Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мəслихатының 28.05.2020 № 43/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілері құрылысын салуды реттеу аймақтарының, қорғау аймақтарының шекаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың XXХІХ сессиясының төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы |
Қ. Едіресов |
| Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 6 қарашадағы № 39/4 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының шекаралары
№р/с | Ескерткіштің атауы | Ескерткіштің түрі | Ескерткіштің мекенжайы | Қорғау аймағының аланы | Құрылыс салуды реттеу алаңы |
1 | "XIX ғасырдың аяғындағы көпес Шафеевтың үйі" тарихи-мәдени мұра объектісін қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары | Қала құрылысы және сәулет өнері | Қазақстан Конституциясы көшесі, 24 | 3280,0 м2 | 16000,0 м2 |
2 | "XIX ғасырдың аяғындағы көпес Шафеевтың дүкені" тарихи-мәдени мұра объектісін қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары | Қала құрылысы және сәулет өнері | Қазақстан Конституциясы көшесі, 22 | 4185,0 м2 | 17200,0 м2 |
