Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 783 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда № 9942 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.08.2025 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.08.2025 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.08.2025 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ.Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 7 қарашадағы
№ 783 бұйрығымен
бекітілген

Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары

      Ескерту. Талаптары жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 18.08.2025 № 333 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы кәсіби өртке қарсы қызметтерге қойылатын рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – рұқсат беру талаптары) кәсіби өртке қарсы қызметтердің Қазақстан Республикасының ұйымдарында, елді мекендері мен объектілерінде өрттердің алдын алу мен сөндіру, өртті сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарды орындауға кәсіби өртке қарсы қызметтердің сәйкестігін анықтау мақсатында әзірленген.

      2. Жолға шығатын өрт сөндіру техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызметтерге мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

      1) осы рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығында не лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен, автомобильді техникалық қарап тексерудің диагностикалық карталарымен және негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің өрт сөндіруге дайындығын техникалық қарап тексеру актілерімен расталған кемінде екі өрт сөндіру автомобилінің болуы;

      2) жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін меншік құқығында не өзге құқықта ғимараттың немесе үй-жайдың болуы;

      3) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақ тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға әр негізгі өрт сөндіру автомобиліне жүргізушіні қоса алғанда 1 бөлімше бастығы, 4 жұмыскер есебінен кемінде 17 адамның болуы;

      4) кәсіби өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің осы рұқсат беру талаптарына 3-қосымшада көрсетілген біліктілікке сәйкес келуі.

      3. Жолға шығатын өрт сөндіру техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызметтерге мынадай рұқсат беру талаптары қойылады:

      1) жұмыскерлерді, өрт сөндіру-құтқару техникасын, жабдық пен жарақты орналастыру үшін меншік құқығында не өзге құқықта ғимараттың немесе үй-жайдың болуы;

      2) осы рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арналған арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақ тізбесі бойынша арнайы киім-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етілген жұмыскерлердің кезекшілік ауысымға 1 бекет бастығы және 2 жұмыскер есебінен кемінде 9 адамның болуы;

      3) кәсіби өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің осы рұқсат беру талаптарына 3-қосымшада көрсетілген біліктілікке сәйкес келуі.

  Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
1-қосымша
Нысан

Негізгі өрт сөндіру автомобилінің өрттерді сөндіруге дайындығын техникалық байқау актісі *

      _________________________________________________________________

      (КӨҚҚ атауы)

      Маркасы, моделі _______ шасси ______ шыққан жылы __________ _________

      тіркеу нөмірлік белгісі _______________________ иесі ____________________

      шасси_______________ шанағы ______________ қозғалтқышы _____________

      1. № ______________ автомобиль формулярының болуы және оны жүргізу,____________ № ____________ көлік құралын тіркеу туралы куәлік, техникалық байқаудан өтуі туралы куәлік.

      2. Спидометр бойынша жүріп өткен жолы_________________км.

      3. Автомобильдегі өрт-техникалық жабдық пен жарақтың тізімдемесі мен оның болуы:

Р/с

Жабдық пен жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Болуы (бар/жоқ)

1

2

3

4

5

1

Ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм сорғыш түтік

дана

2


2

Ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм сорғыш түтік

дана

2


3

Диаметрі 77 мм, гидранттан жұмыс істеуге арналған тегеурінді түтік

дана

2


4

Ұзындығы 20 м диаметрі 77 мм тегеурінді түтік

дана

6


5

Ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм тегеурінді түтік

дана

10


6

Ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм тегеурінді түтік

дана

6


7

Ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм сорғыш түтік

дана

1


8

Ұзындығы 12 м жібі бар СВ-125 сорғыш түтікке арналған тор

дана

1


9

РТ – 70 (РТ – 80) 3 жүрісті тармақталу

дана

2


10

Бітеуіші бар ВС-125 түтікке су жинағыш

дана

1


11

Гидранттарды ашуға арналған жалғайтын кілттер

дана

1


12

Газ түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы арқаны

дана

1


13

70х50 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


14

80х50 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


15

80х70 жалғамалы өтпелі бастиек

дана

2


16

Түтік бекіткіш

дана

4


17

Түтік қысқыштар

дана

4


18

Өрт колонкасы

дана

1


19

К-150 сорғыш түтіктерді қосуға арналған кілттер

дана

2


20

К-80 тегеурінді түтіктерді қосуға арналған кілттер

дана

2


21

Гидранттардың қақпақтарын ашуға арналған кілттер

дана

1


22

Г-600 гидроэлеваторы

дана

1


23

РСК – 50 оқпаны

дана

4


24

РСА оқпаны

дана

2


25

РС –70 оқпаны

дана

2


26

СВП-4 ауа-көбікті оқпаны

дана

2


27

Тасымалданатын лафетті оқпан

дана

1


28

ГПС-600 еселігі орташа көбік генераторы

дана

2


29

Үш иінді саты

дана

1


30

Шабуыл сатысы

дана

1


31

Таяқ-саты

дана

1


32

Ұзындығы 2,5 метрлік металл багор

дана

1


33

"Әмбебап" сүймен

дана

1


34

Ұста зілбалғасы

дана

1


35

Балташы балғасы

дана

1


36

Жалпақ күрек

дана

1


37

Ағаш қаптағы ағаш кесетін ара

дана

1


38

Арматура кесуге арналған қайшы

дана

1


39

Электр өткізгіштерді кесуге арналған аспаптар жиынтығы, оның ішінде:




диэлектрлік тұтқасы бар қайшы;

дана

1


диэлектрлік қолғап;

жұп

1


диэлектрлік боты;

жұп

1


диэлектрлік кілемше.

дана

1


40

Ұзындығы 30 м брезент қаптағы құтқару арқаны

дана

1


41

Өртте жұмыс істеуге арналған тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары (ұсынылады)

дана

4


42

Жылу шағылыстырғыш костюм

дана

3


43

Резеңке етік

жұп

4


44

Электрлік жеке шам

дана

5


45

Электрлік топтық шам

дана

1


46

Медициналық дәрі-дәрмек сөмкесі

жиынтық

1


47

ОУ-5 немесе ОП - 5 өрт сөндіргіш

дана

1


48

Қысқа сапты күрек

дана

1


49

Автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған аспаптар жиынтығы

жиынтық

1


50

Автомобиль радиостанциясы

дана

1


51

Тасымал радиостанция

дана

4


52

Сигналдық-дауыс зорайтқыш құрылғы

дана

1


53

Домкрат 5 – 10 т

дана

1


      4. Сигналдық дауыс зорайтқыш құрылғының, сиреналардың, жарқыл маяктардың жай-күйі

      ________________________________________________________________

      (болуы және жарамдылығы)

      5. Радиостанциялардың жай-күйі__________________________________

      (болуы және жарамдылығы)

      6. Өрт сөндіру автомобилінің өрт сорғышының, газ ағысы-вакуумды тетігінің және/немесе өзге де арнайы агрегаттарының (атауларын көрсете отырып) жай-күйі, атқарған жұмысы (мото-сағаттар)____________________________________________

      (өрт сорғыштың өрт сөндіргіш құралдарын беру қабілеттігі, ашық су көзінен су алу және гидрант арқылы жұмыс істеу)

      7. Өрт сөндіру автомобилінің техникалық жай-күйі және өртте жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезіндегі жұмысқа қабілеттілігі бойынша жалпы қорытынды

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      Комиссия төрағасы

      ___________________________________________________________________

      (бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)

      Комиссия мүшелері

      ___________________________________________________________________

      (бар болған жағдайда қолы, аты-жөні, тегі)

      М.О.

      *автомобильдің жай-күйін тексеру және осы актіні жасау кәсіби өртке қарсы қызметтің орналасқан жері бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің комиссиясына жүктеледі.

  Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
2-қосымша

Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір жұмыскеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтау тізбесі

Р/с

Арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жарақтың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

1

Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі

жиынтық

1

2

Дулығаның астынан киетiн бас киiм

дана

1

3

Бессаусақты қолғап

жұп

1

4

Білекті терi қолғап

жұп

1

5

Карабинi бар өрт сөндiрушiнiң құтқару белдiгi

дана

1

6

Өрт сөндіру каскасы (дулыға)

дана

1

7

Өрт сөндiрушiнiң етiгi

жұп

1

8

Өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қабы

дана

1

9

Резеңке етiк

жұп

1

      Ескертпе:

      Кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлері өндiрiстiк қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, осы нормалар бойынша арнайы киiм-кешекпен және өртке қарсы жарақтармен қамтамасыз етіледі.

  Кәсіби өртке қарсы
қызметтерге қойылатын
рұқсат беру талаптарына
3-қосымша

Кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі

Лауазым атауы

Біліктілігі

1

2

Қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасарлары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасарлары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының басқару аппаратының немесе өрт сөндіру бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Өрт сөндіру бекетінің бастығы және оның орынбасары

Өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, өртке қарсы қызметтің басқару аппаратының немесе бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*

Қарауыл бастығы (ауысым бастығы)

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу аға нұсқаушысы

Орта техникалық білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрттің алдын алу нұсқаушысы

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар.

Бөлімше командирі

Орта білім, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі*, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Өрт сөндіру автомобилінің жүргізушісі (аға жүргізуші)

Орта білім, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі осы санат бойынша кемінде 1 жыл автомобиль жүргізу тәжірибесімен, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

Радиотелефонист (байланыс бекетінің диспетчері)

Орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлаудан өткен.

      *мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы не кәсіби өртке қарсы қызмет жүйесіндегі жұмыс кезеңі өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі деп есептеледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады