Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Қарқара, Ассы, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ, өзендерінің және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы N 246 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 22 желтоқсанда N 2083 тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 18.12.2025 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 18.12.2025 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бекітілген жобалау құжаттамаларының негізінде, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін:

      1) Үлкен Алматы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      2) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      3) Шелек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      4) Ақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      5) Ашыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      6) Шарын өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      7) Текес өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      8) Күрті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      9) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      10) Қопа өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      11) Жирен-Айғыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      12) Шамалған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      13) Қарқара өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      14) Ассы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      15) Қастек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      16) Тарғап өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      17) Көкөзек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      18) кадастрлық нөмірі 03-046-043-1696 жер учаскесінің шекаралары шегінде Көкөзек өзенінің (оң жақ жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасын түзету бойынша жұмыс жобасы;

      19) Белбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      20) Күрті су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;

      21) Бартоғай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 18.12.2025 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шеңберінде шаруашылыққа пайдалану режимі 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 18.12.2025 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы облысының


әкімі

А. Мусаханов


  Алматы облысы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
"Алматы облысының әкімшілік
шекарасындағы Үлкен Алматы,
Түрген, Шелек, Ақсай, Ашыбұлақ,
Шарын, Текес, Күрті, Ақсу, Басқан,
Үсек, Тентек, Шіже, Сарқан, Лепсі,
Қорғас, Борохудзир, Биен, Қызылағаш,
Ақешкі, Шынжалы, Мақаншы, Ұзынқарғалы,
Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Біже,
Қарқара, Ассы, Жаманты, Қастек,
Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ, өзендерінің,
Сасықкөл, Жалаңашкөл, көлдерінде
Күрті және Бартоғай су қоймаларында
су қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу және оларды шаруашылыққа
пайдалану режимі туралы" 246 қаулысына
1-қосымша

Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген,
Шелек, Ақсай, Ашыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ақсу, Басқан,
Үсек, Тентек, Шіже, Сарқан, Лепсі, Қорғас, Борохудзир, Биен,
Қызылағаш, Ақешкі, Шынжалы, Мақаншы, Ұзынқарғалы, Қопа,
Жирен-Айғыр, Шамалған, Біже, Қарқара, Ассы, Жаманты, Қастек,
Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ өзендерінің, Сасықкөл, Жалаңашкөл
көлдерінің, Күрті және Бартоғай су қоймаларында су қорғау
аймақтары мен белдеулері

№ п/п

Су объектілері

Су қорғау аймақтарының ені, метр

Су қорғау белдеулерінің ені, метр

1

2

3

4

1

Үлкен Алматы өзені

300-1000

35-100

2

Түрген өзені

550-1700

55-100

3

Шелек өзені

500-1000

35-100

4

Ақсай өзені

500-1000

35-100

5

Ашыбұлақ өзені

500-550

60-100

6

Шарын өзені

500-1000

35-100

7

Текес өзені

500-1000

35-100

8

Күрті өзені

500-1700

35-200

9

Ұзынқарғалы өзені

500-1000

35-100

10

Қопа өзені

500-800

35-100

11

Жирен-Айғыр өзені

500-900

35-100

12

Шамалған өзені

500-1000

35-100

13

Қарқара өзені

500-1000

35-100

14

Ассы өзені

500-1000

35-100

15

Қастек өзені

500-900

35-100

16

Тарғап өзені

500-850

35-100

17

Көкөзек өзені

500-600

35-100

18

Көкөзек өзені жер учаскесінің шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі 03-046-043-1969)

500

35

19

Белбұлақ өзені

500-700

35-100

20

Күрті су қоймасы

1000

100

21

Бартоғай су қоймасы

500

35-100

  Алматы облысы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
"Алматы облысының әкімшілік
шекарасындағы Үлкен Алматы,
Түрген, Шелек, Ақсай, Ашыбұлақ,
Шарын, Текес, Күрті, Ақсу, Басқан,
Үсек, Тентек, Шіже, Сарқан, Лепсі,
Қорғас, Борохудзир, Биен, Қызылағаш,
Ақешкі, Шынжалы, Мақаншы, Ұзынқарғалы,
Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Біже,
Қарқара, Ассы, Жаманты, Қастек,
Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ, өзендерінің,
Сасықкөл, Жалаңашкөл, көлдерінде
Күрті және Бартоғай су қоймаларында
су қорғау аймақтары мен белдеулерін
белгілеу және оларды шаруашылыққа
пайдалану режимі туралы" 246 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Алматы облысы әкімдігінің 18.12.2025 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі

      1. Жерүсті су объектілерінде:

      1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;

      2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;

      3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;

      4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;

      6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;

      7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.

      2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

      1) мыналарды:

      су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

      көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

      айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

      балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

      ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

      су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

      2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

      3. Су қорғау аймақтары шегінде:

      1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

      3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

      4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

      5) зираттарды орналастыруға;

      6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

      7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады