ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 18 наурыздағы Заңы 6-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18379 болып тіркелген, 2019 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
2019 жылғы "____"____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2019 жылғы "____"____________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 945 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мүдделерінде әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші – әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін заңды тұлға;
2) әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) – қару-жарақ, әскери, автомобиль және арнайы техника, техникалық және арнайы құралдар, заттай мүлік және арнайы мүлік, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) өндіруге, сынауға арналған жабдық, көрсетілген тауарларға (өнімдерге) жиынтықтауыштар және қосалқы бөлшектер;
3) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер) ретінде пайдаланылуы не кейіннен бейіні өзгертіліп пайдаланылуы мүмкін өнім мен технологиялар;
4) әскери стандарттау – нақты бар және потенциалды міндеттерге қатысты оларды әскери стандарттау объектілеріне бірнеше рет пайдалану мақсатында техникалық талаптарды, қағидаларды, сипаттамаларды, техникалық нормаларды белгілеу жөніндегі қызмет;
5) әскери стандарттау объектісі – материалдарды, шикізатты, арнайы технологиялық жабдықты қоса алғанда, стандартталуға жататын немесе ұшыраған әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) өнім, процестер мен көрсетілетін қызметтер;
6) әскери стандарттау субъектісі – әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) өнімдерді шығаратын мүдделі мемлекеттік органдар, техникалық комитеттер, қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары мен кәсіпорындар;
7) әскери ұлттық стандарт – белгілі бір және арнайы пайдалану мақсатында әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, оның ішінде мемлекеттік құпияларға жатқызылатын және таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтитын өнімдерге, процестер мен көрсетілетін қызметтерге арналған стандарттау жөніндегі құжат;
8) мемлекетаралық әскери стандарт – әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) өнімге, сондай-ақ осы өнімге байланысты процестерге және өзге де әскери стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекетаралық орган немесе мемлекетаралық ұйым қабылдаған стандарт;
9) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган – қорғаныс өнеркәсібі саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
10) негіз қалайтын әскери стандарт – әскери стандарттау саласындағы жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерді белгілейтін стандарттау жөніндегі құжат;
11) техникалық комиссия – әскери стандарттау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган;
12) стандарттау жөніндегі техникалық комитет – стандарттау саласындағы қызметті жүзеге асыру және бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша ұлттық стандарттау жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, егер өзге қаржыландыру көзі көзделмесе, уәкілетті орган тиісті жылға көздейтін республикалық бюджет қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылады.
Әскери стандарттау объектілерінің қауіпсіздігін арттыру және сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен өзге де коммерциялық емес ұйымдар тиісті жылға арналған әскери стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізе отырып, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды орындауға арналған шығыстарды өз қаражаты есебінен қаржыландыра алады.
4. Әскери ұлттық стандарттар:
1) негіз қалайтын әскери ұлттық стандарттар;
2) өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге және оларды бақылау әдістеріне арналған әскери ұлттық стандарттар;
3) терминологияға арналған әскери ұлттық стандарттар;
4) қару-жарақ пен әскери техника түрлеріне қойылатын жалпы техникалық талаптардың әскери ұлттық стандарттары болып бөлінеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Әскери ұлттық стандарт әскери стандарттау объектілеріне қатысты қолданылады.
2-тарау. Әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу және қайта қарау
6. Әскери ұлттық стандарт осы Қағидаларда көзделген әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) өнімді стандарттау мақсаттары үшін әзірленеді және қайта қаралады.
7. Әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу және қайта қарау бөлінетін ақша қаражаты шеңберінде әскери стандарттау субъектілерінің ұсыныстары негізінде мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманы сақтай отырып, жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың төртінші тоқсанында уәкілетті орган бекітетін әскери стандарттау жөніндегі жұмыстардың жыл сайынғы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Әскери стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізуден бас тарту үшін негіз:
1) әскери стандарттау жөніндегі іс-шаралардың қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілмеуі;
2) шешім қабылдаған күні іс-шаралардың өзекті болмауы (қолданылу саласы бірдей әскери ұлттық стандарт қабылданған не қайта қаралған, ұсынылатын өзгерістер ғылымның, техника мен технологияның қазіргі заманғы ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкес келмейді) болып табылады.
9. Көрсетілген жоспарға құжаттар нысандарын белгілеуді қоса алғанда, әскери стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарын әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерістер (толықтырулар) енгізу негіз қалайтын ҚР Ә СТ 1.1 әскери стандартымен айқындалады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу және қайта қарау:
1) техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті), техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу;
2) әскери ұлттық стандарт жобасын және оған түсіндірме жазбаны әзірлеу, оны әскери стандарттау субъектілерінің қарауына жолдау;
3) әскери стандарттау субъектілерінен алынған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, әскери ұлттық стандарт жобасын пысықтау;
4) әскери ұлттық стандартты бекітуге (қабылдауға) дайындау, оның ішінде сараптама жүргізу, бекіту (қабылдау) және есепке алу;
5) 1999 жылғы 15 наурыздағы "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес таратылуы шектеулі және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатқызу кезеңдерін қамтиды.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, құру, ресімдеу, мазмұндау, жазу рәсімдері негіз қалайтын ҚР Ә СТ 1.2 және ҚР Ә СТ 1.5 әскери стандарттарымен белгіленеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Әскери ұлттық стандарттарды әзірлеуді және қайта қарауды өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ әскери ұлттық стандартты әзірлеу жөніндегі уәкілетті органның техникалық тапсырмасының (техникалық ерекшелігінің) талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жүзеге асырады.
13. Әскери ұлттық стандарттарды құпияландыру үшін олардың уәкілетті органда қолданылып жүрген құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесіне сәйкестігі негіз болып табылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Әскери ұлттық стандарттарды келісу
14. Әскери ұлттық стандарт жобасын әзірлеуші әскери стандарттау объектісіне байланысты әзірлемеге тапсырыс берушіге және әскери стандарттау субъектісіне келісуге жолдайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Әскери ұлттық стандарттың жобасын келісу мерзімі олардың әскери стандарттау субъектілерінде тіркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Бақылау (сынау) әдістеріне және өлшеуді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптарды қамтитын, ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде стандартталмаған әскери ұлттық стандарттар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес келуіне техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органда келісілуге тиіс.
17. Келісу қорытындылары бойынша әскери ұлттық стандарт жобасын әзірлеуші әскери стандарттау субъектілерінен әскери ұлттық стандарт жобасының екінші редакциясынан қабылданған және қабылданбаған ескертулері мен ұсыныстарын енгізе отырып, пікірлерді жинақтауды және дайындауды жүзеге асырады.
Әскери стандарттау субъектілерінің ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда қабылдамау себептерімен дәлелді негіздеме келтіріледі.
Әскери ұлттық стандарт жобасының екінші редакциясы пікір жинақтаумен бірге әскери стандарттау субъектілеріне қайта келісуге жолданады.
Әскери ұлттық стандартты қайта келісу мерзімі ол әскери стандартизация субъектілеріне түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
Әскери стандарттың жобасын немесе жекелеген ережелердің (тармақтардың) мазмұнын келісу және қарау барысында консенсусқа қол жеткізілмеген жағдайда, әзірлеушінің бастамасы бойынша әскери стандарттың жобасы талқылау және шешім қабылдау үшін уәкілетті органға енгізіледі.
Уәкілетті орган әзірлеушіні, келіспеушіліктері бар келісуші тараптарды тарта отырып, оған қатысты консенсусқа қол жеткізілмеген әскери стандарт жобасына ұсыныстар мен ескертулерді талқылауды ұйымдастырады және ол келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды.
Әзірлеуші әскери стандарт жобасын талқылау және шешімдер қабылдау нәтижелері бойынша қабылданған және қабылданбаған ескертулер мен ұсыныстарды әскери стандарт жобасы жөніндегі пікір жинақтауына енгізеді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Әскери ұлттық стандартты әзірлеуші алынған ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды ескере отырып, стандарт ісін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште қалыптастырады, ол:
1) әскери ұлттық стандарт жобасын (алғашқы, екінші және соңғы редакция);
2) түсіндірме жазбаны;
3) пікірлерді жинақтауды;
4) әскери ұлттық стандарт жобасын келісуге шығыс хаттардың көшірмелерін;
5) әскери ұлттық стандарт жобасын келісуді растайтын құжаттардың көшірмелерін;
6) әскери ұлттық стандартты әзірлеуге техникалық тапсырмаларды (техникалық ерекшеліктерді) және техникалық-экономикалық негіздеме көшірмелерін (мемлекеттік органдар әзірлейтін әскери стандарттау жөніндегі құжаттарды қоспағанда);
7) ережелері әскери ұлттық стандарт жобасымен үйлестірілген (бар болған кезде) шетел мемлекетінің әскери мақсаттағы өнімін стандарттау жөніндегі нормативтік құжатты қамтиды.
Әзірлеуші ресімделген әскери ұлттық стандарт ісін уәкілетті органға сараптамаға жолдайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Сараптама:
1) келісуші тараптармен консенсусқа қол жеткізуді;
2) стандарт ісінің толық жиынтықталуын тексеруді;
3) әскери ұлттық стандарт жобасын толық келісуге пікірді жинақтауды талдауды;
4) қолданыстағы әскери ұлттық стандарттар талаптарының қайталануын болдырмауды;
5) негіз қалайтын әскери стандарттардың талаптарына әскери ұлттық стандартты әзірлеу рәсімдерінің сақталуын белгілеуді;
6) шетел мемлекеттерінің әскери мақсаттағы өнімін стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін (олар бар болған кезде) белгілеуді қамтиды.
20. Әскери ұлттық стандарттарға сараптаманы уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратқа тиісті нысандағы рұқсаты бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери стандарттау саласындағы мамандарды тарта отырып, олар келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Уәкілетті орган сараптама нәтижелері бойынша әскери ұлттық стандарт жобасын:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген;
2) техникалық тапсырмада (техникалық ерекшелікте) белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмеген;
3) әзірлеуші осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;
4) әзірлеуші әскери стандарттау субъектілерінің ұсыныстарын және (немесе) ескертулерін қабылдамау;
5) қолданыстағы әскери ұлттық стандарттармен жобада нормалар қайталанған;
6) әскери ұлттық стандартты әзірлеуді тапсырыс берушімен келіспеген (консенсус болмаған) жағдайларда пысықтауға қайтарады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Сараптама жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті орган әскери ұлттық стандарттың жобасын пысықтау және техникалық комиссия отырысының қарастыруына енгізу мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы ұсынымдарын қамтитын сараптамалық қорытынды береді.
23. Сараптама нәтижелері бойынша әзірлеуші әскери ұлттық стандарттың жобасын пысықтайды (қажет болған жағдайда) және әскери ұлттық стандарттың ісін одан әрі қарау және техникалық комиссияның отырысында бекіту туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жинақтайды.
Әскери ұлттық стандарттың ісіне қосымша мынадай құжаттар енгізіледі:
1) "БЕКІТУГЕ" деген белгісі бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әскери ұлттық стандарттың жобасы;
2) әзірлеушінің жұмыс тобы немесе әскери стандарттың пысықталған жобасын қарау жөніндегі әскери саладағы стандарттау бойынша техникалық комитет отырыстарының хаттамалары (олар жүргізілген жағдайда);
3) бұйымның фотосуреті (қажет болған жағдайда);
4) уәкілетті органның сараптамалық қорытындысы.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Уәкілетті орган әскери ұлттық стандарттың ісін алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей оны техникалық комиссияның қарауына енгізеді.
Техникалық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға мүшелердің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда шешімді техникалық комиссияның төрағасы қабылдайды.
Техникалық комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.
25. Әзірлеуші техникалық комиссиялардың шешімін алғаннан кейін әскери ұлттық стандарттың ісіне Техникалық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі енгізіледі және уәкілетті органға бекітуге жіберіледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Әскери ұлттық стандарттарды бекіту және қолданысқа енгізу
26. Әзірлеуші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күнінен кешіктірмей стандарттың ісін пысықтауға қайтарады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Әскери ұлттық стандарт уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі және қолданысқа енгізіледі:
Әзірлеуші әскери ұлттық стандартты бекіткеннен кейін әскери ұлттық стандарттың ісіне қосымша мынадай құжаттар енгізіледі:
1) әскери ұлттық стандартты бекіту және оны қолданысқа енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген әскери стандарт бір данадан.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-тарау. Әскери ұлттық стандарттарды тіркеу және есепке алу
28. Әскери ұлттық стандарттар бекітілгеннен кейін мынадай мәліметтерді көрсетумен осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органның әскери ұлттық стандарттарды тіркеу (есепке алу) кітабында есепке алынуға және тіркелуге тиіс:
1) тіркеу күні және реттік нөмірі;
2) әскери ұлттық стандарттың белгіленуі;
3) әскери ұлттық стандарттың атауы;
4) әскери ұлттық стандартты бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;
5) әзірлеуші ұйымның, бірлесіп орындаушы ұйымның атауы, заңды мекенжайы;
6) әскери ұлттық стандартты өзгерту және күшін жою туралы мәліметтер;
7) қолданысқа енгізу күні/қолданылу мерзімі;
8) халықаралық, мемлекетаралық әскери стандарттармен және шетел мемлекеттерінің әскери стандарттарымен үйлестіру туралы;
9) ақпараттың таратуға қойылатын шектеу дәрежесі туралы.
29. Тіркеу жүргізілгеннен кейін стандарт ісі уәкілетті органда сақталады.
30. Уәкілетті орган әскери ұлттық стандарттарды басып шығарады, қайта басып шығарады және таратады.
Әскери стандарттау субъектілері бастамашылық тәртіппен әзірлейтін әскери ұлттық стандарттарды осы субъектілердің келісімі бойынша уәкілетті орган таратады.
31. Әскери ұлттық стандарттар ақпараттық ресурс болып табылатын әскери стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар қорын құрайды.
6-тарау. Әскери ұлттық стандарттарды өзгерту және күшін жою
32. Әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер жеке талаптарды толықтыру немесе жою, олардың қолданысын ұзарту, шектеу кезінде әзірленеді.
33. Әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу тексеру жүргізу немесе әскери стандарттау субъектілерінен ұсыныстар алу негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер туралы ұсыныстар осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органда бекітуге ұсынылады.
Әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу олардың құзыреті шегінде әскери стандарттау субъектілерімен келісу бойынша уәкілетті орган басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Әскери ұлттық стандарттардың күшін жою:
1) осы әскери ұлттық стандарт бойынша жүргізілген әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді шығару (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) тоқтатылған;
2) жаңа әскери ұлттық стандарт қолданысқа енгізілген кезде жүзеге асырылады.
36. Әскери ұлттық стандарттың күшін жою кезінде күшін жоюға бастамашылық еткен адам уәкілетті органға:
1) күшін жою туралы ұсынысты;
2) оны ауыстыратын құжат немесе оны ауыстырмай әскери ұлттық стандарттың күшін жою туралы негіздемесі бар ақпаратты;
3) тапсырыс берушінің және әскери ұлттық стандартты әзірлеушінің күшін жоюға келісімін растайтын хатты жолдайды.
37. Әскери ұлттық стандарттың күшін жою олардың құзыреті шегінде әскери стандарттау субъектілерімен келісу бойынша уәкілетті орган басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.08.2025 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Әскери ұлттық стандарттарды тіркеу (есепке алу) кітабы
Тіркеу күні және реттік нөмірі | Әскери ұлттық стандарттың белгіленуі | Әскери ұлттық стандарттың атауы | Әскери ұлттық стандартты бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күні | Әзірлеуші ұйымның/бірлесіп орындаушы ұйымның атауы, заңды мекенжайы | Әскери ұлттық стандартты өзгерту және күшін жою туралы мәлімет | Қолданысқа енгізу күні/қолданылу мерзімі | Халықаралық, мемлекетаралық әскери стандарттармен және шетел мемлекеттерінің әскери стандарттарымен үйлестіру туралы мәлімет | Ақпараттың таратуға қойылатын шектеу дәрежесі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |