Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.05.2025 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері - обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 10 наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 187 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік мекемелері — обаға қарсы күрес станцияларына қызмет көрсетуге арналған автомобиль және механикалық көлік құралдарының заттай нормалары
Көлік құралының типі | Функционалдық мақсаты | Жұмыс істеп жатқан бір құрылымға көлік құралының шекті саны | ||
Станцияның/ бөлімшенің стационарлық зертханасы | Эпидемияға қарсы жасақ | Бір станцияға | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Санитариялық жеңіл көлік (оның ішінде жоғары өтімді) | Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға күдіктену кезіндегі шұғыл сапарлар және жұқпалы материалды жеткізу үшін | 2 | 1 | X |
2. Жүк көлігі (оның ішінде жоғары өтімді) | Обаға, тырысқаққа және басқа да аса қауіпті инфекцияларға қарсы тексеру және шұғыл профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін | 2 | 1 | X |
3. Жолсыз жермен жүретін көлік базасындағы автобакзертхана | Шалғай және жету қиын аудандарды тексеру үшін | 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік | 2-ден артық емес | |
4. Су тасығыш | Далалық жұмыстар кезінде жылжымалы құрылымдарға су жеткізу үшін | 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік | 2-ден артық емес | |
5. Өзі аударғыш | Қатты жанар майды, қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау үшін | 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік | 2-ден артық емес | |
6. Жанар-жағар май тасығыш, оның ішінде жолсыз жермен жүретін көлік базасында | Далалық жұмыстар кезінде жанар-жағар материалдарын жылжымалы құрылымдарға жеткізу үшін | 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік | 2-ден артық емес | |
7. Шағын автобус | Дала жұмыстарына топтарды тасымалдау үшін | 2-5 жылжымалы құрылымға бір бірлік | 2-ден артық емес | |
8. Аспалы құралдары бар дөңгелекті трактор | Тиеу-түсіру жұмыстары үшін | 1 |