1. "Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 237 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №162 бірлескен бұйрығына (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18438 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
р/с №
|
Объектіні және қолдану саласын көрсете отырып өлшемдердің атауы
|
Өлшемдерге қойылатын метрологиялық талаптар
|
Ескертпе
|
Өлшеу диапазоны
|
Шекті рұқсат етілген қателік немесе дәлдік класы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын (км/сағ) мобильді жылдамдық өлшегіштермен өлшеу
|
20-дан 250 км/сағ дейін
|
± 2 км/сағ.
|
Тіркеу:
- белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету;
|
2
|
Көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын (км/сағ) стационарлық жылдамдық өлшегіштермен өлшеу
|
20-дан 250 км/сағ дейін
|
± 2 км/сағ.
|
3
|
Рульдік басқарудағы жиынтық люфтті өлшеу
|
0°-тан 30°-қа дейін
|
± 1°
|
"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген)
|
4
|
Алдыңғы әйнек пен алдыңғы бүйірлік әйнектің жарық өткізгіштігін өлшеу
|
0%-тен 70%-ке дейін
|
± 2 %
|
5
|
Шина протекторы суретінің қалдық биіктігін өлшеу
|
0-ден 150 мм-ге дейін.
|
± 0,01мм.
|
6
|
Пайдаланылған газдардағы компоненттердің концентрациясын өлшеу
|
- көлемдік үлестің 0-ден 5%-не дейін СО
|
Абсолютті ± 0,03% Салыстырмалы ± 5 %
|
|
- көлемдік 0-ден 16%-ке дейін СО2
|
Абсолютті ± 0,5% Салыстырмалы ± 5 %
|
|
- 0-ден 21%-ке дейін О2
|
Абсолютті ± 0,1% Салыстырмалы ± 5 %
|
|
- 0 млн-1-ден 2000% млн-1-ге дейін СН
|
Абсолютті ± 10 млн-1 Салыстырмалы ± 5 %
|
7
|
Көлік құралдары қозғалысының орташа жылдамдығын (км/сағ) стационарлық жылдамдық өлшегіштермен өлшеу
|
-
|
Орташа жылдамдықты есептеу кезінде ± 2 км/сағ
|
Қозғалыстың орташа жылдамдығынан асып кетуін тіркеу
|
8
|
Стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақыланатын учаскесін өлшеу (мемлекеттік тіркеу нөмірінің танудың шекті қашықтығы)
|
10-нан 100 м-ге дейін
|
± 1°%
|
Тіркеу:
- Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу;
- бағдаршамның тыйым салу сигналына өту;
- жол белгілерінде жазылған талаптарды сақтамау;
- жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына қозғалыста артықшылық бермеу;
- маневр жасау қағидаларын бұзу.
|
9
|
Аппараттық-программалық кешендердің орналасу координаттарын өлшеу
|
Шектеусіз.
|
± 10 м
|
Құқық бұзушылық орнын тіркеу. Барлық ЖЖҚ бұзушылықтары үшін, аппараттық-бағдарламалық кешендердің барлық түрлері үшін міндетті өлшем болып табылады.
|
10
|
Шығыңқы нүктелер бойынша көлік құралдарының габариттері мен стационарлық аппараттық-программалық кешендердің жол белгісі арасындағы қашықтықты өлшеу
|
0-ден 5 м-ге дейін
|
± 0,5 м
|
Жол белгісімен жазылған талаптарды сақтамаудың бұзушылығын тіркеу.
|
11
|
Уақытты синхрондау қатесін өлшеу
|
Шектеусіз.
|
± 2 с
|
Құқық бұзушылық уақытын тіркеу. Барлық ЖЖҚ бұзушылықтары үшін, аппараттық-бағдарламалық кешендердің барлық түрлері үшін міндетті өлшем болып табылады.
|
12
|
Мобильді аппараттық-бағдарламалық кешендердің бақыланатын учаскесін өлшеу (мемлекеттік тіркеу нөмірінің танудың шекті қашықтығы)
|
Шектеусіз.
|
± 1 %
|
Тіркеу:
- көлiк құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзу;
- жол белгілерінде жазылған талаптарды сақтамау.
|