Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.11.2025 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.07.2021 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ауыл және балық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.11.2025 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
______________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 19 қаңтар
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығымен бекітілген |
Ауыл және балық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.11.2025 № 430 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Буын | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогі (басқару персоналы) | ||
А1 | 1 |
Мыналардың: |
1-1 | Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК басшысының орынбасары | |
А2 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ-ның, РММ-ның және РМҚК-ның бас бухгалтері; |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ-ның, РММ-ның және РМҚК-ның бас бухгалтерінің орынбасары; | |
Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің, мемлекеттік сорт сынау станциясының (республикалық маңызы бар РММ филиалдары) басшысы; | ||
А3 | 1 |
Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы; |
1-1 | Республикалық маңызы бар РММ-ның және РМҚК құрылымдық бөлімшесі (бөлімі) басшысының орынбасары | |
Республикалық маңызы бар РММ және РМҚК-ның капитаны, мұражай меңгерушісі (визит-орталық) | ||
Бас: республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК-ның агрономы, инженері, негізгі персонал инженері, негізгі персонал инспекторы, механик, фитопатолог, экономист, энтомолог, бактериолог, вирусолог, герболог, гельминтолог, балық өсіруші, ихтиолог, инспектор | ||
В блогі (негізгі персонал) | ||
В1 | 1 | Бас ғылыми қызметкер |
2 | Жетекші ғылыми қызметкер | |
3 | Аға ғылыми қызметкер | |
4 | Ғылыми қызметкер | |
5 | Кіші ғылыми қызметкер | |
В2 | 1 | Негізгі персоналдың жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: зертханашы, химик, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі |
2 | Негізгі персоналдың бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопатолог, химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, эколог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі | |
3 | Негізгі персоналдың екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, талдамашы химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, эколог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі | |
4 | Негізгі персоналдың санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, балық өсіруші, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, эколог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, қор сақтаушы, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, кеме механигі, капитанның аға көмекшісі, капитанның бірінші көмекшісі, капитанның екінші көмекшісі, капитанның үшінші көмекшісі, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі | |
В3 | 1 | Негізгі персоналдың жоғары санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі |
2 | Негізгі персоналдың бірінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: ветеринариялық фельдшер, зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі | |
3 | Негізгі персоналдың екінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі | |
4 | Негізгі персоналдың санаты жоқ біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, кеме механигі, капитанның аға көмекшісі, капитанның бірінші көмекшісі, капитанның екінші көмекшісі, капитанның үшінші көмекшісі, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі, жылу беру және су сору қондырғыларына жауапты техник | |
С блогі (әкімшілік персонал) | ||
С1 | 1 | Цех басшысы, өндірістік цехтың басшысы (меңгерушісі) |
С2 | 2 | Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, зертханашы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, инспектор, нұсқаушы, менеджер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, механик, аудармашы, редактор, референт, бағдарламашы, технолог, бағдарламашы инженер (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, экономист, заңгер, сапаны бақылау жөніндегі менеджер, инженер-инспектор, энергетик, инженер-механик, инженер-электроник, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, серверлер мен желілердің жүйелік әкімшісі (жүйелік әкімші), инженер-бағдарламашы (геоақпараттық жүйе маманы) |
С3 | 3 | РММ-ға шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы (меңгеруші): қойма меңгерушісі |
Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: кітапханашы, жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, шебер, механик, референт, барлық атаулар технигі, экономист, заңгер, статистик, инженер-инспектор, энергетик, инженер-механик, инженер-электроник, байланыс инженері, серверлер мен желілердің жүйелік әкімшісі (жүйелік әкімші), инженер-бағдарламашы (геоақпараттық жүйе маманы) | ||
D блогі (көмекші персонал) | ||
D | Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, диспетчер, іс жүргізуші, комендант, хатшы | |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
РММ – республикалық мемлекеттік мекеме;
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
Қызмет – Ұлттық гидрогеологиялық қызмет.
