Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
В.Притчин |
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
В.Бубенко |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты 2020 жылғы 28 мамыры № 43/8 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2015 жылғы 6 қарашадағы № 39/4 шешімі (2015 жылғы 4 желтоқсанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3476 болып тіркелді).
2. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/5 шешімі (2016 жылғы 27 шілдеде "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3835 болып тіркелді).
3. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 30 наурыздағы № 20/10 (2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4663 болып тіркелді).
4. Солтүстістік Қазақстан облыстық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекараларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 маусымдағы № 3/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 39/3 шешімі (2019 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5732 болып тіркелді).
5. Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 10 қазандағы № 6/8 шешімі (2016 жылғы 09 қарашада "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3916 болып тіркелді).
