"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 1264 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      5-тармақтың 9) тармақшасындағы "есепті қарауды жүзеге асырады." деген сөздер "есепті қарауды;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқару нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті қарауды жүзеге асырады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады