Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2013 жылғы 19 наурыздағы N 13/28 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 сәуірде N 2257 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 40/10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.09.2026 № 40/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      2. алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 16.08.2013 N 18/12 шешімімен.
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 16.08.2013 N 18/12 шешімімен.

      3. "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 15/8 шешіміндегі (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 28 мамырда № 1712 тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы № 67 "Солтүстік Қазақстан", № 67 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған): "Ережесі, Ереже, Ереженің" сөздері сәйкесінше "Қағидасы, Қағида, Қағиданың" сөздерімен ауыстырылсын.

      4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
ХIII сессиясының төрағасы
Р. Әбдрахманова
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
хатшысы
Қ. Едіресов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады