ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2019 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "___" __________
| Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 583 бұйрығымен бекітілді |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 276 (01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелді, 2015 жылғы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:
1) тармақшаның орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) экология бөлігі бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы бойынша сарапшы ретінде аттестаттау үшін – тиісті бөлім бойынша жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе жоғары кәсіптік білімі және қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың экологиялық бөлімін әзірлеу және (немесе) сараптау бойынша он жылдан кем емес жұмыс өтілі бар адамдар;";
мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:
"25. Қолданылу мерзімі шектеліп берілген сарапшының аттестаты жергілікті атқарушы органда "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-6-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сарапшы аттестаттаудан қайта өтпей, қолданылу мерзімі шектелмейтін аттестатқа өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуге жатады".
2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.04.2026 № 197 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалар мен рұқсат беру талаптарында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Аттестаттау тәртібі";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ басқа ұйымдарда қызметін қоса атқаруды анықтауды аттестаттау орталығы басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты қызметкер қарайды.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Өтініш берушілер ұсынған құжаттар электронды және (немесе) қағаз түрде аттестаттау орталығының мұрағатында 5 (бес) жыл бойы сақталуы тиіс.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Аттестаттау орталығы аттестаттау орталығы басшысының қолымен, Excel форматында электрондық нысанда қағаз түрінде есептік айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ай сайын уәкілетті органға мынадай ақпарат ұсынады:
1) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізіліміне енгізілген, берілген біліктілік аттестаттарының саны;
2) біліктілік аттестаттарын беруден бас тартулардың саны;
3) біліктілік аттестаттарын алуға өтініш жасаған адамдардың толық тізімі.";
2-қосымша осы тізілімге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.04.2026 № 197 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техника жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі рұқсат беру талаптары
Р/с № | Аттестаттау мамандығы | Біліктілік талаптары | |
Білімі | Жұмыс тәжірибесі | ||
1-тарау. Жобалау қызметі | |||
1. | Жобаның бас инженері | Жоғары, құрылыс саласында | Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
2. | Жобаның бас сәулетшісі | Жоғары, сәулет саласында | Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
3. |
Бас конструктор: | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты | Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
4. |
Сәулет бойынша жетекші инженер жобалаушы: |
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты |
Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл |
2-тарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстары | |||
5. | Бас инженер | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшылық лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл |
6. | Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты | Құрылыс саласында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл |
7. |
Учаскенің бастығы: |
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты |
Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл |
8. |
Жұмыс жүргізуші: |
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты |
Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл. |
9. |
Мастер: |
Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағытына байланысты |
Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде бір жыл. Не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл. |
