Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабының 1-тармағына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармағына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына қосымша |
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдерінде тіркеу және оларға өзгерістер енгізу тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) кандидат – патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміттену құқығы бар тұлға;
2) Комиссия – Патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссия;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушы – жеке тұлға, патенттік сенім білдірілген өкілге кандидат;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматы;
5) Тізілімдер – Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі және Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімі.
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметтері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетудің мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдеріне тіркеу және оларға өзгерістер енгізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-параграф. Құжаттарды қабылдау
3. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік қызметі.
4. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын және зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Патенттік сенім білдірілген өкіл патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өткізу және оларға патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру нәтижелері бойынша қызметін келесі саладағы мамандануына сәйкес жүзеге асырады:
1) тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары;
2) өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Аттестаттаудан өту үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалардың 1, 1-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
2) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізуге арналған мәліметтер.
Осы Қағидалардың 2-қосымшадағы көрсетiлген мәлiметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. "Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы тиiстi түрде ресiмделмеген немесе құжаттар топтамасы толығымен ұсынылмаған жағдайда уәкiлеттi орган олардың түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiштi әрi қарай қараудан дәлелдi бас тарту туралы жазбаша түрiнде жауап бередi.
Аттестаттауға рұқсат беруден бас тарту сот тәртібінде шағымдалады.
8. Аттестаттауға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;
2) қылмыс жасағаны үшiн заң тәртiбiнде белгiленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмдерінен шығарылған адамдар;
4) уәкiлеттi органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар жiберiлмейдi.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және туркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жүгiнген болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң нәтижесiн алу, келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
2-параграф. Аттестаттауды өткізу
10. Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидаттардың тiзiмi уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидат үш жұмыс күнi бұрын тестiлеуден өту орны, күнi, уақыты туралы "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда хабарланады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылады.
Кандидат жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде бір жұмыс күні ішінде емтихан тапсырады.
11. Кандидат өз қалауы бойынша аттестатты қазақ немесе орыс тiлiнде өтедi. Аттестацияның басталуына дейiн кандидат өз тiл қалауын жазбаша түрде растайды.
12. Тестiлеуге енгiзiлуi тиiстi сұрақтар тiзбесiн аттестаттау комиссиясымен бекiтедi. Кандидаттардың бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына ("Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент заңы", "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары), сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде төрт нұсқасын қамтиды.
Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi. Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минутты құрайды.
Тест құпия ақпарат болып табылады және еркiн жариялауға жатпайды.
Аттестаттауды өткiзер алдында көрсетілетін қызметті беруші кандидатты аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттау күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тестiлеу нәтижесi көрсетiлетiн хаттама жүргiзiледi.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Тестiлеуден шеттетiлген кандидат келесi аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi қайта беру құқығынан айырылмайды.
15. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бiрден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi көрсетілетін қызметті берушіге берiледi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % және одан жоғары құраса, кандидат тестiлеуден өттi деп саналады.
Жауапты орындаушы тестiлеу нәтижесi бойынша хаттама дайындайды және екі жұмыс күні ішінде оны құрылымдық бөлiмшенiң басшысы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасына қол қоюға жолдайды.
Хаттамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға тарапынан қол қойылады.
Хаттама көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ жолданады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Аттестаттау аттестацияға жіберу туралы өтініш түскен күннен бастап атқарылатын қызмет көрсетушінің орналасқан жері бойынша 10 жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша мемлекеттік қызмет патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу туралы өтініш негізінде осы Қағидалардың 5, 5-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша "бір өтініш" қағидаты бойынша "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметінің жиынтығымен көрсетіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн беру
19. "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметі.
20. Патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін алу үшін кандидат "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидалардың 6 және 6-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде кандидаттың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін беру туралы өтініш жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы өтінішті "жеке кабинетiнде" берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгi үш жұмыс күнi iшiнде беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш беруші жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің осы Қағидалардың 6, 6-1-тармақтарындағы насандағы сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтініш қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Өтінішті сәйкестендіру мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жолдайды.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарау нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 8 және 8-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін ресімдейді және оны бір жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысына келісуге жібереді.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетiлетiн қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғаның қолы қойылғаннан кейін көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне бір жұмыс күні ішінде жолданады.
4-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмдеріне және оларға өзгерiстер енгiзудi тiркеу
Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Тiзiлiмдерге куәлiк алған патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң және олардың алдағы уақыттағы өзгерiстерi туралы мәлiметтерi енгiзiледi. Тiзiлiмдер уәкiлеттi органмен жүргiзiледi және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Тiзiлiмдерге келесi мәлiметтер көрiнiс табады:
1) куәлiк нөмiрi болып табылатын реттiк тiркеу нөмiрi;
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу күнi;
3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда);
4) тұрақты тұрғылықты жерi;
5) хат алмасу үшiн мекенжайы, сондай-ақ телефон, электрондық почта мекенжайы;
6) жұмыс орны, лауазымы;
7) куәлiктi беру немесе жiберу туралы мәлiметтер;
8) тоқтата тұру туралы мәлiметтер;
9) Тiзiлiмдерден алып тастау жөнiндегi мәлiметтер.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң мәлiметтерi өзгерген жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бiр ай мерзiмде осындай мәлiметтер өзгерген сәттен бастап ол туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
3-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
27. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшенің қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келiп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
28. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары салаласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Азамат _______________________________________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер салалары бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Мені өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер салалары бойынша Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша ___ парақта.
Азамат ______________________________________ күні:__________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ескерту. Оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттаудан өту үшін мәліметтер
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
1. Диплом туралы мәлімет:
1) жоғары оқу орнының атауы ________________________________________________
2) дипломның нөмірі ________________________________________________________
3) дипломның берілген күні __________________________________________________
4) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
сериясы және нөмірі: ________________________________________________________
негіздеме: күні және нөмірі __________________________________________________
тіркеу нөмірі және күні ______________________________________________________
Жеке тұлға _____________________________________ күні:________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Өтініш қабылданған бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім немесе осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс істейді. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидалардың 1, 1-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушы "Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметін алады. |
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Азамат__________________________________________күні:________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілінің қызметімен айналысуға үміткер адамды өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша аттестаттауға рұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Ескерту. Қағидалар 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мені өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Телефон нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Қосымша _____ парақта.
Азамат__________________________________________күні:________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Маған тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: ___ парақта.
Азамат ___________________________________________ күні: ______
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер салсындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш
Ескерту. Қағидалар 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Маған өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: ____ парақта.
Азамат ___________________________________________ күні: ______
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
"Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Өтініш тіркелген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі осы Қағидалардың 8-қосымшасына және 8-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) жолданады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін жұмыс істейді. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру туралы өтініш осы Қағидалардың 6, 6-1 қосымшаларына сәйкес нысан бойынша кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады. |
9. | Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушы өтініштің осы Қосымшаның 8-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтініш қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді. |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
"Бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алушы "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметін алады. |
| Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдеріне тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларына 8-қосымша нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ | КОМИТЕТ ПО ПРАВАМ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 29.01.2026 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасының Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлi ретiнде тiркелген [Тегi] [Аты] [Әкесiнiң аты (болған жағдайда)] берiлдi.
Тiркеу туралы жазба ___ жылғы "___" _______ №____ Қазақстан Республикасының тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауар шығарылған жердің атаулары саласындағы патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізіліміне енгiзiлген.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
| Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімдеріне тіркеу және оларға өзгерістер енгізу қағидаларына 8-1 қосымша нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ | КОМИТЕТ ПО ПРАВАМ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ МИНИСТЕРСТВА ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI
Өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы мамандандыру бойынша Қазақстан Республикасның Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлi ретiнде тiркелген [Тегi] [Аты] [Әкесiнiң аты (болған жағдайда)] берiлдi.
Тiркеу туралы жазба ___ жылғы "___" _______ №____ Қазақстан Республикасының өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер саласындағы патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізіліміне енгiзiлген.
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
