Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 25.09.2026 № 40/10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).2. алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 16.08.2013 N 18/12 шешімімен.
Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 16.08.2013 N 18/12 шешімімен.
3. "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 15/8 шешіміндегі (нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 28 мамырда № 1712 тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы № 67 "Солтүстік Қазақстан", № 67 "Северный Казахстан" газеттерінде жарияланған): "Ережесі, Ереже, Ереженің" сөздері сәйкесінше "Қағидасы, Қағида, Қағиданың" сөздерімен ауыстырылсын.
4. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ХIII сессиясының төрағасы |
Р. Әбдрахманова |
|
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы |
Қ. Едіресов |