Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 маусымда № 16985 болып тіркелді.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 21 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 339 бұйрығына
1-қосымша

Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.01.2021 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 265-бабының 10-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау тәртібін айқындайды.

      Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген, өзгертілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға және көрсетілетін қызметті берушіге береді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы" ақпараттандыру объекті (бұдан әрі – ЖҚПБП) арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарда бірге, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Лицензия мынадай: жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген, лицензия мерзімі ұзартылған; жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.

      6. Тіркелген құжаттары бар өтініш ЖҚПБП-да тіркелудің бірегей есептік нөмірін, күні мен уақытын (сағатын, минутын) бере отырып тіркеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Берілген өтініш туралы мәліметтер ЖҚПБП-да автоматты түрде орналастырылуға жатады және мыналарды қамтиды:

      1) өтініш берушінің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесі аумағының координаттарын;

      3) өтініш келіп түскен күн мен уақытты қамтиды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті берушіге берілген, сол бір аумақты қамтитын лицензиялар беруге арналған өтініштер өтініштердің келіп түсу кезектілігі тәртібімен қаралады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші кезекті өтінішті қарауға алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін ғана кіріседі.

      Кезекті өтінішті қарау алдыңғы қаралған өтініш бойынша лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығарылған күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін басталады.

      Егер өтініш беруші бас тарту туралы шешімге сотқа шағым берсе, кезекті өтінішті қарау туралы мәселені қызмет беруші бас тарту туралы шешімнің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін шешеді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ЖҚПБП арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі - 7 (жеті) жұмыс күнін, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу кезінде -7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың дұрыстығын және Кодекске сәйкестігін тексереді және келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кен іздеушілікке арналған лицензияны, қайта ресімделген лицензияны беру;

      2) Тізбедегі 9-тармақта көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Көрсетілетін қызметті алушының тыңдау туралы хабарламасын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын ЖҚПБП-да қалыптастырады және автоматты түрде көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы жеке кабинетінде орналастырады. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды рәсімдейді.

      Инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты бас тартуға негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тарту туралы шешім қалыптастырып, оны ЖҚПБП арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың прокурорына (бұдан әрі - прокурор) келісуге жібереді.

      Прокурор шешімді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімді келіседі не келісуден бас тартады.

      Прокурормен келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті беруші инвесторлар тізіліміне енгізілген көрсетілетін қызметті алушыны прокурордың жауабы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Лицензия беруден бас тарту Кодекстің 267-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес шығарылады.

      14. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қызметті берушіге қайта өтініш береді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер ЖҚПБП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      18. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), шығыс нөмірі мен күні, пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      19. Шағымды қабылдаған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      20. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:

      көрсетілетін қызметті беруші - оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      21. Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беруге
өтініштерді
беру және қарау" мемлекеттік
қызметтер көрсету
қағидаларына
1-қосымша
нысан
________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________
жеке тұлғалар үшін өтініш
берушінің тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), жеке сәйкестендіру
нөмірі, байланыс деректері

Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру туралы өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кен іздеушілікке лицензия беруіңізді сұраймын


Өтініш беруші туралы мәліметтер

1.

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер

2.

Өтініш беруші пайдалануға беруді өтінген кен іздеушілік учаскесін айқындайтын аумаққа бұрыштық нүктелердің географиялық координаттары және жалпы ауданы көрсетілген масштабта көрсету

      Кен іздеу учаскесінің ауданы:_________________________________

      Учаскенің географиялық координаттарда орналасуы:

Бұрыштық нүктелер № Бұрыштық нүктелердің координаттары

Солтүстік ендік

Шығыс бойлық

градустар

минуттар

секундтар

градустар

минуттар

секундтар

1





2





...





3.

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1)________________________________________ 2)________________________________________ 3)________________________________________ 4)________________________________________ (құжаттардың атауы және парақтар саны)

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.

      20 __ жылғы "__" _____сағат ____ минут.

  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беруге өтініштерді
беру және қарау" мемлекеттік
қызметтер көрсету қағидаларына
2-қосымша
нысан
________________________
(мемлекеттік органның атауы)
________________________
жеке тұлғалар үшін – көрсетілетін
қызметті алушының тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(болған кезде), байланыс деректері

Кен іздеушілікке арналған лицензияны қайта ресімдеуге өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Лицензияны қайта ресімдеуді сұраймын


Өтініш беруші туралы мәліметтер


1.

жеке тұлғалар үшін- көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), азаматтығы, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күні, көрсетілетін қызметті алушының салық төлеуші ретінде тіркелгені туралы мәліметтер


2.

лицензияның нөмірін (лерін), лицензияны берген берілген күнін көрсету


3.

қызмет түрінің толық атауын көрсету


4.

лицензияны қайта ресімдеу негіздемесі немесе себептерін көрсету


      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері; өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.

      20 __ жылғы "__" _____сағат ____ минут.

      (құжаттардың атауы және парақтар саны)

      Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ деректері;

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.

      20 __ жылғы "__" _____сағат ____ минут.

  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Кен іздеушілікке арналған лицензияларды беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 17.03.2026 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызмет берушінің атауы

Облыстардың жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара цифрандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Кен іздеушілікке арналған лицензия, қайта ресімделген лицензия немесе осы Тізбемен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің және цифрлық объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін;
2) ЖҚПБП – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Лицензия алу үшін:
1) кен іздеушілікке лицензия беру туралы өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушы бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдалану жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтардың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушіліктің учаскесінде өткізу жоспарланып отырған кен іздеушілік бойынша жұмыстардың түрлері мен тәсілдерін сипаттауды қамтитын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) егер көрсетілетін қызметті алушы механикаландыру құралдарын кен іздеушілікке лицензияның қолданылуының бірінші жылы ішінде пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспарының электрондық көшірмесі;
4) жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ аумағында өтініш берілетін жер қойнауы учаскесін пайдаланушының ЖҚПБП арқылы қол қойылған келісімі;
5) егер көрсетілетін қызметті алушы механикаландыру құралдарын кен іздеушілікке лицензияның қолданылуының бірінші жылы ішінде пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспарының электрондық көшірмесі.
Лицензия: жер қойнауын пайдаланушы туралы мәліметтер өзгерген: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген, лицензияның мерзімі ұзартылған; жер қойнауы учаскесі аумағының шекарасы өзгерген жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
2. Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) кен іздеушілікке лицензияны қайта ресімдеуге өтінім.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған шешімінің бар болуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы;
6) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмейді;
7) өтініш берілгенге дейін екі жыл ішінде өтініш иесінің осы Кодекстің 276-бабының 3-тармағымен көзделген негіздер бойынша лицензиясы қайтарылып алынған болса;
8) сұралатын аумақ немесе оның бір бөлігі басқа тұлғаға берілген кен іздеушілікке лицензия бойынша жер қойнауы учаскесіне немесе Кодекстің 264-бабының 2-тармағына сәйкес кен іздеушілікке лицензия беруге тыйым салынған аумаққа жатады;
9) өтініш берілгенге дейін бір жыл ішінде сұралған жер қойнауы учаскесіне (оның бір бөлігіне) қатысты көрсетілетін қызметті алушыға бұрын берілген кен іздеушілікке арналған лицензия тоқтатылды;
10) сұралатын кен іздеушілік учаскесінің аумағы Кодекстің 269-бабының талаптарына сәйкес келмейді.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жанындағы бірыңғай байланыс орталығы: 1465.

  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беруге
өтініштерді беру және қарау"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Кен іздеушілікке арналған лицензия

      1. 20___жылғы "___" ___________ №______

      тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – Жер қойнауын пайдаланушы) және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес кен іздеушілік жүргізу мақсатында жер қойнауы учаскесін пайдалануға құқық береді

      ________________________________________________________________

      2. Лицензия шарты:

      1) лицензияның мерзімі (кен іздеушілікке лицензия мерзімін ұзарту кезінде мерзімді ұзартуды ескере отырып көрсетіледі)): ______________ оны берген күннен бастап

      2) мындай географиялық координаттары бар ________ га, жер қойнауы учаскесі аумағының шекаралары ____________________________ (географиялық координаталардың нүктелерін көрсету) және осы аумақтың жер бетінің ең төменгі нүктесінен үш метр тереңдікте төменгі шекарамен

      3) жер қойнауын пайдаланудың өзге де шарттары:

      _______________________________________________________________

      Жер қойнауы учаскесінің (кен орнының) атауы, орналасқан жері):

      (атауы, облыс, аудан)

      Бағалы металдар мен асыл тастардың атауы: _________;

      20__ жылғы "__" _______ дейін

      Жер қойнауын пайдаланушы қол қою бонусын төлеуге міндетті.

      Жер қойнауы учаскесі аумағының схемалық орналасуы осы лицензияға қоса беріледі.

      1. Жер қойнауын пайдаланушы құқығындағы:

      1) жүк көтергіштігі он тоннадан аспайтын бір жүк машинасы, бұрғылау жабдығы, сондай-ақ шөміш көлемі жиынтығында текше метрден аспайтын экскаватор және (немесе) бульдозер түріндегі механикаландыру құралдарын пайдалануға;

      2) кен іздеушілік учаске аумағында жер бетіндегі ең төменгі нүктесінен үш метрден аспайтын тереңдікте бұрғылау және өзге де жер жұмыстарын жүзеге асыру.

      2. Жер қойнауын пайдаланушыға шашыранды алтын бойынша кен іздеушілікті жүргізу кезінде күнтізбелік жылда елу килограмнан аспайтын алтын өндіруге жол беріледі.

      5. Жер қойнауын пайдаланушының мыналарға:

      1) кен іздеушілік учаскесінде экскаваторлар мен бульдозерлерді су объектілерінде және су қоры жерлерінде пайдалануға;

      2) химиялық реагенттер мен жарылғыш заттарды қолдануға;

      3) күрделі ғимараттарды салу және салу;

      4) кен іздеушілік учаскесінен тыс жерге топырақты және алынған тау массасын шығаруға құқығы жоқ.

      6. Лицензияны қайтарып алу негіздері:

      1) экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарынан жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметке тыйым салу туралы сот шешімінің күшіне енуі;

      2) қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төленбеген жағдайда;

      3) кен іздеушілік салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынбай, кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізу;

      4) кен іздеушілік бойынша жұмыстар жүргізуді, механикаландыру құралдарын пайдалануды шектеу туралы кен іздеушілік лицензия шарттарының бұзылуы,

      химиялық реагенттерді, жарылғыш заттарды пайдалануға тыйым салу,

      күрделі құрылыстар салу,

      топырақты және тау-кен массасын кен іздеушілік учаскеден тыс жерге шығару;

      5) кен іздеушіліктің жоспарсыз, оның болуы қажет болғанда, кен іздеушілік жұмыстарын жүргізу.

      7. Лицензияны берген мемлекеттік орган

      ____________________________________________________

      (лицензияны берген мемлекеттік органның атауы)

      __________________________ (лицензиялар үшін)

      басшының (уәкілетті тұлғаның) қолы

      Мөр орны (бар болса) (лицензиялар үшін)

      Берілген орны: _________________, Қазақстан Республикасы

      ___________________ _ (облыстың әкімшілік орталығы)

  "Кен іздеушілікке арналған
лицензияларды беруге
өтініштерді беру және қарау"
мемлекеттік қызметтер көрсету
қағидаларына
5-қосымша

Облыстардың жергілікті атқарушы органдардың атауы
 
Облыстардың жергілікті атқарушы органдардың атауы

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ДӘЛЕЛДІ ЖАУАП

  Құжаттың нөмірі: __________
Берілген күні: _____________
_________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке
тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

      Облыстардың жергілікті атқарушы органдары Сіздің ж._ _._ № ______ өтінішіңізді қарап, кен іздеушілікке арналған лицензияларды беруге:____________мына себептер бойынша беруге бас тартады:

      (Қол қоюшының лауазымы)

      (Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады