РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 03/76, 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 03/91 ұсынымдары негізінде, карантин нысандары – жатаған (қызғылт) укекіренің (аcroptilon repens (D.C.), арамсояудың (сuscuta sp. Sp), алтын түсті картоп жұмырқұртының (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында жатаған у кекіремен (аcroptilon repens DC.), арам сояулармен (cuscuta spp.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.12.2022 № 296 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясына (А.Ш. Жакупбаев) заңнамада белгіленген құзыреті шеңберінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Алтай, Марқакөл, Самар, Үлкен Нарын, Глубокое, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының, Өскемен қаласының әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.12.2025 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына 1-қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы аумағында арамсояумен (сuscuta spp.) зақымданған алқаптар көлемінде карантиндік режим енгізілетін карантин аймағы
Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.12.2025 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Аудандардың, ауылдық округтердің және қалалардың атауы | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алаң, гектар |
Глубокое ауданы | |||
1 | Бобровка ауылдық округі | Өскемен – Бобровка – Нұртау автомобиль жолының бойында 5-8 километрге дейін | 1 |
2 | Ертіс ауылдық округі | Өскемен – Шемонаиха автомобиль жолының бойында 4-тен 6 километрге дейін, 10 километр, 34-тен 36 километрге дейін, 39-дан 41 километрге дейін | 1 |
3 | Секисовка ауылдық округі | Секисовка – Шемонаиха автомобиль жолының бойында 2-ден 6 километр, 9-дан 10 километрге дейін | 0,5 |
Өскемен – Риддер автомобиль жолының бойында 30 километрге дейін, 49-дан 59 километрге дейін, 73-тен 77 километрге дейін, 82-ден 91 километрге дейін | 5 | ||
4 | Тарханка ауылдық округі | Өскемен – Горная Ульбинка – Феклистовка автомобиль жолының бойында 23-тен 27 километрге дейін, 33-тен 34 километрге дейін | 3 |
Өскемен – Винное – Тарханка автомобиль жолының бойында 5 километр, 9-дан 13 километрге дейін | 0,9 | ||
5 | Ушаново ауылдық округі | "ҚазАвтоЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, жол-пайдалану бөлімшесі – 30, Өскемен – Алтай автомобиль жолының бойында 1-ден 20 километрге дейін | 1,45 |
6 | Глубокое кенті | Глубокое кентінің елді мекен жерлері, Пирогов көшесіндегі аудандық ауруханадан қиылысқа дейін, Попович көшесі 20-32, 48, Пирогов көшесі, 6, 14, 16, 18, 20, Ы. Алтынсарин орта мектебі; Байбатчин трассасынан Глубокое кентіне шығу жолы, 4 ықшам ауданы автомобиль жолының бойында, Берестов көшесі, Глубокое кенті жолынан Өскемен-Шемонаиха автомобиль жолының бойына дейін 0-1 километр, 1-2 километр, 2-3 километр, 3-4 километр, Вокзальная көшесі теміржол көпірінің аркасы, Вокзальная көшесіндегі автокөлік көпірі, Вокзальная және Попович көшелерінің қиылысы | 0,15 |
Аудан бойынша барлығы | 13 | ||
Зайсан ауданы | |||
7 | Зайсан қаласы | Зайсан қаласының әкімдігі, Жеменей көлінің су бұру каналдарының бойында | 3 |
8 | Кеңсай ауылдық округі | Саржыра ауылынан Қайнар автомобиль жолының бойында 2, 2-3 километр | 1 |
Аудан бойынша барлығы | 4 | ||
Алтай ауданы | |||
9 | Парыгино ауылдық округі | көпірдің жанындағы технологиялық трассадан Парыгино ауылына дейін | 0,1 |
10 | Средигорный ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік-жол бөлімшесі – 2, Андреевка – Александровка автомобиль жолының бойында | 0,1 |
"ҚАЖ сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалы, жол-пайдалану бөлімшесі – 32, Жаңа Бұқтырма кенті – Алтай қаласы – Шірікқайың автомобиль жолының бойында | 3 | ||
11 | Никольский ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктігінің өндірістік-жол бөлімшесі – 2, Евразия кафесінен басталған автомобиль жолының бойында – Алтайка ауылы | 0,3 |
12 | Чапаевский ауылдық округі | Чапаево ауылы – Орловка ауылы, Чапаево ауылы – Крестовка автомобиль жолының бойында | 0,2 |
13 | Зубовск кенті | Железнодорожная, Усть-Березовская, Тохтаров және Дубинин көшелерінің автомобиль жолы бойында | 0,4 |
"Колор" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 0,1 | ||
14 | Прибрежный ауылдық округі | Заводинка ауылына дейін автомобиль жолының бойында,Прибрежный ауылына дейін автомобиль жолының бойында | 0,3 |
15 | Алтай қаласы | Қала ішіндегі автомобиль жолының бойында: Бурнашов бульвары; 13/1 үйдің жанында; Брилин-Бухтарминская көшелерінің қиылысы "Василек" дүкенінің жанында; Брилин, 33 көшесі "Вокруг света" дүкенінің жанында; Поздняков көшесі. № 7 бағдар автобус аялдамасы. | 0,2 |
Аудан бойынша барлығы | 4,7 | ||
Үлкен Нарын ауданы | |||
16 | Ново-Хайрузовка ауылдық округі | Шірікқайың – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автомобиль жолының бойында, жол пайдалану бөлімшесі – 27, 223-тен 268 километрге дейін, Октябрь өткелі – Алтайка – Ново-Хайрузовка автомобиль жолының бойында, өндірістік-жол бөлімшесі – 7 | 4,8 |
17 | Солоновский ауылдық округі | "Ағайын М-Ка" ауыл шаруашылығы өндірістік копперативі | 1,6 |
18 | Үлкен Нарын ауылдық округі | Шаңғы базасынан жолдың қиылысына дейін жол бойында | 0,6 |
19 | Үлкен Нарын ауылдық округі | Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру полигонынан Құндызды ауылына дейінгі автомобиль жолының бойында | 0,8 |
Аудан бойынша барлығы | 7,8 | ||
Самар ауданы | |||
20 | Мариногорский ауылдық округі | Самар – Мариногорка автомобиль жолының бойында, 5-тен 15 километрге дейін | 10 |
Аудан бойынша барлығы | 10 | ||
Күршім ауданы | |||
21 | Қалғұтты ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік-жол бөлімшесі – 5, Күршім – Қалжыр автомобиль жолының бойында, 51-ден 62 километрге дейін | 1 |
22 | Күршім ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, № 5 жол пайдалану учаскесі Күршім – Құйған автомобиль жолының бойында 0-4 шақырым | 0,08 |
23 | Күршім ауылдық округі | Духович көшесінің соңы, Абай көшесімен қиылысында | 0,16 |
24 | Күршім ауылдық округі | Сортты сынау станциясы учаскесінің алдында | 0,01 |
25 | Күршім ауылдық округі | "Күршім ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ Күршім ауылында Западная көшесі жолының екі жағында айналма жол | 0,16 |
Аудан бойынша барлығы | 1,41 | ||
Марқакөл ауданы | |||
26 | Боран ауылдық округі | Жаңа ауыл – Марқакөл автомобиль жолының бойында 45-51 шақырым | 0,03 |
Аудан бойынша барлығы | 0,03 | ||
Ұлан ауданы | |||
27 | Багратион ауылдық округі | Митрофановка – Привольное автомобиль жолының бойында, 101-ден 103 километрге дейін | 7 |
28 | Каменка ауылдық округі | Каменка ауылдық округінің әкімдігі, жергілікті маңызы бар жолдар, Таврия – Пролетарка – Каменка автомобиль жолының бойында, 25-тен 30 километрге дейін. | 1,3 |
29 | Саратовка ауылдық округі | Саратовка – Ново-Одесское – Отрадное автомобиль жолының бойында, 29-дан 36 километрге дейін | 2 |
30 | Таврия ауылдық округі | Таврия – Пролетарка – Гагарино автомобиль жолының бойында, 55-тен 56 километрге дейін | 4,2 |
Таврия ауылдық округінің әкімдгі, жергілікті маңызы бар жолдар, Таврия –Пролетарка автомобиль жолының бойында, 10-нан 24 километрге дейін | 2 | ||
31 | Төлеген Тохтаров ауылдық округі | Прудхоз – Герасимовка – Украинка автомобиль жолының бойында, 15-тен 20 километрге дейін | 1,1 |
32 | Алмасай ауылдық округі | Баяш Өтепов ауылына дейінгі автомобиль жолының бойында, 5-10 километрге дейін | 1 |
33 | Аблакет ауылдық округі | Мамай Батыр ауылы белгісіне дейінгі автомобиль жолының бойында, 21-22 км, 25-26 км, 33-35 километр | 2 |
34 | Өскемен ауылдық округі | Өскемен ауылдық округінің әкімдігі, жергілікті маңызы бар жолдар, Өскемен-Семей республикалық тас жолының бұрылыстан Макеевка ауылға дейін автомобиль жолының бойында | 2 |
Аудан бойынша барлығы | 22,6 | ||
Шемонаиха ауданы | |||
35 | Вавилонский ауылдық округі | Камышинка ауылы автомобиль жолының бойында, 5-тен 6 километрге дейін, 14-тен 15 километрге дейін | 0,005 |
36 | Волчанкский ауылдық округі | Березовка – Волчанка – Большая Речка автомобиль жолының бойында, 9-дан 10 километрге дейін, 21-ден 30 километрге дейін | 0,02 |
37 | Верх-Уба ауылдық округі | Выдриха – Верх-Уба автомобиль жолының бойында, 32-ден 36 километрге дейін, 47-ден 48 километрге дейін | 0,01 |
38 | Выдриха ауылдық округі | Межовка – Выдриха автомобиль жолының бойында, 6-дан 10 километрге дейін, 20 километр | 0,01 |
39 | Зевакино ауылдық округі | Зевакино – Жаңа-Убинка автомобиль жолының бойында, 1 километр, 4-тен 5 километрге дейін | 0,051 |
40 | Каменевский ауылдық округі | Рулиха – Рассыпное автомобиль жолының бойында, 38 километр, 85 километр | 0,002 |
41 | Первомайский ауылдық округі | Шемонаиха қаласы – Первомайский кенті автомобиль жолының бойында, республикалық маңызы бар жол, 60-63 километр | 0,002 |
42 | Разинский ауылдық округі | Шемонаиха қаласы – Ресей Федерациясы шекарасы – "Уба" кедендік өткізу бекеті, республикалық маңызы бар жол, 112-113 километр | 0,005 |
Аудан бойынша барлығы | 0,105 | ||
Өскемен қаласы | |||
43 | Өскемен қаласы | Пушкин көшесі, № 8, 12, 25-40 үйлер | 1 |
Өскемен қаласы әкімдігінің "ТАЗА ӨСКЕМЕН" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, Жібек жолы көшесі, "Гелиос" автокөлік жанар-жағармай құю станциясы аумағы, "Sinooil" автокөлік жанар-жағармай құю станциясы аумағы, Үлбі металлургиялық зауыты ауданы және Тойота Центр Шығыс ауданы, Қазақстан көшесі, 153/3, 159/3. | 2 | ||
Ахмер ауылы Омаров көшесі, 36 үйден Омаров көшесі, 15 үйге дейін автомобиль жолының бойында | 0,05 | ||
23 шағын ауданынан Өскемен жазуына дейін автомобиль жолының екі жақ бойында | 1 | ||
Қала бойынша барлығы | 4,05 | ||
Облыс бойынша барлығы | 67,695 | ||
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына 2-қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған у кекіремен (Acroptilon repens DC) зақымданған алқаптар көлемінде карантиндік режим енгізілетін карантин аймағы
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.12.2025 № 311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Аудандардың, ауылдық округтердің және қалалардың атауы | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алаң, гектар |
Глубокое ауданы | |||
1 | Глубокое кенті | Вокзальная көшесі автомобиль жолының бойында | 0,8 |
Аудан бойынша барлығы | 0,8 | ||
Зайсан ауданы | |||
2 | Біржан ауылдық округі | "Қабыл" шаруа қожалығы | 10 |
3 | Қаратал ауылдық округі | "Бота" шаруа қожалығы | 20 |
4 | Кеңсай ауылдық округі | "Майлыбай" учаскесі, босалқы жерлер | 3 |
5 | Зайсан қаласы | жол пайдалану бөлімшесі – 33, Зайсан – Қалжыр автомобиль жолының бойында 1-ден 6 километрге дейін, 10 километр, 14 километр, 16-дан 20 километрге дейін, 21-ден 25 километрге дейін, 32-ден 39 километрге дейін, 45-тен 46 километрге дейін | 3 |
"Толқын-М.С." шаруа қожалығы | 7 | ||
"Кашар" учаскесі, босалқы жерлер | 10 | ||
6 | Дайыр ауылдық округі | елді мекен жерлері, Жамбыл ауылы | 0,5 |
Аудан бойынша барлығы | 53,5 | ||
Үлкен Нарын ауданы (бұрынғы Катонқарағай ауданы) | |||
7 | Ново-Хайрузовка ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік жол бөлімшесі – 7, Ново-Хайрузовка – Октябрь өткелі автомобиль жолының бойында, 68 километр | 0,5 |
8 | Үлкен Нарын ауылдық округі | Үлкен Нарын, асфальт-бетон зауыты, "Лыжная база" учаскесі | 3 |
Аудан бойынша барлығы | 3,5 | ||
Күршім ауданы | |||
9 | Балықшы ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік-жол-бөлімшесі – 5, Күршім – Ақсуат автомобиль жолының бойында, 21-ден 33 километрге дейін | 2,05 |
Аудан бойынша барлығы | 2,05 | ||
Самар ауданы | |||
10 | Бастаушы ауылдық округі | "ДАРХАН" шаруа қожалығы | 150 |
11 | Белое ауылдық округі | "ЖАҢАЖОЛ" шаруа қожалығы | 400 |
"Адал" шаруа қожалығы | 440 | ||
12 | Мариногорский ауылдық округі | "ЕҢБЕК-АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 |
13 | Құлынжон ауылдық округі | "Талды Екпін" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 5 |
14 | Мариногорский ауылдық округі | "Московка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 |
15 | Бастаушы және Аққала ауылдық округтері | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік жол бөлімшесі 4, Бастаушы – Аққала бағытындағы автомобиль жолының бойында, 63-69 шақырым және Жаңажол – Аққала аралығының 51 км-інде | 3,5 |
Аудан бойынша барлығы | 1198,5 | ||
Тарбағатай ауданы | |||
16 | Ақжар ауылдық округі | Ақжар ауылының автомобиль жолының бойында, 5-тен 29 километрге дейін | 17 |
17 | Қарасу ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік жол бөлімшесі – 3 | 33 |
Аудан бойынша барлығы | 50 | ||
Ұлан ауданы | |||
18 | Багратион ауылдық округі | "Багратион 2" шаруа қожалығы | 1939 |
19 | Каменка ауылдық округі | "Каменское SP" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұрынғы "Степное" шаруа қожалығы) | 187 |
"Синельников" шаруа қожалығы | 240 | ||
20 | Таврия ауылдық округі | "Иванченко" шаруа қожалығы | 81 |
"Пролетарка" шаруа қожалығы | 276 | ||
21 | Төлеген Тохтаров ауылдық округі | "Гладышев и К" шаруа қожалығы | 170 |
22 | Өскемен қалалық округі | "Бережной" шаруа қожалығы | 80 |
"Ярославское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 90 | ||
23 | Төлеген Тохтаров ауылдық округі | "СХ Герасимовка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 |
24 | Төлеген Тохтаров ауылдық округі | "Украинское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 208 |
25 | Өскемен ауылдық округі | "Иртыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 179 |
Аудан бойынша барлығы | 3650 | ||
Шемонаиха ауданы | |||
26 | Каменевский ауылдық округі | "Арман" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 |
27 | Разинский ауылдық округі | жеке кәсіпкер "Леонтьев С.А.", "Егоровское" шаруа қожалығы | 240 |
28 | Первомайский ауылдық округі | Первомайка – Шемонаиха автомобиль жолының бойында | 3 |
29 | Первомайский ауылдық округі | "Иртыш" шаруа қожалығы | 30 |
30 | Усть-Таловка кенті | "Абеков Б.Н." шаруа қожалығы | 97 |
31 | Зевакино ауылдық округі | "Скитер С.Л." шаруа қожалығы | 160 |
32 | Октябрьский ауылдық округі | Октябрьский ауылынан 500 метр қашықтықтағы босалқы жерлер | 85 |
33 | Шемонаиха қаласы | Елді мекен жерлері, автомобильге жанармай құю станциясы, полиция бекетінен 200 метрдегі жол пайдалану учаскесі, Шемонаиха – Октябрьское жолының бойында, 1 километр | 0,02 |
34 | Елді мекен жерлері, Шемонаиха – Волчанка автомобиль жолының бойында | 0,1 | |
Аудан бойынша барлығы | 815,12 | ||
Облыс бойынша барлығы | 5773,47 | ||
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы " 28 " шілдедегі № 202 қаулысына 3 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 01.12.2022 № 296 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).