Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 тамызда № 17281 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.08.2025 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 75) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.08.2025 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мына:

      1) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10831 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 маусымда жарияланған);

      2) "Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 1108 бұйрығының 1-тармағы 3-40 абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14749 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 20 шілде

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 13 шілдедегі
№ 514 бұйрығымен
бекітілген

Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 20.08.2025 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) кәсіби өртке қарсы қызметтерді ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібін айқындайды.

      2. Кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау қызметкерлердің штат санының, техникалық жарақталуы мен кәсіби жарамдылығының "Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) бекітілген Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      3. Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттауды азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосы жүзеге асырады.

      Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "цифрлық үкімет" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 140 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Кәсіби өртке қарсы қызметтерге аттестаттау жүргізу тәртібі

      4. Кәсіби өртке қарсы қызметтер (бұдан әрі – КӨҚҚ) аттестатын алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында кәсіби өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтінішті "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқор" цифрлық жүйесінде (бұдан әрі – Портал) "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – Тізбе) баяндалған.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыру үшін объектіні пайдалану құқығының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті Порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды қабылдау туралы хабарлама алады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтінішті орындаушыны анықтайды. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 140 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Құжаттарды қабылдау және оларды қарау нәтижесін беру электронды нысанда жүзеге асырылады.

      6. Құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы КӨҚҚ аттестатын алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы төрт жұмыс күні ішінде құжаттарды рұқсат беру талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      "Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыға қағаз форматта тыңдау нәтижелері бойынша аттестат беру құқығына құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына баянат немесе аттестат беруден дәлелді бас тарту жасайды және порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бір жұмыс күні ішінде электрондық нәтижеге қол қояды және оны Портал арқылы беруді жүзеге асырады.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, электрондық байланыс болмаған немесе хабарламаларды жіберуге кедергі келтіретін өзге де жағдайлар туындаған кезде, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесі техникалық істен шығудың пайда болуы анықталған сәттен бастап дереу көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін шаралар қабылдайды (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).

      Хабарламаларды жөнелтудің бір сағаттан артық кідіруіне әкеп соғатын авариялық жағдайдың әрбір оқиғасын көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті бөлімшесінің жауапты орындаушысы арнайы журналда тіркейді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 140 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      7. Құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап алты жұмыс күнін құрайды.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына тиісті аттестатты бір мезгілде бере отырып, аттестаттау жөніндегі өзінің шешімі туралы өтініш берушілерді КӨҚҚ атауында шығу және/немесе шығусыз техникасымен – өртке қарсы қызмет түрін көрсетумен не Тізбеге сәйкес аттестаттаудан дәлелді бас тарту туралы хабардар етеді.

      9. Аттестаттау нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КӨҚҚ тіркеу журналына енгізіледі және ведомствоның сайтына орналастырылады.

      10. КӨҚҚ аттестаттау жүргізу үшін ұсынылған құжаттар, сондай-ақ оның нәтижелері іске қалыптастырылады.

      11. Аттестаттың жарамдылығы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:

      1) КӨҚҚ-ның аттестаттың жарамдылығын тоқтату туралы өтініш (еркін нысанда) ұсынуы;

      2) заңды тұлғаның таратылуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ұйымдарда, елді мекендерде
және объектілерде өрттердің
алдын алу және сөндіру, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және өрттерді сөндіруге
байланысты авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына
кәсіби өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің
төрағасына ______________

Кәсіби өртке қарсы қызметті аттестаттау туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 140 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
___________________________________________________________________
кәсіби өртке қарсы қызмет атауы
_________________________________________________________________
кәсіби өртке қарсы қызмет түрі ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің
алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге
байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу
құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
      Бизнес сәйкестендіру нөмірі:_______________________________________
      Кәсіби өртке қарсы қызмет орналасқан жері:_____________________________
____________________________________________________________________
      Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқықта көлік құралдарының:
      Мемлекеттік нөмірлік белгінің (тіркеу нөмірі)____________________________
      Техникалық паспорт сериясы және нөмірінің бар-жоғы туралы мәлімет
_____________________________________________________________
      Меншік тұрғын үй не өзге заңды құқығында кезметкерлерді, өрт сөндіру- құтқару
техникасын, жабдық пен жарақты орналастыруға арналған объектінің бар-жоғы туралы
мәлімет: __________________________________________________
      Жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірі__________________________
      Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 "Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес кәсіби
өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы құрал-
жабдық тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы құрал-жабдықпен
қамтамасыз етілген қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлері:
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға
келісемін.
      Төраға ______________________ тегі, аты, әкесінің аты
            (бар болған жағдайда)
____________________ Күні

  Ұйымдарда, елді мекендерде
және объектілерде өрттердің
алдын алу және сөндіру, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және өрттерді сөндіруге
байланысты авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына
кәсіби өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына
  2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.03.2026 № 140 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына кәсіби өртке қарсы қызметтерді аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті беруші атауы

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ.

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

6 жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал арқылы жүгінген кезде – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында: www.emer.gov.kz;
2) "цифрлық үкімет" веб-порталында: www.egov.kz, www.elicense.kz ескерту.

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық сұрату;
2) "Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 9942 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 783 бұйрық) бекітілген Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өртті сөндіруге әзірлігін техникалық байқау актілерінің электрондық көшірмелері;
3) "Кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына 2-қосымшаға (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10382 болып тіркелген) сәйкес, нысан бойынша Кәсіби өртке қарсы қызмет мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарын аяқтағаны туралы куәліктердің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, көлік құралдарының бар-жоғы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін және көлік құралы куәлігінің тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен құрал-жабдықты орналастыру үшін объектіні пайдалану құқығының бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлерде жүргізуші куәліктерінің бар-жоғы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде), көлік құралдарының міндетті техникалық байқауы (көрсетілетін қызметті алушы көлік құралының тіркеу нөмірін көрсеткен кезде), жұмыскерлердің білімі және еңбек қызметі (көрсетілетін қызметті алушы жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін көрсеткен кезде) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымша

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің № 783 бұйрықпен бекітілген кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны 8 (7172) 60-21-33, Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары 1414, 8 8000 080 7777.

  Ұйымдарда, елді мекендерде
және объектілерде өрттердің
алдын алу және сөндіру, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және өрттерді сөндіруге
байланысты авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына
кәсіби өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Аттестат №__________________ аттестат нөмірі

      Осы аттестат

      _______________________________________________________

      заңды мекенжайы

      __________________________________________________________________

      кәсіби өртке қарсы қызметтің атауы

      ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына

      ______________________________________________________________ берілді

      кәсіби өртке қарсы қызметтің түрі

      Төраға ______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Астана қаласы, 20___жылғы "___"__________________

  Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің
алдын алу және сөндіру, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ету
және өрттерді сөндіруге
байланысты авариялық-құтқару
жұмыстарын жүргізу жөніндегі
жұмыстарды жүргізу құқығына
кәсіби өртке қарсы қызметтерді
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
Форма

Кәсіби өртке қарсы қызметтерді тіркеу журналы

Кәсіби өртке қарсы қызметің атауы

Аттестаттың тіркеу нөмірі

Өртке қарсы қызметтің түрі

Кәсіби өртке қарсы қызметтің орналасу мекенжайы, телефоны

1

2

3

4

5












Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады