Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Қарқара, Ассы, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ өзендерінің, және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" № 246 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2026 жылғы 18 наурыздағы № 68 қаулысы

      Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы "Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Қарқара, Ассы, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ өзендерінің және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" № 246 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2083 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасындағы 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

18

Көкөзек өзені жер учаскесінің шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі 03-046-043-1696)

500

35

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады