БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрінің | |
міндетін атқарушы | М. Құсаинов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2016 жылғы 21 маусым
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 267 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 276 (01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген, 2015 жылы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "электрондық үкімет" веб-порталына: www.egov.kz:
қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) расталған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері - құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі);
еңбек кітапшасының көшірмесі (құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде электрондық сұрауға қоса тіркеледі);";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Құжаттарды жинақтау нәтижесі бойынша жергілікті уәкілетті орган аттестаттаудан өтуге өтініш берген адамдардың тізімін қалыптастырады және тестілеуге жіберілген өтініш берушілердің тестілеу кестесін жасайды, бұл ретте құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігі 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі жергілікті уәкілетті органға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш жасаған кезде – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.".
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 276 (01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12620 болып тіркелген, 2016 жылы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Құжаттардың рұқсат беру талаптарына сәйкестігін аттестаттау орталығы басшысының бұйрығымен тағайындалатын жауапты қызметкер қарайды.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.05.2026 № 245 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 29.05.2026 № 276 (01.07.2028 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12752 болып тіркелген, 2016 жылы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларда және рұқсат беру талаптарында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде бір мезгілде өтініш берушілерге аккредиттеу туралы тиісті куәлікті бере отырып, аккредиттеу не көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер рұқсат беру талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлайды.".
7. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.04.2026 № 197 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Нысан
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі атауы] |
| [Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі атауы] |
[Жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік тілдегі деректемелері] | [Жергілікті уәкілетті органның орыс тілдегі деректемелері] |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында
сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтiк көрсетілетін
қызметтерді жүзеге асыратын сарапшының
АТТЕСТАТЫ
№ [Нөмірі]
Осы құжатпен
[ТЕГІ] [АТЫ] [ӘКЕСІНІҢ АТЫ]
түр бойынша: [Сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер түрі]
мамандану бойынша: [Мамандану]
осы қызметті жүзеге асыру құқығымен сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік көрсетілетін қызметтер бойынша сарапшы мәртебесі берілгені куәландырылады.
Жергілікті уәкілетті орган басшысының бұйрығы
[бұйрықтың күні] № [бұйрықтың нөмірі]
[берілген күні]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты]

Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Данный документ согласно пункту 1 статья 7 ЗРК от 7 января 2003 года"Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 267 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
Біліктілік аттестаты
Осы құжатпен:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
жобалау/құрылыс ұйымының штатында (қажеттісінің астын сызу)
___________________________________________________ мамандану бойынша
(Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаның тармағын көрсету)
аттестатталған инженер-техник жұмыскер мәртебесі берілгені
куәландырылады.
Аттестаттау ұйымының басшысы ________ ___________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
М.О.
Астана қаласы (мысал) 20__ ж. "____" _____________
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы
инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша рұқсат
беру талаптары
Р/с № | Аттестаттау мамандығы | Рұқсат беру талаптары | |
Білімі | Жұмыс тәжірибесі | ||
Жобалау қызметі | |||
1. | Жобаның бас инженері | Жоғары, құрылыс саласында | Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
2. | Жобаның бас сәулетшісі | Жоғары, сәулет саласында | Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
3. | Бас конструктор: тiрек және қоршау конструкциялары; инженерлiк желiлер мен құрылыстары; көлік құрылысы; технологиялық жабдықтар бойынша | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты | Тиісті салада маман және (немесе) басшы лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
4. | Жетекші инженер жобалаушы: тiрек және қоршау конструкциялары; инженерлiк желiлер мен құрылыстары; көлік құрылысы; технологиялық жабдықтар бойынша | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты | Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде үш жыл Тиісті салада маман лауазымында объектілерді жобалау бойынша кемінде бес жыл |
Құрылыс-монтаждау жұмыстары | |||
5. | Бас инженер | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты | Техникалық қадағалауды жүзеге асыру бойынша және (немесе) құрылыс ұйымдарында басшылық лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде бас инженер немесе бас инженердің орынбасары лауазымында кемінде бір жыл |
6. | Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты | Құрылыс саласында маман және (немесе) басшы лауазымында кемінде бес жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы немесе бастығының орынбасары лауазымында кемінде бір жыл |
7. | Учаскенің бастығы: тiрек және қоршау конструкциялары; инженерлiк желiлер мен құрылыстары; көлік құрылысы; технологиялық жабдықтар бойынша | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты | Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл |
8. | Жұмыс жүргізуші: тiрек және қоршау конструкциялары; инженерлiк желiлер мен құрылыстары; көлік құрылысы; технологиялық жабдықтар бойынша | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты | Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл Мастер немесе құрылыс учаскесінде/объектісінде жұмыс жүргізуші, техникалық қадағалау лауазымында кемінде бес жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде жеті жыл |
9. | Мастер: тiрек және қоршау конструкциялары; инженерлiк желiлер мен құрылыстары; көлік құрылысы; технологиялық жабдықтар бойынша | Жоғары, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты Орта, құрылыс саласында мамандығы бойынша, жұмыс бағдарына байланысты | Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде бір жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл Мастер немесе техникалық қадағалау лауазымында кемінде үш жыл не құрылыс учаскесінде басқа да лауазымдарда кемінде бес жыл |
Нысан
Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімі
Р/с № | Аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайды) | ЖСН | Біліктілік аттестаты берілген күн және нөмірі | Жұмыс орны | Аттестациялық орта |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 267 бұйрығына 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 22.04.2026 № 197 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

