1. "Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/1132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Ауыл және балық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы";
"1. Қоса беріліп отырған Ауыл және балық шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Буын
|
Саты
|
Лауазымдар атауы
|
А блогі (басқару персоналы)
|
А1
|
1
|
Мыналардың:
Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының;
Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың;
Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияның;
Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығының;
Республикалық өсімдіктер карантині орталығының;
"Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерватының;
Атырау бекіре балығын өсіру зауытының;
Қамыстыбас балық питомнигінің;
Петропавл балық питомнигінің (бұдан әрі – республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК) басшысы
|
1-1
|
Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК басшысының орынбасары
|
А2
|
1
|
Республикалық маңызы бар ММ-ның, РММ-ның және РМҚК-ның бас бухгалтері;
Республикалық маңызы бар РММ және РМҚК облыстық филиалының басшысы;
Республикалық маңызы бар РММ республикалық зертханасының басшысы;
Республикалық маңызы бар РММ өңірлік филиалының басшысы;
Республикалық маңызы бар ММ облыстық (аймақтық, республикалық маңызы бар қала) карантиндік зертханасының басшысы
|
1-1
|
Республикалық маңызы бар ММ-ның, РММ-ның және РМҚК-ның бас бухгалтерінің орынбасары;
Республикалық маңызы бар РММ облыстық филиалы басшысының орынбасары
|
Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің, мемлекеттік сорт сынау станциясының (республикалық маңызы бар РММ филиалдары) басшысы;
Республикалық маңызы бар ММ және РММ аудандық филиалының басшысы
|
А3
|
1
|
Республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК-ның құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің) басшысы;
Республикалық маңызы бар РММ және РМҚК зертханасының басшысы, гидрохимиялық және гидробиологиялық зертхана меңгерушісі
|
1-1
|
Республикалық маңызы бар РММ-ның және РМҚК құрылымдық бөлімшесі (бөлімі) басшысының орынбасары
|
Республикалық маңызы бар РММ және РМҚК-ның капитаны, мұражай меңгерушісі (визит-орталық)
|
Бас: республикалық маңызы бар ММ, РММ және РМҚК-ның агрономы, инженері, негізгі персонал инженері, негізгі персонал инспекторы, механик, фитопатолог, экономист, энтомолог, бактериолог, вирусолог, герболог, гельминтолог, балық өсіруші, ихтиолог, инспектор
|
В блогі (негізгі персонал)
|
В1
|
1
|
Бас ғылыми қызметкер
|
|
2
|
Жетекші ғылыми қызметкер
|
|
3
|
Аға ғылыми қызметкер
|
|
4
|
Ғылыми қызметкер
|
|
5
|
Кіші ғылыми қызметкер
|
В2
|
1
|
Негізгі персоналдың жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: зертханашы, химик, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі
|
2
|
Негізгі персоналдың бірінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопатолог, химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, эколог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі
|
3
|
Негізгі персоналдың екінші санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, талдамашы химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, эколог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі
|
4
|
Негізгі персоналдың санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандары: агроном, тұқым шаруашылығы жөніндегі агроном, өсімдіктерді қорғау жөніндегі агроном, өсімдіктер карантині жөніндегі агроном, агрохимик, бактериолог, вирусолог, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық зертхана дәрігері, герболог, гельминтолог, мелиорация жөніндегі инженер, зертханашы, топырақтанушы, фитопотолог, химик, эколог, энтомолог, инженер-гидротехник (гидротехник), су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау жөніндегі маман, балық өсіруші, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, териолог, метеоролог, эколог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, қор сақтаушы, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, кеме механигі, капитанның аға көмекшісі, капитанның бірінші көмекшісі, капитанның екінші көмекшісі, капитанның үшінші көмекшісі, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі
|
В3
|
1
|
Негізгі персоналдың жоғары санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі
|
2
|
Негізгі персоналдың бірінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: ветеринариялық фельдшер, зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі
|
3
|
Негізгі персоналдың екінші санатты біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі
|
4
|
Негізгі персоналдың санаты жоқ біліктілігі орта деңгейдегі мамандары: агрохимик, ветеринариялық фельдшер, зертханашы, инспектор, ихтиолог, биолог, гидробиолог, орнитолог, табиғатты пайдалану жөніндегі инженер, аумақ қорғау жөніндегі инспектор, экскурсия жүргізуші, рекреация және туризм жөніндегі маман, экологиялық ағарту маманы, кеме механигі, капитанның аға көмекшісі, капитанның бірінші көмекшісі, капитанның екінші көмекшісі, капитанның үшінші көмекшісі, бекіре тұқымдас балықтардың өндірушілерін аулау технигі, жылу беру және су сору қондырғыларына жауапты техник
|
С блогі (әкімшілік персонал)
|
С1
|
1
|
Цех басшысы, өндірістік цехтың басшысы (меңгерушісі)
|
С2
|
2
|
Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, зертханашы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер, инспектор, нұсқаушы, менеджер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, әдіскер, механик, аудармашы, редактор, референт, бағдарламашы, технолог, бағдарламашы инженер (бағдарламашы), жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, экономист, заңгер, сапаны бақылау жөніндегі менеджер, инженер-инспектор, энергетик, инженер-механик, инженер-электроник, қоғаммен байланыс жөніндегі маман, серверлер мен желілердің жүйелік әкімшісі (жүйелік әкімші), инженер-бағдарламашы (геоақпараттық жүйе маманы)
|
С3
|
3
|
РММ-ға шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы (меңгеруші): қойма меңгерушісі
|
Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орта деңгейдегі мамандар: кітапханашы, жабдықтау жөніндегі инженер, кадр жөніндегі инспектор, шебер, механик, референт, барлық атаулар технигі, экономист, заңгер, статистик, инженер-инспектор, энергетик, инженер-механик, инженер-электроник, байланыс инженері, серверлер мен желілердің жүйелік әкімшісі (жүйелік әкімші), инженер-бағдарламашы (геоақпараттық жүйе маманы)
|
D блогі (көмекші персонал)
|
D
|
|
Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, диспетчер, іс жүргізуші, комендант, хатшы
|
СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
Қызмет – Ұлттық гидрогеологиялық қызмет.