ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Е. Тургумбаев |
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.04.2026 № 276 және ҚР Сауда және интеграция министрінің 18.04.2026 № 170-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
р/с № | Объектіні және қолдану саласын көрсете отырып өлшемдердің атауы | Өлшемдерге қойылатын метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
Өлшеу диапазоны | Шекті рұқсат етілген қателік немесе дәлдік класы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын (км/сағ) мобильді жылдамдық өлшегіштермен өлшеу | 20-дан 250 км/сағ дейін | ± 2 км/сағ. |
Тіркеу: |
2 | Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын (км/сағ) стационарлық жылдамдық өлшегіштермен өлшеу | 20-дан 250 км/сағ дейін | ± 2 км/сағ. | |
3 | Рульдік басқарудағы жиынтық люфтті өлшеу | 0°-тан 30°-қа дейін | ± 1° | "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) |
4 | Алдыңғы әйнек пен алдыңғы бүйірлік әйнектің жарық өткізгіштігін өлшеу | 0%-тен 70%-ке дейін | ± 2 % | |
5 | Шина протекторы суретінің қалдық биіктігін өлшеу | 0-ден 150 мм-ге дейін. | ± 0,01мм. | |
6 | Пайдаланылған газдардағы компоненттердің концентрациясын өлшеу | - көлемдік үлестің 0-ден 5%-не дейін СО | Абсолютті ± 0,03% Салыстырмалы ± 5 % | |
- көлемдік 0-ден 16%-ке дейін СО2 | Абсолютті ± 0,5% Салыстырмалы ± 5 % | |||
- 0-ден 21%-ке дейін О2 | Абсолютті ± 0,1% Салыстырмалы ± 5 % | |||
- 0 млн-1-ден 2000% млн-1-ге дейін СН | Абсолютті ± 10 млн-1 Салыстырмалы ± 5 % | |||
7 | Көлік құралдары қозғалысының орташа жылдамдығын (км/сағ) стационарлық жылдамдық өлшегіштермен өлшеу | - | Орташа жылдамдықты есептеу кезінде ± 2 км/сағ | Қозғалыстың орташа жылдамдығынан асып кетуін тіркеу |
8 | Стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақыланатын учаскесін өлшеу (мемлекеттік тіркеу нөмірінің танудың шекті қашықтығы) |
| ± 1°% |
Тіркеу: |
9 | Аппараттық-программалық кешендердің орналасу координаттарын өлшеу |
|
| Құқық бұзушылық орнын тіркеу. Барлық ЖЖҚ бұзушылықтары үшін, аппараттық-бағдарламалық кешендердің барлық түрлері үшін міндетті өлшем болып табылады. |
10 | Шығыңқы нүктелер бойынша көлік құралдарының габариттері мен стационарлық аппараттық-программалық кешендердің жол белгісі арасындағы қашықтықты өлшеу |
|
|
|
11 | Уақытты синхрондау қатесін өлшеу |
|
| Құқық бұзушылық уақытын тіркеу. Барлық ЖЖҚ бұзушылықтары үшін, аппараттық-бағдарламалық кешендердің барлық түрлері үшін міндетті өлшем болып табылады. |
12 | Мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақыланатын учаскесін өлшеу (мемлекеттік тіркеу нөмірінің танудың шекті қашықтығы) |
|
|
Тіркеу: |