ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2020 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңын жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 1002 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 24.10.2025 № 627 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. "Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама нысанында:
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ______________________________________________________ үшін,
(тексерілетін кезең)
шағымды қарау нәтижелерін ескере отырып, қайтарылуға расталмаған, резидент еместердің табыстарының төлем көзінен ұсталған корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасы мынаны құрайды (бюджетке төленуге жатпайтын):
теңге
Бюджеттік сыныптама коды | Бюджеттік сыныптама кодының атауы | Салық сомасы |
Салық кодексінің 115-бабына сәйкес Сізге:
1) ______________________ мөлшеріндегі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және өсімпұл сомасын
_____________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
БСН ______________________________ № _________________ шотына
(мемлекеттік кірістер органы)
_____________________________________________________________
(Қазынашылық басқармасы, банктік сәйкестендіру коды (БСК)
2) ________________________________________________ мөлшеріндегі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне салықтардың, төлемдердің және өсімпұлдардың сомасын
_____________________________________________________________
(аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының БСН)
теңге
№ р/с | Бюджеттік жіктеу коды | Бюджеттік жіктеу кодының атауы | Төлемнің, салықтың сомасы | Өсімпұл сомасы | Жиыны сома |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы |
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына ____________________________________________ мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдар сомаларын аудару қажет.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысанында:
"Салық төлеуші туралы мәлімет" деген 1-бөлім мынадай мазмұндағы
12-1-тармағымен толықтырылсын:
"12-1. Салық есептілігі нысандарының деректерін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша салыстыру******:
№ р/с | Салық кезеңі | ЖМЗЖ есептеу үшін салық төлеушінің деректері бойынша табыс | ЖМЗЖ есептеу үшін мемлекеттік кірістер органының (камералдық бақылау) деректері бойынша табыс | Алшақтық | Алшақтықтың себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| "; |
"Қорытынды" деген 3-бөлімнің 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны жасау кезінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, әлеуметтік аударымдар және МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары бойынша есептердің жай-күйі*******:
№ | Салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ әлеуметтік аударым, МӘМС аударымдары және (немесе) жарналарының түрі | Есептер сальдосы (+, -) | ||
Салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, әлеуметтік аударым, МӘМС аударымдары және (немесе) жарналарының сальдосы ( +, -) | Өсімпұл сальдосы (+, -) | Айыппұл сальдосы (+, -) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| ". |
3. "Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16675 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын салық салу объектілерін есепке алу үшін салық регистрінің нысаны, осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 23-қосымшаға сәйкес салық тіркелімдері нысандарын жасау қағидасында:
86 және 87-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Салық салу объектілерін есепке алу кестесінде жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салуға жататын табыстарына, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерге жеке табыс салығы көрсетіледі:
1) 1-бағанда – жолдың реттік нөмірі;
2) 2-бағанда – табыс есептелген қызметкердің немесе жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
3) 3-бағанда – табыс есептелген және төлем жүргізілген қызметкердің немесе жеке тұлғаның ЖСН;
4) 4-бағанда – ай басында қызметкерге немесе жеке тұлғаға төленбеген табыстар бойынша берешек сомасы;
5) 5-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін есептелген табыстарының сомасы;
6) 6-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарының сомасы;
7) 7-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның табысынан салық шегерімдерінің сомасы;
8) 8-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін міндетті зейнетақы жарналары ұсталатын табысының сомасы;
9) 9-бағанда – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
10) 10-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есептелетін табысының сомасы;
11) 11-бағанда – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
12) 12-бағанда – қызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін жеке табыс салығы салынатын табысының сомасы;
13) 13-бағанда – есепті ай үшін бюджетке төлеуге жататын төлем көзіне салынатын жеке табыс салығының сомасы;
14) 14-бағанда – есепті ай үшін төлеуге табыс сомасы;
15) 15-бағанда – есепті ай үшін төленген табыстар сомасы;
16) 16-бағанда – ай соңында төленбеген табыстар бойынша берешек сомасы;
17) 17-бағанда – есепті ай үшін әлеуметтік салық есептелетін орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін табыстар түріндегі қызметкерге төленетін жұмыс беруші шығыстарының сомасы;
18) 18-бағанда – есептелген әлеуметтік салық сомасы;
19) 19-бағанда – есептік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін қызметкердің немесе жеке тұлғаның табысының сомасы;
20) 20-бағанда – есепті ай үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуға жататын әлеуметтік аударымдар сомасы;
21) 21-бағанда – есепті ай үшін төлеуге жататын (18-баған – 20-баған), формуласы бойынша айқындалатын әлеуметтік салық сомасы;
22) 22-бағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын кірістердің сомасы;
23) 23-бағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың сомасы;
24) 24-бағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомасы.
Осы кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарының қорытынды шамасы ай, салық кезеңі үшін осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау жолымен соңғы жолда айқындалады.
87. Егер салық тіркелімінде дұрыс емес деректер көрсетуге жол берілген жағдайда, қателерді түзету салық тіркелімі жолдарының тек өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілетін нөмірлері ғана толтырылатын және көрсетілетін салық тіркелімінің нысанын (бұдан әрі – қосымша салық тіркелімі) жасау жолымен жүзеге асырылады. Салық тіркеліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жіберілген қателердің сипатына қарай мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 1, 2 және 3-бағандарында қателер анықталған жағдайда, қосымша салық тіркелімінде тиісті деректемелер көрсетіледі. Бұл ретте, егер бір немесе бірнеше бағандарда қате жіберілген жағдайда, қосымша салық тіркелімінде көрсетілген барлық бағандар бойынша деректемелер көрсетіледі;
2) төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында қателер анықталған жағдайда:
төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ қосымша салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 1, 2 және 3-бағандарында төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 1, 2 және 3-бағандарының деректемелері көрсетіледі;
төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ қосымша салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында көрсетілген сомамен салыстыру бойынша анықталған айырма сомасы көрсетіледі.
төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында бағандардың мәнін азайтуға бағытталған өзгерістер енгізілген кезде төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ қосымша салық тіркелімінің әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын алық салу объектілерін есепке алу кестесінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23 және 24-бағандарында анықталған айырма сомасы "-" алу белгісімен көрсетіледі;
3) көрсетілген салық кезеңі үшін салық тіркеліміне қосымша өзгерістер енгізілген жағдайда қосымша салық тіркелімі осы Қағидалардың 86-тармағына сәйкес жасалады. Бұл ретте мұндай қосымша салық тіркелімінде толықтыру енгізілетін кезең үшін салық тіркеліміндегі соңғы жолдан кейінгі жолдың нөмірін көрсету қажет.".
Төлем көзінен салық салынатын жеке тұлғалардың табыстарынан, сондай-ақ әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдерден жеке табыс салығы салынатын салық салу объектілерін есепке алу бойынша салық тіркелімі
1. ЖСН ________________________________________________________
2. Т.А.Ә. (ол болған кезде) немесе салық төлеушінің атауы
_______________________________________________________________
3. Кезең: _______________________ жыл: ___________
Р/с № | Қызметкердің және жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған кезде) | ЖСН | Ай басында төленбеген табыстар бойынша берешек | Есепті ай үшін есептелген табыстар | Салық салуға жатпайтын табыстар | Салық шегерімдері | МЗЖ -нан ұста латын табыстар | Төлеуге жататын МЗЖ сомасы | Кызметкердің немесе жеке тұлғаның есепті ай үшін ЖМЗЖ есептелетін табысының сомасы | Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын ЖМЗЖ сомасы | Есепті ай үшін салық салынатын ЖТС-тен табыс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Бір ай үшін жиыны (жол нысанның қорытындысы бойынша ғана толтырылады): | |||||||||||
Салық кезеңі үшін жиыны (жол нысанның қорытындысы бойынша ғана толтырылады): |
кестенің жалғасы
Есепті ай үшін салық салынатын төлеуге жататын ЖТС-ның сомасы | Есепті ай үшін төленуге жататын табыстар | Есепті ай үшін төленген табыстар | Ай соңында төленбеген табыстар бойынша берешек | Әлеуметтік салық есептелетін жұмыс берушілердің шығыстары | Әлеуметтік салықтың есептелген сомасы | Әлеуметтік аударымдардан есептелетін табыстар | Төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар сомасы | Төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы( 18 баған - 20 баған) | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарды есептелетін шығыстары | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың сомасы |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
(Дара кәсіпкердің Т.А.Ә. (ол бар болған жағдайда), қолы, мөрі)
_______________________________________________________________
(Салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә. (ол бар болған жағдайда), қолы)
_______________________________________________________________
(салық тіркелімі жасалған күн)
Ескерту: аббревиатураның таратып жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру номері;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты;
МЗЖ – міндетті зейнетақы жарналар;
ЖТС – жеке табыс салығы;
ЖМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары
