"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 тамызда № 36686 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, олардың күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 945 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19802 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтаждары үшін пайдаланылатын әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларында:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган – қорғаныс өнеркәсібі саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери ұлттық стандарттар:

      1) негіз қалайтын әскери ұлттық стандарттар;

      2) өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге және оларды бақылау әдістеріне арналған әскери ұлттық стандарттар;

      3) терминологияға арналған әскери ұлттық стандарттар;

      4) қару-жарақ пен әскери техника түрлеріне қойылатын жалпы техникалық талаптардың әскери ұлттық стандарттары болып бөлінеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілген жоспарға құжаттар нысандарын белгілеуді қоса алғанда, әскери стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарын әзірлеу, келісу, бекіту, өзгерістер (толықтырулар) енгізу негіз қалайтын ҚР Ә СТ 1.1 әскери стандартымен айқындалады.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери ұлттық стандарт жобасын және оған түсіндірме жазбаны әзірлеу, оны әскери стандарттау субъектілерінің қарауына жолдау;";

      10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әскери стандарттау субъектілерінен алынған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, әскери ұлттық стандарт жобасын пысықтау;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскери ұлттық стандарттарды әзірлеу, келісу, құру, ресімдеу, мазмұндау, жазу рәсімдері негіз қалайтын ҚР Ә СТ 1.2 және ҚР Ә СТ 1.5 әскери стандарттарымен белгіленеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Әскери ұлттық стандарттарды құпияландыру үшін олардың уәкілетті органда қолданылып жүрген құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесіне сәйкестігі негіз болып табылады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Әскери ұлттық стандарт жобасын әзірлеуші әскери стандарттау объектісіне байланысты әзірлемеге тапсырыс берушіге және әскери стандарттау субъектісіне келісуге жолдайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Әскери ұлттық стандарттың жобасын келісу мерзімі олардың әскери стандарттау субъектілерінде тіркелген кезден бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Келісу қорытындылары бойынша әскери ұлттық стандарт жобасын әзірлеуші әскери стандарттау субъектілерінен әскери ұлттық стандарт жобасының екінші редакциясынан қабылданған және қабылданбаған ескертулері мен ұсыныстарын енгізе отырып, пікірлерді жинақтауды және дайындауды жүзеге асырады.

      Әскери стандарттау субъектілерінің ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда қабылдамау себептерімен дәлелді негіздеме келтіріледі.

      Әскери ұлттық стандарт жобасының екінші редакциясы пікір жинақтаумен бірге әскери стандарттау субъектілеріне қайта келісуге жолданады.

      Әскери ұлттық стандартты қайта келісу мерзімі ол әскери стандартизация субъектілеріне түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      Әскери стандарттың жобасын немесе жекелеген ережелердің (тармақтардың) мазмұнын келісу және қарау барысында консенсусқа қол жеткізілмеген жағдайда, әзірлеушінің бастамасы бойынша әскери стандарттың жобасы талқылау және шешім қабылдау үшін уәкілетті органға енгізіледі.

      Уәкілетті орган әзірлеушіні, келіспеушіліктері бар келісуші тараптарды тарта отырып, оған қатысты консенсусқа қол жеткізілмеген әскери стандарт жобасына ұсыныстар мен ескертулерді талқылауды ұйымдастырады және ол келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды.

      Әзірлеуші әскери стандарт жобасын талқылау және шешімдер қабылдау нәтижелері бойынша қабылданған және қабылданбаған ескертулер мен ұсыныстарды әскери стандарт жобасы жөніндегі пікір жинақтауына енгізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Әскери ұлттық стандартты әзірлеуші алынған ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды ескере отырып, стандарт ісін қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште қалыптастырады, ол:

      1) әскери ұлттық стандарт жобасын (алғашқы, екінші және соңғы редакция);

      2) түсіндірме жазбаны;

      3) пікірлерді жинақтауды;

      4) әскери ұлттық стандарт жобасын келісуге шығыс хаттардың көшірмелерін;

      5) әскери ұлттық стандарт жобасын келісуді растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      6) әскери ұлттық стандартты әзірлеуге техникалық тапсырмаларды (техникалық ерекшеліктерді) және техникалық-экономикалық негіздеме көшірмелерін (мемлекеттік органдар әзірлейтін әскери стандарттау жөніндегі құжаттарды қоспағанда);

      7) ережелері әскери ұлттық стандарт жобасымен үйлестірілген (бар болған кезде) шетел мемлекетінің әскери мақсаттағы өнімін стандарттау жөніндегі нормативтік құжатты қамтиды.

      Әзірлеуші ресімделген әскери ұлттық стандарт ісін уәкілетті органға сараптамаға жолдайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әскери ұлттық стандарттарға сараптаманы уәкілетті орган мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратқа тиісті нысандағы рұқсаты бар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери стандарттау саласындағы мамандарды тарта отырып, олар келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.";

      21-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әзірлеуші әскери стандарттау субъектілерінің ұсыныстарын және (немесе) ескертулерін қабылдамау;";

      23 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сараптама нәтижелері бойынша әзірлеуші әскери ұлттық стандарттың жобасын пысықтайды (қажет болған жағдайда) және әскери ұлттық стандарттың ісін одан әрі қарау және техникалық комиссияның отырысында бекіту туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жинақтайды.

      Әскери ұлттық стандарттың ісіне қосымша мынадай құжаттар енгізіледі:

      1) "БЕКІТУГЕ" деген белгісі бар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әскери ұлттық стандарттың жобасы;

      2) әзірлеушінің жұмыс тобы немесе әскери стандарттың пысықталған жобасын қарау жөніндегі әскери саладағы стандарттау бойынша техникалық комитет отырыстарының хаттамалары (олар жүргізілген жағдайда);

      3) бұйымның фотосуреті (қажет болған жағдайда);

      4) уәкілетті органның сараптамалық қорытындысы.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әзірлеуші техникалық комиссиялардың шешімін алғаннан кейін әскери ұлттық стандарттың ісіне Техникалық комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі енгізіледі және уәкілетті органға бекітуге жіберіледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Әзірлеуші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган үш жұмыс күнінен кешіктірмей стандарттың ісін пысықтауға қайтарады.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Әскери ұлттық стандарт уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі және қолданысқа енгізіледі:

      Әзірлеуші әскери ұлттық стандартты бекіткеннен кейін әскери ұлттық стандарттың ісіне қосымша мынадай құжаттар енгізіледі:

      1) әскери ұлттық стандартты бекіту және оны қолданысқа енгізу туралы бұйрықтың көшірмесі;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітілген әскери стандарт бір данадан.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу тексеру жүргізу немесе әскери стандарттау субъектілерінен ұсыныстар алу негізінде жүзеге асырылады.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер туралы ұсыныстар осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органда бекітуге ұсынылады.

      Әскери ұлттық стандарттарға өзгерістер енгізу олардың құзыреті шегінде әскери стандарттау субъектілерімен келісу бойынша уәкілетті орган басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Әскери ұлттық стандарттың күшін жою олардың құзыреті шегінде әскери стандарттау субъектілерімен келісу бойынша уәкілетті орган басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады