РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiптік кешені саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешені саласындағы инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидасын бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкiмдiгiнің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2574, 2012 жылғы 1 маусымдағы № 63 (16692) "Дидар", 2012 жылғы 2 маусымдағы № 63 (19203) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 90 қаулысымен бекітілген |
Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.12.2025 № 316 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) АӨК субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық тәжірибені әзірлеу және тарату мен енгізу жөніндегі бюджеттік бағдарламаға әкімшілік ету бойынша функциялар жүктелген АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы;
3) ғылыми ұйымдар (бұдан әрі – ҒҰ) – қызметінің негізгі түрлері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғалар;
4) инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шара – жергілікті бюджет қаражаты есебінен өңірдің АӨК-не инновациялық жобаны енгізу жөніндегі шаралар кешені;
5) өтінім – АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органына ұсынылатын, осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандағы құжаттар топтамасы;
6) өтініш беруші(лер) – инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралармен оны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру үшін енгізу және өңірдің АӨК-не тарату үшін өтінім беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы АӨК, ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектісі.
2-тарау. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі
3. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді (бұдан әрі – Инновациялық жобаларды іріктеу) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың электрондық веб-порталы арқылы жүргізеді.
4. Инновациялық жобаларды іріктеу жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) құжаттарды тапсыру және оны өткізу мерзімдерін жыл сайын облыстық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі айқындайды.
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу порталында конкурс басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органының ресми сайтында жариялайды.
6. Инновациялық жобаларды іріктеу рәсімі төрт кезеңде жүзеге асырылады:
бірінші кезең: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімдерді ресімдеудің толықтығы мен сапасына қарауы, осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
екінші кезең: бюджеттік бағдарлама әкімшісінің инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде өтінімдер бойынша кешенді қорытынды дайындауы;
үшінші кезең: жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының, ғылымның, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын Комиссия өтінімдері мен кешенді қорытындысын қарауы, оның құрамы мен ережесін АӨК саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның уәкілетті органы бекітеді;
төртінші кезең: Комиссияның қорытындысы негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісінің инновациялық жобаны қаржыландыру немесе қаржыландырудан бас тартуы туралы шешім қабылдауы.
7. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші(лер) келесі құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазбаны;
4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар шығыстарының сметасын;
5) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлікті;
6) заңды тұлғалар үшін:
жарғының және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
соңғы екі жылдағы қаржылық есептіліктің көшірмесін;
есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы салық заңнамасымен белгіленген нысан бойынша мәліметтерді;
өтініш берушінің өтініш берген күннің алдындағы үш айдан астам уақыт ішінде банк (банктер) алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған және банктің (банктердің) мөрімен банктің (банктердің) анықтамасының түпнұсқасын (егер өтініш беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды орындауға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелерін;
өңірдің АӨК-ке инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін өтініш берушінің өзінің ғылыми-техникалық және материалдық-өндірістік базасын ұсыну туралы міндеттемесін растайтын құжаттарды (мәліметтер) (болған жағдайда);
7) жеке тұлғалар үшін:
көшірменің құжат түпнұсқасымен дұрыстығын куәландыру туралы куәландыру жазбасы бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін;
есебі салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы салық заңнамасымен белгіленген нысан бойынша мәліметтерді;
аграрлық бейіндегі ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды орындауға өтініш берушінің біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
инновациялық жобаны енгізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін өзінің ғылыми-техникалық және өндірістік базасын ұсыну туралы оның міндеттемесін растайтын құжаттарды (мәліметтер) (болған жағдайда) тапсыру қажет.
8. Инновациялық жобаларды енгізу және тарату үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші(лер) ұсынатын материалдар осы Қағидалар мен оларға қосымшалардың талаптарына сәйкес қалыптастырылуы және ресімделуі тиіс.
9. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе дәйексіз деректерді ұсынуы өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.
10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 30 (отыз) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестікке өтінімдерді іріктеуді жүргізеді.
11. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бұл туралы өтініш берушіге(лерге) құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлайды. Анықталған сәйкессіздіктерді жоюды өтініш беруші(лер) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі хабарлама жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді, әйтпесе өтінім қабылданбауға жатады. Пысықталған өтінімдерді бюджеттік бағдарламаның әкімшісі анықталған сәйкессіздіктер жойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Өтінім қабылданбаған кезде ұсынылған құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
12. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін және инновациялық жобаларды іріктеу рәсімінің бірінші кезеңінен өткен өтінімдер бойынша бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаларды іріктеу талаптарына сәйкестігі негізінде өтінімдер бойынша кешенді қорытынды дайындайды;
13. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаға (жобаларға) іріктеудің мынадай талаптары негізінде инновациялық жобаның (жобалардың) өтінімдері бойынша кешенді қорытынды шығарады:
өтініш берушінің(лердің) материалдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
жобаның инновациялық бағыты, техникалық іске асырылуы және оның Шығыс Қазақстан облысының аумағында АӨК-ге енгізуге және таратуға дайындық деңгейі;
Шығыс Қазақстан облысы мен Қазақстан Республикасының АӨК дамытудың басым бағыттарының өзектілігі мен сәйкестігі;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жоба қаражатын игеру және инновациялық жобаның одан әрі перспективасы туралы егжей-тегжейлі тұжырымдалған пайымның болуы;
инновациялық жобаларды орындау үшін жабдықтардың, инфрақұрылымның және ресурстардың болуы;
инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
инновациялық жобаның экономикалық орындылығы.
15. Комиссия бюджеттік бағдарлама әкімшісінің өтінімдерін және кешенді қорытындысын қарауды осы Қағидаларға сәйкес жүргізеді.
16. Комиссия өтінімдерді және кешенді қорытындыны (бұдан әрі – Материалдар) қарауды бюджеттік бағдарлама әкімшісінен инновациялық жобаларды іріктеу конкурсына өтінімдер бойынша кешенді қорытынды алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
17. Материалдарды қарау қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған бюджеттік бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы ұсынымдар шығарады.
18. Инновациялық жобаны қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы Комиссияның ұсынымдары Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
19. Комиссияның ұсынымы негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен инновациялық жобаны Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған бюджеттік бағдарлама шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы немесе оны қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оның және конкурс қорытындылары бойынша айқындалған өтінім беруші(лер) арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы инновациялық жоба туралы шарт жасалады.
21. Инновациялық жобаны оның нысаналы мақсатына және белгіленген тәртіппен бекітілген шығыстар сметасына қатаң сәйкестікте қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану инновациялық жоба туралы шарттың міндетті талабы болып табылады. Инновациялық жобаның пайдаланылмаған қаражаты жергілікті бюджетке қайтарылуға жатады.
Инновациялық жобаны қаржыландыруға берілген бюджет қаражаты бекітілген шығыстар сметасында көзделмеген мақсаттарға алынған бюджет қаражаты пайдаланылған жағдайда жергілікті бюджетке толық қайтарылуға жатады.
2-параграф. Конкурстық Комиссия қызметін ұйымдастыру
22. Облыстың жергілікті атқарушы органы конкурстық Комиссия құрады. Комиссия төрағасы болып облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.
23. Комиссия тұрақты негізде әрекет етеді. Комиссияның жалпы құрамы бестен кем емес адамды құрайды. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдерін қабылдау кезінде дауыс беру құқығына ие емес.
24. Бағдарламаның әкімшісі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
25. Комиссияның шешімі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолдары қойылады.
26. Комиссия хатшысы:
1) комиссия мүшелері мен өтінім берушілерді отырыс өтетін күннен кемінде үш жұмыс күні бұрын оның күні, уақыты, форматы және өткізу орны туралы хабардар етуді;
2) отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен құжаттарды дайындауды, комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды және оны жариялауды;
3) комиссия отырысының хаттамасына енгізілетін дауыс беру нәтижелерін есептеуді және оларды жариялауды;
4) комиссия отырысының хаттамасын жүргізуді және комиссия мүшелерінің қолдарымен ресімдеуді және хаттаманы сақтауды;
5) хаттама бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені қоса берумен таңдау нәтижесі туралы ақпаратты өтінім берушіге жолдауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Үзінді көшірме нақты өтінімге қатысты комиссия отырысы хаттамасының деректерін ғана қамтиды.
27. Комиссия отырысы оның құрамының жалпы санынан екіден үш бөлігі болған кезде құзіретті. Шешімдер ашық дауыспен қабылданады және егер олар үшін комиссия мүшелерінің жалпы санынан көп дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
3-параграф. Инновациялық жобаларды іріктеу шарттары
28. Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаржыландыру:
Шығыс Қазақстан облысының жағдайларына қатысты АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге;
АӨК субъектілерінде Шығыс Қазақстан облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қатысты инновациялық агротехнологияларды енгізуге және таратуға беріледі.
29. Шығыс Қазақстан облысының АӨК саласында қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізу және тарату мынадай жұмыс түрлерін қамтуы мүмкін:
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін енгізу және тарату;
инженерлік объектінің немесе техникалық жүйенің конструкцияларын Шығыс Қазақстан облысының АӨК-не енгізу және тираждау (конструкторлық жұмыстар);
ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжірибелік үлгілерін енгізу және тарату (жасалған инновацияның қағидаттық ерекшеліктері бар түпнұсқа модельдер);
селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату;
аграрлық өндірістің экономикалық модельдерін және АӨК инфрақұрылымдық объектілерін енгізу және тарату.
30. Шығыс Қазақстан облысының АӨК саласындағы қолданбалы сипаттағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) енгізуге және (немесе) АӨК субъектілерінде инновациялық агротехнологияларды енгізуге және таратуға өңірдің АӨК-де инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаржыландыруды ұсынудың негізгі өлшемі бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кешенді қорытындысының және Комиссияның ұсынымдарының нәтижелері бойынша жүргізіледі.
31. Шығыс Қазақстан облысының АӨК инновациялық жобасының іс-шараларын орындауға өтініш берушінің(лердің) жергілікті бюджет қаражатын игеру нәтижесі:
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің жетілдірілген технологиялық процестерін ұйымдастыру;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде селекциялық жетістіктерді енгізу және тарату туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде өндіріске ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тәжірибелік үлгілерін енгізу туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде ұсынылатын ауыл шаруашылығы өнімін немесе жабдығын өндіруге технологиялық (конструкторлық) құжаттаманы беру туралы есеп;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілерінде нақты инновациялық технологияларды, инновациялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу және тарату бойынша өңірлік кеңес (семинарлар, дала күндері және т.б.) өткізу туралы есеп болып табылады.
32. Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаларды енгізу және тарату нәтижелерін бағалау мыналарды қамтиды:
инновациялық жобаларды енгізу мен таратудан алынған нәтижелердің сандық және сапалық көрсеткіштері, олар еңбек өнімділігін жақсартуға және өтініш беруші өндірісінің тиімділігіне және аудан (облыс) экономикасына әсерін бағалай отырып, нақты нәтижелерді қамтуы тиіс;
бұрын пайдаланылған технологиялармен салыстырғанда инновациялық жобаларды енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырудан Шығыс Қазақстан облысының АӨК және ауыл шаруашылығы өндірісі субъектісі үшін экономикалық тиімділік;
Шығыс Қазақстан облысының АӨК дамыту контекстінде инновациялық жобаны енгізу нәтижелерін, аграрлық нарықтағы жағдайды экономикалық бағалау;
АӨК нақты субъектісі жағдайында енгізу процестерін ғалымдардың жеке сүйемелдеу жолымен жоба іс шараларын енгізуден технологиялық тәуекелдерді барынша азайту және тиімді іске асырудан барынша табыс алу.
33. Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық жобаларды енгізу және тарату жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі – ҒЗТКЖ) нәтижелерін өндіріске енгізуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде ғылыми шығыс материалдарын сатып алу бойынша консультациялық қызметтер;
зертханалық талдау жүргізу, оның ішінде енгізу нәтижелері бойынша;
АӨК субъектілерінің немесе аграрлық бейіндегі ғылыми және тәжірибелік пен өзге де ұйымдардың өндірістік базасында инновациялық жобаны (дала күндері және т.б.) енгізу бойынша ғылыми-практикалық семинар-кеңестер өткізу;
ҒЗТКЖ тәжірибесі мен нәтижелерін тарату (презентациялар, мақалалар жариялау, брошюралар, буклеттер дайындау және басып шығару, бейнематериалдар дайындау).
34. Шығыс Қазақстан облысының АӨК-те инновациялық жобаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға жергілікті бюджеттен қаржыландыру басқа да тең жағдайларда мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ғылыми жұмыстарды орындау құқығына ҚР ҒЖБМ аккредиттеуге қосымша, сондай-ақ оригинаторлар мен элиталық тұқым шаруашылығы шаруашылықтарының мәртебесі бар, ерекше жұмыс түрлерін жүргізуге лицензиялары, түрлі патенттері, куәліктері, сертификаттар, дипломдар және аграрлық бейіннің ғылыми-техникалық және инновациялық салаларындағы жұмыстарды орындауға персоналдың біліктілігін растайтын басқа да құжаттары бар ғылыми ұйымдарға, ұқсас жұмыстарды, оның ішінде бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландырудың АӨК жобалары бойынша орындауда тәжірибесі бар, Шығыс Қазақстан облысының табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және өзге де жағдайларына қатысты АӨК субъектілерінде аграрлық бейіннің қолданбалы сипатындағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді), инновациялық агротехнологияларды одан әрі дамыту, енгізу және тарату мүмкіндіктері барларға басымды түрде беріледі.
35. АӨК субъектілерінде аграрлық бейіннің қолданбалы сипатындағы ғылыми жетістіктерді (әзірлемелерді) және инновациялық агротехнологияларды енгізу және тарату жөніндегі инновациялық жобаның (жобалардың) с-шараларына жергілікті бюджеттен қаржыландыруды игеру мерзімі мен сомасы нақты инновациялық жобаның ерекшеліктеріне сәйкес, бірақ:
мерзімі бойынша – 36 (отыз алты) айдан;
сомасы бойынша – 60 (алпыс) миллион теңгеден артық емес болып айқындалады.
36. Аграрлық бейіндегі инновациялық технологияларды енгізуді және таратуды көздейтін инновациялық жоба жөніндегі іс-шаралар үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыру осы технологияларды енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы бюджеттік бағдарлама әкімшісіне мерзімді есептер ұсынумен инновациялық жоба туралы шартта айқындалған мерзім ішінде Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектісінің кәсіпорындарында инновациялық технологияны міндетті түрде енгізу шартымен ұсынылады.
37. Аграрлық бейіндегі инновациялық технологияларды енгізу мен таратуды көздейтін инновациялық жоба бойынша іс-шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысының АӨК субъектілеріне беріледі.
38. Аграрлық бейіндегі инновациялық технологияларды енгізу мен таратуға арналған инновациялық жоба бойынша іс шараларды жергілікті бюджеттен қаржыландыруды ұсынудың негізі оларды қолдану үшін объективті қажеттіліктердің болуы және таңдалған инновациялық технологияның негізделген бәсекелестік артықшылықтары болып табылады.
| Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 1-қосымша |
Өтінім нысаны
1. | Тіркеу нөмірі және күні (бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қызметкерлері толтырады) | |
2. | Инновациялық жобаның атауы | |
3. | Шығыс Қазақстан облысының АӨК-де инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (кіші саласы) | |
4. | Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаттары мен мәнін, жоба нәтижелерінің нақты қолданылуын, ұқсас жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесін көрсету) | |
5. | Жобаның ұзақтығы (айларда) | |
6. | Жобаның басталу және аяқталу күндері | |
7. | Сұралған қаражаттардың сомасы (теңгемен) | |
8. | Атауы, мекен-жайы, телефон/факсі, өтінім білдірушінің (лердің) электрондық мекен-жайы | |
9. | Өтінім білдірушілердің байланыс тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы | |
10. | Инновациялық жобаның басшысы (ҒЗҰ қызметкері) (аты, жөні және лауазымы, телефон/факсі, электрондық мекен-жайы көрсетіледі) | |
11. | Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шараны жүзеге асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің атауы, мекен-жайы, телефон/факсі, электрондық мекен-жайы |
| Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 2-қосымша |
Инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары
| (атауын көрсету) |
Жұмыс түрлері | Күтілетін нәтижелер (1 жыл) | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
1. | ||||
2. | ||||
Жұмыс түрлері | Күтілетін нәтижелер (1 жыл) | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
1. | ||||
2. | ||||
Жұмыс түрлері | Күтілетін нәтижелер (1 жыл) | |||
1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | |
1. | ||||
2. | ||||
| Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 3-қосымша |
Инновациялық жобаны (жобаларды) іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына түсіндірме жазба
1. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараның атауы
2. Іс-шараны іске асыру орны: аудан, елді мекен
3. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараның мақсаты мен міндеттері (1 беттен артық емес)
4. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысатын негізгі өтініш берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және АӨК субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (1 беттен артық емес):
толық атауы;
негізгі өтініш берушінің және АӨК субъектілерінің инновациялық жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысушылардың қызметін сипаттау;
негізгі мамандар, олар орындайтын жұмыстардың түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттармен қоса);
осы бағдарлама шеңберінде басқа жобаларды іске асыру туралы ақпарат.
АӨК субъектісінен – жеке тұлғадан өтінім ұсынылған жағдайда білімін, жасын, негізгі қызмет түрлері мен жұмыс тәжірибесі көрсетіледі.
5. Инновациялық жобаны(-ларды) іске асыру жөніндегі іс-шараның негіздемесі: өндірістің осы сегментінде бар проблемаларды көрсете отырып, іс-шара қандай проблеманы шешуге бағытталатын болады. Іс-шараны іске асырудың өзектілігі мен қажеттілігін, оның Шығыс Қазақстан облысының АӨК технологиялық даму деңгейіне және еңбек өнімділігіне әсерін сипаттау (0,5 беттен артық емес).
6. Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараны іске асыру шеңберінде орындалатын негізгі жұмыстардың сипаттамасы: қандай жұмыстар орындалатын болады, өндірісте пайдалану үшін, жобаны орындау барысында сынақтан өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық маңыздылығын бағалау. Әрбір жұмыстың мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтілетін нәтижелерін, ресурстарға қажеттілігін, оның ішінде Бағдарламаның іс-шарасын іске асыруға қатысатын АӨК субъектісінің базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгізу және тарату жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымының (бұдан әрі – ҒЗҰ) әдіснамасы көрсетіледі (2 беттен артық емес).
7. Нәтижелілігі: инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараны іске асырудан алынған нәтижелердің сандық және сапалық көрсеткіштері. Еңбек өнімділігінің жақсаруы мен өтініш беруші өндірісінің тиімділігіне және аудан (облыс) экономикасына әсерін бағалай отырып, түпкілікті, нақты нәтижелерін қамтиды.
Бұрын пайдаланылған технологиялармен салыстырғанда инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараны іске асырудан экономикалық пайданы көрсету, Шығыс Қазақстан облысының АӨК-ін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан іс-шараның орындылығы негізделеді (1 беттен артық емес).
8. Экологиялық бағалау ұсынылған технологиялардың аймақтың қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына әсерін бағалау қамтылады (оң, бейтарап немесе теріс). Теріс әсер ету жағдайында мұндай әсерді азайту үшін не жасалатыныны көрсетіледі (0,5 беттен артық емес).
9. Тәуекелдер: инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараны сәтті аяқтау үшін негізгі тәуекелдер және осындай тәуекелдерді еңсеру жөніндегі шаралар (0,5 беттен артық емес).
10. Жобаның өміршеңдігі: қаржыландыру аяқталғаннан кейін инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шараға қатысатын АӨК субъектілері өндірісінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын шаралар сипатталады (0,5 беттен артық емес).
| Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларына 4-қосымша |
Инновациялық жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар шығындарының сметасы¹
(атауын көрсету)
| мың теңге |
№ | Шығындар бабы |
Өлшем | Баға | Құны | Оның ішінде айлар бойынша | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |||||
1. | Жалақы | |||||||||||||||
1.1. | ||||||||||||||||
1.2. | ||||||||||||||||
2. | Іссапар шығындары | |||||||||||||||
2.1. | ||||||||||||||||
2.2. | ||||||||||||||||
3. | Тікелей шығындар | |||||||||||||||
3.1. | ||||||||||||||||
3.2. | ||||||||||||||||
4. | Үстеме шығындар | |||||||||||||||
Барлығы: | ||||||||||||||||
¹ Инновациялық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың әр жылына жеке көрсетіледі
² Бюджет қаражатынан және өтініш берушілердің өз қаражатынан (бар болса) қаржыландырылатын шығыстарды жеке көрсету