Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қызыләскер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 05.02.2018 № 1-03/1 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының ұсынысы негізінде Қызыләскер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында ұсақ қара мал бруцеллезінің анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді
| Ауылдық округ әкімі | А. Күмпекеев |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ауыл шаруашылығы | |
| министрлігі ветеринариялық | |
| бақылау және қадағалау | |
| Комитетінің Лебяжі | |
| аудандық аумақтық | |
| инспекциясының басшысы | Ғ. Сағалов |
| 2016 жылғы "10" наурыз |
