Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1318 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17323 болып тіркелді.

      "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1318 бұйрығымен бекітілген

Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) 18-1-бабына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы алқалы орган болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:

      1) өтініш беруші – тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану туралы Комиссияға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      2) патенттік сенім білдірілген өкіл – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматы;

      3) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      4) тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану туралы өтініштерді қарау жөніндегі уәкілетті орган жанындағы алқалы орган;

      5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия:

      1) жеке немесе заңды тұлғалардың тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі тауар белгісі ретінде тану туралы Министрлікке түсетін өтініштерін қарайды;

      2) дауларды қарау үшін мемлекеттік органдардың тиісті бейіндегі мамандарын және сараптама ұйымның қызметкерлерін тартады, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс кездесулерін ұйымдастырады;

      3) Комиссия отырыстарында өтініш беруші және (немесе) оның өкілдерін тыңдайды, сондай-ақ оларға сұрақтар қояды;

      4) тауар белгісін немесе тауар белгісі ретінде пайдаланылатын белгілемені жалпыға бірдей белгілі деп тану туралы шешім немесе мұндай танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол өтініш берушіге мұндай шешім қабылданған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не оның орнын алмастыратын тұлғаның) бұйрығымен бекітіледі және Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің және сараптама ұйымының кемінде бес қызметкерлерінен тұрады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары атқарады.

      8. Комиссияның төрағасы:

      1) оның қызметін басқарады;

      2) Комиссия отырысының кестесін, сондай-ақ Комиссияның отырыстары өткізілетін орны мен уақытын белгілейді;

      3) Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді.

      9. Отырыстардың материалдары Комиссия төрағасымен келісілгеннен кейін отырысты өткізген күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.

      10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы дауларды сотқа дейін қарастыру басқармасына жүктеледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссияның отырыстары оған оның кемінде 2/3 мүшелері қатысса, заңды болып саналады.

      12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы басым дауыспен қабылданады және егер оған отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      13. Комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады