Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 мамырда № 20678 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрі
2020 жылғы 20 мамырдағы
№ 134 бұйрығына
қосымша

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидалар

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 65-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымы:

      бірыңғай оператор - Заңның 50-1-бабының 1-тармағына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, корпоративтік қор нысанындағы коммерциялық емес ұйым.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны Заңның 50-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1) пайдаланушыларға қайырымдылық көмекті бөлу бойынша қайырымдылық көмек берушінің ерік-жігерін сақтау;

      2) қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;

      3) қайырымдылық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

      4) қайырымдылық көмектің оң әсер ету қағидаттары негізінде бөледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны алу үшін заңды немесе жеке тұлғалар бірыңғай оператордың атына осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде қайырымдылық көмек беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) жібереді.

      Құжаттарды шет тілінде ұсынған жағдайда қоса берілген құжаттардың аудармасының дұрыстығын куәландыру "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Заңды және жеке тұлғалардан түскен өтінішті бірыңғай оператор өтініш берілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      6. Ұсынылған құжаттардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, бірыңғай оператор 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде заңды немесе жеке тұлғалардың ескертулерді жойғаны туралы хабарлама жібереді.

      7. Ескертулер жойылмаған жағдайда, бірыңғай оператор 10 (он) жұмыс күніне дейінгі мерзімде өтінішті қараудан бас тарту туралы хабарлайды.

      8. Заңды немесе жеке тұлға ескертулерді жойған кезде өтініш 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

      9. Бірыңғай оператор құжаттардың толық пакетімен өтінішті қабылдағаннан және қарағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және шығындар есебін бекітеді.

      10. Бірыңғай оператор шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде мүдделі тұлғаларға бірыңғай оператор шешімінің көшірмесін ұсынады.

      11. Оң шешім негізінде бірыңғай оператор заңды немесе жеке тұлғамен шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде шарт жасасады.

      12. Қажет болған жағдайда заңды немесе жеке тұлғалар шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізу үшін бірыңғай операторға қайта жүгінеді.

      13. Бекітілген шығындардың есептемелеріне өзгерістер кредиторлық берешекті, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы), өткен жылдардағы әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты өзгерістерді қоспағанда, растайтын құжаттардың тиісті негіздемесі болған кезде енгізіледі.

      14. Заңды немесе жеке тұлғаның шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізуге қайта өтініш беруі түзетілетін кезеңнің екінші айының 20-күнінен кешіктірмей тоқсанына бір реттен аспай жүргізіледі.

      15. Заңды немесе жеке тұлға шығындарының бекітілген есептеріне өзгерістер енгізу туралы қайталама өтінішті қарау мерзімі растайтын құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      16. Бірыңғай оператор қажет болған жағдайда заңды немесе жеке тұлғадан шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат пен растайтын құжаттарды сұратады.

      17. Өзге баптарға шығындардың бекітілген есептемелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді:

      1) ағымдағы жыл ішінде алушының салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі болған немесе пайда болған жағдайда;

      2) ағымдағы жыл ішінде еңбекақы төлеу қоры және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша берешегі болған немесе пайда болған жағдайда.

      18. Бірыңғай оператор растайтын құжаттар мен есеп айырысулар болған жағдайда заңды немесе жеке тұлғаның шығындардың бекітілген есеп айырысуларына өзгерістер енгізуге өтінішін қарайды және шығындардың есеп айырысуларын нақтылай отырып шешім қабылдайды.

      19. Заңды немесе жеке тұлғалар қайырымдылық көмекті алғаннан кейін тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде бірыңғай операторға Заңның 50-1-бабының 7-тармағына сәйкес көзделген бюджеттен тыс ақшаны мақсатты пайдалану туралы есеп береді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Дене шынықтыру мен спортты
дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақшаны бөлу
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
  Кімге ______________________
(дене шынықтыру мен спортты
дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақшаны бөлу
жөніндегі бірыңғай
оператор басшысының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Кімнен _____________________
(заңды немесе жеке тұлғаның)
____________________________
(мекен-жайы, телефоны,
электрондық поштасы)

Қайырымдылық көмек көрсетуге өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________________________________________
      (қайырымдылық көмек алу мақсаты, қайырымдылық көмектің сұралатын сомасы, күтілетін
      нәтижелер, 20 __ жылғы ___ тоқсанда бюджеттен тыс ақшаны игеру мерзімі) Сізден
      қайырымдылық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.
      Осы арқылы тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, дене шынықтыру мен спортты
      дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшалай бөлу жөніндегі өзімнің танысқанымды және
      келісімімді растаймын.
      Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабының
      1-тармағына сәйкес субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге
      жазбаша, мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға
      мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісім береді (оны кері қайтарып алады).
      Қосымша: ___ бетте.
______________________________________________________
(қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның)
Мөр орны ________ (бар болса)
Өтініш берілген күні "____" ____________ 20 __ жыл

  Дене шынықтыру мен спортты
дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақшаны бөлу
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

Құжаттар тізімі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Туризм және спорт министрінің 22.07.2025 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1) заңды тұлғалар үшін:

      банк деректемелері;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      өзгерістер мен толықтырулары бар жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      құрылтай шартының көшірмесі (болған жағдайда);

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды сақтай отырып, түсіндірме жазбасы, талдамалары және әрбір баптың растайтын құжаттары бар шығыстар сметасы;

      спорттық жарыстың (іс-шараның) ережесі (регламенті) (болған жағдайда);

      тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін жеткізушілерден кемінде екі баға ұсынысы;

      шарттардың, оның ішінде еңбек шарттардың, шот-фактуралардың, төлеуге арналған шоттың, бұйрықтардың және басқа да растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      арнайы банктік шот ашылғанын (бар болуын) растайтын екінші деңгейдегі банктен анықтама;

      түгендеу тізімдемесі (болған жағдайда);

      2) жеке тұлғалар үшін:

      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      спортшыны спортшы айналысатын және (немесе) тізімге кіретін дене шынықтыру-спорттық ұйымға қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, дене шынықтыру және спортпен айналысатын жеке тұлғаның спорттық-бұқаралық іс-шараларға (жарыстарға) қатысуын растайтын спорттық жарыстардың хаттамасы, спортшыны тіркеу туралы куәлік;

      дене шынықтырумен айналысатын жеке тұлғалар, спортшылар, ұжымдар (спорт командалары) үшін - түсіндірме жазба және өтінішті негіздеу үшін растайтын құжаттар;

      арнайы банктік шоттың ашылғанын (бар болуын) растайтын екінші деңгейдегі банктен анықтама.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады