2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 22 мамырдағы № 1289 Жарлығы.

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 22 мамырдағы
№ 1289 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба

2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,

      2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың ережелерін назарға ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) 2-баптың 1-тармағы "ерекшеліктерін" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осындай жауаптылықты белгілеудің қағидаттары мен тәсілдерін" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты белгілеу кезінде Тараптар:

      1) заңдылық, әділеттілік, ізгілік, заң алдындағы теңдік, кінәлілік, кінәсіздік презумпциясы, жауаптылықтың бұлтартпастығы, жазалардың мөлшерлестігі қағидаттарын негізге алады;

      2) мынадай тәсілдерді ұстанады:

      анықталған бұзушылықтардың сипаты мен қоғамға қауіптілігі дәрежесіне қарай оларды қылмыстарға немесе әкімшілік құқық бұзушылықтарға жатқызу;

      кедендік реттеу саласындағы бұзушылықтарға жол берген қылмыстардың, әкімшілік құқық бұзушылықтардың субъектілерін, сондай-ақ қылмыстар, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жазалардың түрлерін айқындау;

      жазалаудан бұрын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу (профилактикасы) жөніндегі шараларды басымдықпен қолдану.".

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.

      20____ жылғы__________ _____________қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып саналатын және әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Армения Республикасы үшін Беларусь Республикасы үшін
      Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін
      Ресей Федерациясы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады