"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысына мынандай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі" деген қосымшасы мынадай мазмұндағы 1.1 тармақпен толықтырылсын:
"1.1. "Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының "Оңтүстік жолдары" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны үшін 2019-2021 жылдарға - таза кірістің 10 пайызы мөлшерінде.".
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.Е.Аманбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Ө. Шөкеев |
| Қ.Қ. Айтмұхаметов | |
| Ә.Е. Тұрғымбеков | |
| Ж.Е. Аманбаев | |
| С.А. Қалқаманов | |
| М.И. Мырзалиев | |
| Ұ.Қ. Тәжібаев | |
| А.А. Абдуллаев | |
| А.Б. Тасыбаев |
Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "__" _________ № ______ "Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" қаулысына
