"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген);
2) "Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 298 "Облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және бөлу нормативі туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 53 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5471 болып тіркелген).
2. "Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Н. Кушеров |
