Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туылған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің
ҚҰРАМЫ
(лауазым бойынша)
Қазақстан Республикасының Президенті, төраға
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2-тарау. Кеңестің міндеттері
4. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының (бұдан әрі - Қор) қаражатын пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Кеңес Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес Қор қаражатын пайдалану мәселелерін қарайды.
5. Кеңес міндеттерін орындау үшін:
1) ор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
2) Қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері бойынша ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
3) қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға жіберілетін, Қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемдері мен бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
4) жобаларды сараптау нәтижелерін ескере отырып, Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен Қор қаражаты есебінен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
5) Қорда орналастыру үшін материалдық емес рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерді қоспағанда, жасалған мәмілелердің зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары жөнінде ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарауды жүзеге асырады.
3-тарау. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңесті төраға басқарады.
7. Кеңес төрағасы:
1) Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын айқындайды;
3) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарда Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
4) Кеңес мүшелеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.
8. Кеңес мүшелері:
1) Кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Кеңес отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;
3) Кеңес отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органдарды, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын Қор қызметінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқарудың мәселелерін талқылауға тартады;
2) қаралатын мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдайды.
10. Кеңес отырыстары бетпе-бет және (немесе) сырттай нысандарда қажеттілікке қарай және жылына бір реттен сиретпей Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.
Кеңестің осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәселелерге байланысты отырыстары тек қана бетпе-бет нысанда өткізіледі.
Кеңес отырыстары оның мүшелерінің үштен екісі болған кезде заңды болады. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
11. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен немесе Кеңес мүшелеріне сұрау жүргізу жолымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 932 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 қарашадағы № 208 Жарлығы.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 19 мамырдағы № 806 Жарлығы.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 889 Жарлығы.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 128 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 284 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.
7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 533 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы.
8. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 888 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.
9. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 7-тармағы.
10. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқару кеңесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 753 Жарлығының және "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 911 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 113 Жарлығы.
11. "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.