"Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 22 шiлдедегi № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 шiлдеде № 36517 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20678 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидалар бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидалар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі осы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 65-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымы:

      бірыңғай оператор - Заңның 50-1-бабының 1-тармағына сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, корпоративтік қор нысанындағы коммерциялық емес ұйым.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу тәртібі";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бірыңғай оператор дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны Заңның 50-1-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1) пайдаланушыларға қайырымдылық көмекті бөлу бойынша қайырымдылық көмек берушінің ерік-жігерін сақтау;

      2) қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;

      3) қайырымдылық көмек шеңберінде бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;

      4) қайырымдылық көмектің оң әсер ету қағидаттары негізінде бөледі.

      4. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны алу үшін заңды немесе жеке тұлғалар бірыңғай оператордың атына осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде қайырымдылық көмек беру туралы өтініш (бұдан әрі - өтініш) жібереді.

      Құжаттарды шет тілінде ұсынған жағдайда қоса берілген құжаттардың аудармасының дұрыстығын куәландыру "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес жүзеге асырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Заңды немесе жеке тұлғалар қайырымдылық көмекті алғаннан кейін тоқсан сайынғы, жартыжылдық және жылдық негізде бірыңғай операторға Заңның 50-1-бабының 7-тармағына сәйкес көзделген бюджеттен тыс ақшаны мақсатты пайдалану туралы есеп береді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшада "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларға 2-қосымша" сөздері "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі қағидаларға 2-қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2025 жылғы 22 шілдедегі
№ 142 бұйрыққа
қосымша
Дене шынықтыру мен спортты
дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақшаны бөлу
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
  Кімге ______________________
(дене шынықтыру мен спортты
дамытуға бағытталған
бюджеттен тыс ақшаны бөлу
жөніндегі бірыңғай
оператор басшысының
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Кімнен _____________________
(заңды немесе жеке тұлғаның)
____________________________
(мекен-жайы, телефоны,
электрондық поштасы)

Қайырымдылық көмек көрсетуге өтініш

      ______________________________________________________________________________
      (қайырымдылық көмек алу мақсаты, қайырымдылық көмектің сұралатын сомасы, күтілетін
      нәтижелер, 20 __ жылғы ___ тоқсанда бюджеттен тыс ақшаны игеру мерзімі) Сізден
      қайырымдылық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыруды сұраймын.
      Осы арқылы тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, дене шынықтыру мен спортты
      дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшалай бөлу жөніндегі өзімнің танысқанымды және
      келісімімді растаймын.
      Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабының
      1-тармағына сәйкес субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге
      жазбаша, мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға
      мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісім береді (оны кері қайтарып алады).
      Қосымша: ___ бетте.
______________________________________________________
(қолы) (басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның)
Мөр орны ________ (бар болса)
Өтініш берілген күні "____" ____________ 20 __ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады