттарына сәйкес остігі туралы хабарламадан бас тарту / келісім туралы

      _________________________________________________________________________

      (ҚҚС төлеушісінің атауы)

      ЖСН/БСН _______________________________________________________________

      Сіздің хабарламаңызға:

      ҚҚС-тың асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолданудан бас тарту туралы





оңайлатылған тәртіппен қайтаруға расталған ҚҚС-тың асып кеткен сомасы туралы







      ХАБАРЛАЙДЫ:

     

1) Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС қайтару тәртібін қолдануға келісу туралы;

     

2) Салық кодексінің 126-бабында көзделген ҚҚС қайтару тәртібін қолданудан бас тарту туралы

      Мемлекеттік кірістер органы басшысының қолы______________________________

      Мемлекеттік кірістер органы ______________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)

Хабарламаның қабылданған күні



Құжаттың кіріс нөмірі



Мемлекеттік кірістер органы коды



      Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

  Қосылған құн салығы
сомасының асып кетуін
қайтару қағидаларына
5-қосымша
нысан

     


     


  Қосылған құн салығы
сомасының асып кетуін
қайтару қағидаларына
6-қосымша
нысан

_______________________________________________________________________ Мемлекеттік органның атауы

      Бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының анықтығын растау бойынша

      20_ жылғы"___"_________ № ____ салықтық тексеру актісіне

      20_жылғы"___"_________№ ____қорытынды

Салық төлеушінің атауы


Жеке сәйкестендіру нөмірі/ Бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)


Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің сериясы мен нөмірі


Қайтару туралы талапты көрсете отырып ҚҚС бойынша декларацияны табыс етілген күн


ҚҚС-тың асып кетуін қайтару туралы талапты көрсете отырып ҚҚС декларациясы татыс етілген салықтық кезең

20___ жылғы ___тоқсан

ҚҚС бойынша декларациясында көрсетілген талап бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы


ҚҚС-тың асып кету сомасын қайтару туралы талапты ұсынған салықтық кезең

20__ жылғы "__"_______бастап
20_ жылғы
"__" ______ дейін

Салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға расталған ҚҚС-тың асып кету сомасы


оның ішінде:


1. Салық кодексінің 129-бабына сәйкес ҚҚС-тың асып кету сомасының 1/20 үлесінің негізінде қайтаруға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасы


Салық кодексінің 129-бабына сәйкес қайтаруға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасының 1/20 үлесіне тиесілі салықтық кезең

20___ж. ___ тоқсан

2. Салық кодексінің 473-бабы 6-тармағында көзделген жағдайда қайта өңдеу өнімдерін сатып алушыға қатысты сұрау салуға алынған жауап бойынша қайтаруға жататын ҚҚС-тың асып кету сомасы


      20_жылғы "_"_________қорытындыны жасаған күнге ҚҚС-тың асып кету сомасы _________теңгені құрайды.

      №1-кесте (теңге)

Салықтық тексеру актісіне сәйкес қайтаруға расталған ҚҚС сомасы

Алдыңғы қорытындылар негізінде қайтарылған ҚҚС-тың асып кету сомасы

Тиісті салықтық кезеңде қайтаруға жататын 1/20 үлесіне тең ҚҚС асып кету сомасы

Қайтарылмаған ҚҚС-тың асып кету сомасының қалдығы

Салықтық кезең

ҚҚС сомасы

Салықтық кезең

ҚҚС сомасы

Салықтық кезең

ҚҚС сомасы

Салықтық кезең

ҚҚС сомасы (2- бағ.–4-бағ.–6-бағ.)

1

2

3

4

5

6

7

8

20__ жылғы "__"____ бастап
20_ жылғы "__" ___ дейін


20__ жылғы "__"____ бастап
20_ жылғы "__" ___ дейін


20___ жылғы __ тоқсан


20__ жылғы "__"____ бастап
20_ жылғы "__" ___ дейін


      №2-кесте (теңге)

р/с №

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық қызметінің қайта өңделген өнімдерді сатып алушыға қатысты тексеру жүргізуге сұрау салу

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің коды

Сатып алушы-ның атауы

Тексеру жүргізу туралы сұрау салуға жауап

Нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналымның мақсаты үшін пайдаланған қайта өңделген өнімдер бойынша ҚҚС сомасы

нөмірі

күні

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

1








2








3
















Жиыны







      Бюджеттен қайтаруға жататын ҚҚС сомасы__________________ теңгені құрайды.

      _________________________________________________________________________

      (жауапты бөлім (басқарма) қызметкерінің тегі, аты, жөні (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы

      Бауапты басқарма (бөлім) басшысы

      __________________________________________________________________________

      (тегі, аты, жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)) (қолы)

      Салық төлеушіге табыс етілді________________________20_жылғы "__"___________

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы және қолы)

      Ескертпе: аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру німірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру німірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

  Қосылған құн салығы
сомасының асып кетуін
қайтару қағидаларына
7-қосымша

Растауға жататын қосылған құн салығының асып кету сомасын айқындау үлгісі

     


      Ескертпе: осы Қағидалардың 4-тарауының мақсатында 42-тармаққа сәйкес тікелей өнім берушілер болып келесілер танылады:

      тауарларды тікелей жеткізген, жұмыстарды орындаған және көрсетілетін қызметті алушыға қызметтер көрсеткен өнім берушілер;

      егер өзара байланысты тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерден сатып алынған ҚҚС бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомасының үлес салмағы есепке жатқызылған ҚҚС жалпы сомасының 50 (елу) пайызынан астам болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өзара байланысты тарап болып табылатын салық төлеушілердің өнім берушілері.

      Жоғарыда жазылғандарды негізге ала отырып, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты өзара байланысты тараптар өнім берушілерінің салықтық міндеттемелерін орындамау белгілері ескеріледі.

      Орындалмаған міндеттемелердің сомасы әрбір өнім беруші бойынша есепке жатқызылған ҚҚС сомалары шегінде айқындалады: (өнім берушінің В желісі бойынша 100 мың теңге және өнім берушінің Г желісі бойынша 360 мың теңге).

      Аббревиатуралардың ашып жазылуы:

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 30 қазандағы
№ 649 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16669 болып тіркелген).

      2. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 1047 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17864 болып тіркелген).

      3. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы №391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 622 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18933 болып тіркелген).

      4. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 857 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19254 болып тіркелген).

      5. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 26 маусымдағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20910 болып тіркелген).

      6. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 254 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22417 болып тіркелген).

      7. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидаларын бекіту" "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 наурыздағы № 317 бұйрығының 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27256 болып тіркелген).

      8. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушысы – Қаржы министрінің міндетін атқарушысы 2023 жылғы 20 наурыздағы № 289 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32116 болып тіркелген).

      9. ""Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Қаржы министрінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 1198 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33656 болып тіркелген).

      10. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 137 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34140 болып тіркелген).

      11. "Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 49 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35686 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады