Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Лебяжі ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспектордың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 1-28/546 ұсынысы негізінде, Қызыләскер ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің орындалуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Лебяжі ауданының Қызыләскер ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 10 наурыздағы "Қызыләскер ауылдық округі Шәмші ауылының аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5018 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетінің № 14 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қызыләскер ауылдық округі | |
| әкімінің міндетін атқарушы | Т. Сейтов |
| "КЕЛІСІЛДІ" | |
| "Қазақстан Республикасы Ауыл | |
| шаруашылығы министрілігі | |
| Ветеринариялық бақылау және | |
| қадағалау комитетінің Лебяжі | |
| аудандық аумақтық инспекциясы" | |
| мемлекеттік мекемесінің басшысы | Ғ. Қ. Сағалов |
| 2018 жылғы "5" ақпан |
