Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 1251 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық:

      2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының он сегізінші – отызыншы, отыз алтыншы – отыз сегізінші, қырық бесінші – елу бірінші, елу үшінші – елу бесінші, елу тоғызыншы – алпыс жетінші, жетпіс екінші – жетпіс бесінші абзацтарын, 2-тармағының елу үшінші – алпыс сегізінші абзацтарын;

      2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының жетпіс сегізінші – сексен екінші абзацтарын, 2-тармағының отыз сегізінші, тоқсан төртінші, бір жүз бірінші – бір жүз үшінші, бір жүз он бесінші, бір жүз он алтыншы, бір жүз отыз төртінші – бір жүз отыз алтыншы, бір жүз қырық жетінші, бір жүз елуінші – бір жүз елу тоғызыншы, бір жүз сексен жетінші – екі жүз бірінші, екі жүз үшінші абзацтарын, 3-тармағын;

      2026 жылғы 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының қырық бірінші – қырық төртінші абзацтарын;

      2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының қырық алтыншы – елуінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші абзацтарын, 4-тармағының төртінші – алтыншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 30 сәуірдегі
№ 1251 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Ұлттық Банкінің толық атауы:

      1) мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) орыс тілінде: Республиканское государственное учреждение "Национальный Банк Республики Казахстан";

      3) ағылшын тілінде: Republican state institution "National Bank of the Republic of Kazakhstan".";

      14-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      екінші абзацта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) цифрлық теңгенің жалғыз эмитенті болады;

      3-2) Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) төлем жүйелерін реттеуді және оларды қадағалауды (оверсайт), төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оны бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын реттеуді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтер мен цифрлық активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) мыналарға:

      өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған;

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға – банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған;

      қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен жасалатын айырбастау операцияларын жүзеге асыру қызметінің айрықша түрі болатын қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларына цифрлық активтер нарығындағы дилерлік қызметке – қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау, сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларға арналған лицензияларды береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, олардан айырады;";

      мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4) және 32-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "32-1) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады;

      32-2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      32-3) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтерінің платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың және "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

      32-4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторының қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді сатып алу, сату және (немесе) айырбастау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды;

      32-5) цифрлық қаржы активтері платформасының операторларын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларын, төлем ұйымдарын есептік тіркеуді жүзеге асырады;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушылары – цифрлық активтер қызметтерінің провайдерлерін қоспағанда, цифрлық активтер қызметтері провайдерлерінің, "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің, сондай-ақ цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режиміне қатысушылардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;";

      63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;";

      19-тармақта:

      екінші бөлікте:

      екінші абзацта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына, цифрлық қаржы активтерінің эмитентіне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану;

      8-2) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторына қадағалап ден қою шараларын қолдану;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда автомобильмен инкассаторлық тасымалдауды ұйымдастыруды қоса алғанда, кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) жүйеде көрсетілетін қызметтердің тарифтері, оларды жүйеге қатысушылармен келісу тәртібі де айқындалатын мобильді төлемдердің банкаралық жүйесінің жұмыс істеуі;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) цифрлық теңгені шығару, айналысқа жіберу және өтеу;";

      мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "48-1) нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының, цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің Қазақстан Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 49-1), 49-2), 49-3) және 49-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "49-1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторларының қызметін жүзеге асыру;

      49-2) цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін жүзеге асыру;

      49-3) цифрлық қаржы активтерін шығару, оларды орналастыру, айналымға (айналысқа) жіберу және өтеу;

      49-4) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру;";

      үшінші абзац:

      мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторлары, цифрлық қаржы активтері платформасының операторлары, цифрлық активтердің сауда платформасының операторлары, "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1) тармақшасында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимінің қатысушылары үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына;

      8) базалық активі ақша және олардың баламалары болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдарға;";

      төртінші абзац:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасасу тәртібін;";

      мынадай мазмұндағы 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) және 6-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жүргізу тәртібін, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға және сақталуға тиіс өзге де мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінен мәліметтерді орталық депозитарийге беру тәртібін;

      6-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, нысандарын, кезеңділігі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне есептілік ұсыну қағидаларын;

      6-4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының мәліметтерді бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне ұсыну қағидаларын;

      6-5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға рұқсат беру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын;

      6-6) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен бірлесіп, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығару үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына рұқсат беру қағидаларын;

      6-7) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) офшор аймақтардың тізбесін;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де құқықтық актілерін бекіту жатады.";

      бесінші абзацта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді айырбастау операторы үшін шектеулер мен лимиттерді белгілейді;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болатын заңды тұлғалар үшін жарғылық капиталдың мөлшерін және оларды қалыптастыру тәртібін белгілейді, сондай-ақ төлем ұйымының, қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер операторының, цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) шетел валютасындағы, бағалы металдардағы активтер мен цифрлық активтердегі басқару жөніндегі, сондай-ақ оларды сыртқы басқаруға беру жөніндегі актілерді қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2), 14-3) және 14-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналардың мөлшерін, оларды енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

      14-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;

      14-3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджеттің қаражатын және (немесе) өзге де қаражатты банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті ақшалай жарналары есебінен өтеу туралы шешім қабылдайды;

      14-4) бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен жəне бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу сомасына қатысты шекті мәнге жеткен кезде Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу мақсаттарын растау жөніндегі талаптар және оны мәлімделген мақсаттарға пайдалану тәртібі қолданылатын шекті мәнді белгілейді;".

      2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      12-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған тең құқылы жағдайлар жасау;";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құқықтары:

      өзінің құзыреті шеңберінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      кез келген жеке және заңды тұлғалардан, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан), Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және өтеусіз алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулерді және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, аудиторлық ұйымдарды, бағалаушыларды және қаржылық технологиялар саласындағы мамандарды тарта отырып жүргізу;

      тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыру, техникалық бақылау құралдарының, бақылау және тіркеу аспаптарының, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеру, жоспардан тыс тексеру нысанасына жататын фото-, бейнеаппаратураның жазбаларын пайдалану;

      бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында Агенттік өз жұмыскерлерінің қатарынан тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға жіберу;

      Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамасын және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті бұзу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;

      банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, микроқаржы ұйымдарына, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалану;

      микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға және коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымға өз мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты тексеру жүргізуді тапсыру;

      Агенттіктің ішкі қызметін реттейтін нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау;

      Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;";

      14-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерін, бағалы қағаздар эмитенттерін, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа цифрлық қаржы активін қоса алғанда бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болатын, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерінің эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банк холдингтерін, банк конгломераттарын, банктердің ірі қатысушыларын, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларын, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерді, арнаулы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларын, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларды, кәсіптік ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді, уақытша әкімшіліктерді (уақытша әкімшілерді), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, микроқаржылық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың, коллекторлық қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тарату комиссияларын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсатты кері қайтарып алу, сондай-ақ:

      банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін;

      банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту тәртібін, оның ішінде банкті банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ерікті түрде қайта айналдыру, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру шарттарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару тәртібін, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына аудару тәртібін;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсаттар беру не аталған рұқсаттарды беруден бас тарту тәртібін айқындау;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру не келісім беруден бас тарту, келісімді кері қайтарып алу, сондай-ақ:

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мінсіз іскерлік беделінің болмауы өлшемшарттарын, келісім алу үшін қажетті құжаттарды қоса алғанда, банктің, банк холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерін лауазымға тағайындауға (сайлауға) келісім беру тәртібін;

      халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілігі бар кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асыру, құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау тәртібін айқындау, оның ішінде:

      банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарына банк лицензиясын беру тәртібін;

      банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензиялар беру тәртібін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларын жүргізу үшін қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін;

      сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібін;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібін, сондай-ақ құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды;

      бағалы қағаздар нарығында кәсіптік қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензияларды беру, тоқтата тұру және олардан айыру тәртібін;

      микроқаржылық қызметті лицензиялау тәртібін, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін айқындау;";

      10) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының жасанды интеллект жүйелерін пайдалануын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;";

      16) және 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру және келісім беруден бас тарту, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, келісімді кері қайтарып алу тәртібін және көрсетілген келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындау;

      16-1) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруға және иеленуге, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру және беруден бас тарту, сондай-ақ:

      банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруға және иеленуге, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру, оны кері қайтарып алу және (немесе) оның күшін жою тәртібін;

      банктің стрестік активтерді басқару жөнінде еншілес ұйым құруға немесе иеленуге рұқсат беру тәртібін айқындау;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;";

      42-1), 42-8) және 42-9) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 42-25) тармақшамен толықтырылсын:

      "42-25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына қолжетімділікті беру жағдайларын, тәртібін, мерзімдерін және форматтарын, сондай-ақ деректер витринасында қамтылған мәліметтердің тізбесін айқындау;";

      51-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "51-3) білім беру жинақтау сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есептеу және жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 74-31), 74-32), 74-33), 74-34), 74-35), 74-36), 74-37), 74-38), 74-39), 74-40), 74-41), 74-42), 74-43), 74-44) және 74-45) тармақшалармен толықтырылсын:

      "74-31) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлікті, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерін шығару, орналастыру, олардың айналымы (айналысы) және өтеу шарттары мен тәртібін айқындау;

      74-32) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері мен инвесторларына және көрсетілген цифрлық қаржы активтерін шығару туралы шешімге қойылатын талаптарды, оның ішінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік, сондай-ақ тек білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтерінің тізбесін белгілеу;

      74-33) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтерінің базалық активі бола алатын мүліктердің тізбесін (түрлерін), сондай-ақ осындай цифрлық қаржы активтері бойынша базалық активті есепке алу және сақтау тәртібін бекіту;

      74-34) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда, өзге де мүлік болып табылатын цифрлық қаржы активтеріне қатысты цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым ретінде болуға құқылы ұйымдарға қойылатын талаптарды бекіту;

      74-35) цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде цифрлық қаржы активтерімен жасалатын мәмілелерді тіркеу және осы мәмілелерді орталық депозитарийдің бағалы қағаздар және цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде көрсету тәртібін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтарды растау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері бойынша құқықтардың кепілін тіркеу тәртібі мен ерекшеліктерін белгілеу;

      74-36) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін және цифрлық қаржы активтерінің нарығындағы қызметті қоса атқарудың шарттары мен тәртібін белгілеу;

      74-37) цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      74-38) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), тауарлар және (немесе) ақшаны қоспағанда өзге де мүлік, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары түріндегі цифрлық қаржы активтері эмитенттері есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін бекіту;

      74-39) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша цифрлық қаржы активтері нарығындағы әрекеттерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттарын бекіту;

      74-40) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесін жүргізу тәртібін, цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінде есепке алынуға және сақталуға тиіс өзге де мәліметтердің тізбесін, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының цифрлық қаржы активтерін ұстаушыларды есепке алу жүйесінен мәліметтерді орталық депозитарийге беру тәртібін айқындау;

      74-41) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібін бекіту;

      74-42) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитарийге мәліметтер ұсыну тәртібін, сондай-ақ цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының орталық депозитариймен өзара іс-қимыл жасауының өзге де мәселелерін айқындау;

      74-43) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға рұқсат беру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушыларына цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту;

      74-44) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетімен бірлесіп, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығару үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына рұқсат беру қағидаларын бекіту;

      74-45) "Астана" халықаралық қаржы орталығы айқындайтын және әзірлейтін "Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық активтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензиясы бар цифрлық активтер биржаларының және "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқа да қатысушыларының екінші деңгейдегі банктермен және Ұлттық пошта операторымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін келісу;";

      87), 88), 89) және 90) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "87) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін бекіту;

      88) қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін бекіту;

      89) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары және жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды бекіту;

      90) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту;";

      90-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "90-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қаржы нарығында биометриялық аутентификациялау жүргізу тәртібін айқындау;";

      93) тармақша алып тасталсын;

      93-1), 95), 106) және 108) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "93-1) бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын ұйымның шешімдерін басқаша айқындау мүмкіндігінің болу жағдайын белгілеу;";

      "95) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру тәртібін айқындау;";

      "106) банктердің екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді қалпына келтіру жөніндегі шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;";

      "108) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізу;";

      110) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 110-1), 110-2), 110-3) және 110-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "110-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, әмбебап банк лицензиясы бар банктің, ислам банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының цифрлық қаржы активтерімен мәмілелер жасау тәртібін айқындау;

      110-2) әмбебап банк лицензиясы бар банктер, базалық банк лицензиясы бар банктер, ислам банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банктерінің филиалдары бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті және брокерлік қызметті жүзеге асыратын қаржы құралдарының тізбесі мен оларды сатып алу тәртібін айқындау;

      110-3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      110-4) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкте, ислам банкінде исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің басшысы мен мүшелеріне қойылатын талаптарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 110-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "110-5) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында деректер витринасын қалыптастыру, жүргізу және жаңарту, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға деректер витринасына қолжетімділікті беру жағдайларын, тәртібін, мерзімдерін және форматтарын, сондай-ақ деректер витринасында қамтылған мәліметтердің тізбесін айқындау;";

      112), 113), 114), 115), 116), 117) және 118) тармақшалар алып тасталсын;

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйым қызметінің тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтерге қойылатын талаптарды белгілеу;";

      120) тармақша алып тасталсын;

      121) және 123) тармақшалар алып тасталсын;

      127), 129) және 130) тармақшалар алып тасталсын;

      130-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "130-1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензия негізінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды (резервтерді) құру тәртібін айқындау;";

      131) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 131-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "131-1) банк қызметін жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптарды белгілеу;";

      133) тармақша алып тасталсын;

      134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "134) қаржы өнімдерін басқаруға қойылатын талаптарды, іс-қимылды қадағалау субъектісі қаржы өнімдерін бекіту, өзгерту және ұсынуды тоқтату туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі (мөлшерлемелері мен тарифтерін көрсете отырып), осындай хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін белгілеу;";

      135) және 136) тармақшалар алып тасталсын;

      137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "137) банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тәртібін, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банк пен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарлау тәртібін айқындау;";

      138) тармақша алып тасталсын;

      139) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "139) жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шарты және банктік салым шарты бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын айқындау;";

      140), 141), 143-1) және 143-2) тармақшалар алып тасталсын;

      143-3) және 143-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "143-3) қаржы омбудсмандарының және қаржы омбудсманы қызметінің жұмысын жүзеге асыру, оның ішінде келіп түскен және қаралған жолданымдар туралы ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беру, сондай-ақ қаржы омбудсманын сайлау және оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін айқындау;

      143-4) қаржы омбудсманы қызметі кеңесі ұсынатын кандидаттар қатарынан қаржылық көрсетілетін қызметтердің тиісті салаларындағы бас қаржы омбудсманы мен қаржы омбудсманының кандидатурасын Заңның 15-29-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан келісу;";

      143-5), 143-6), 143-7) және 143-8) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 143-10) тармақшамен толықтырылсын:

      "143-10) қатысушыларды қосу талаптарын, қолжетімділік деңгейлерін, дербес деректерді айырбастауды және қорғауды қоса алғанда, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз шарттары және тұтынушылық микрокредит беру туралы шарттар бойынша қарыз алушы жеке тұлғалардың берешегін ұжымдық реттеу платформасының жұмыс істеу тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 143-11) тармақшамен толықтырылсын:

      "143-11) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржы ұйымдарының жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары бойынша есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен тәртібін белгілеу;";

      144) және 145) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "144) банкпен, банк холдингімен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасу тәртібін айқындау;

      145) банкпен, банк конгломератымен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен байланысты тұлғаларды ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп тану тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 146-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "146-2) бақылау белгілерін, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі, ұйымның капиталына қомақты қатысу белгілерін анықтау тәртібін айқындау;";

      147) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "147) банк конгломераттары үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндерін және есеп айырысу әдістемелерін белгілеу;";

      147-1) және 148) тармақшалар алып тасталсын;

      150) және 150-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "150) әмбебап банк лицензиясы бар банк, базалық банк лицензиясы бар банк, ислам банкі үшін пруденциялық нормативтерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін белгілеу;

      150-1) банктің ірі қатысушысы, банк холдингі банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін тиісті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту талаптарын айқындау;";

      151) тармақша алып тасталсын;

      153) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "153) Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары үшін пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың шекті мәндерін және есептеу әдістемелерін белгілеу;";

      160) тармақша алып тасталсын;

      161) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "161) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікті, банк операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшілікті тағайындау және оның қызметінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау, оның қызметінің тәртібін және өкілеттіктерін, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің, банк операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылғаннан кейін тағайындалатын уақытша әкімшіліктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беретін есептіліктің және өзге де ақпараттың тізбесін, нысандарын, оларды беру мерзімдері мен тәртібін айқындау;";

      162) тармақша алып тасталсын;

      163) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "163) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 163-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "163-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы осалдықтар туралы, оның ішінде үшінші тараптардан алынған ақпаратты, сондай-ақ ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар мен іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдерін айқындау;";

      168), 169) және 170) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "168) банк активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не оларды толық көлемде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу тәртібін, көрсетілген операцияны жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін, сондай-ақ осы операцияны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісу тәртібін айқындау;

      169) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы жұмысының үздіксіздігіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      170) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 170-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "170-1) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына нақты уақыт режимінде ден қою, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін айқындау;";

      171), 172), 173), 174), 175) және 176) тармақшалар алып тасталсын;

      176-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "176-1) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, ислам банкін таңдау және оларға исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар таратылатын банктің, ислам банкінің инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру, сондай-ақ ислам банкін, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкінің филиалын, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын таңдау және оларға қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент ислам банкі филиалының, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын әмбебап банк лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша есебінен сатып алынған мүлкін және инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерін беру тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 176-2), 176-3), 176-4), 176-5), 176-6), 176-7) және 176-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "176-2) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығының нашарлауының қаржылық-экономикалық және өзге де белгілерінің мәндерін белгілеу;

      176-3) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      176-4) банкті реттеу жоспарының мазмұнына қойылатын талаптарды, оны әзірлеу және жаңарту тәртібін белгілеу;

      176-5) банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу тәртібін, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болу өлшемшарттарын, олардың жүзеге асырылуының үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болу өлшемшарттарын, сондай-ақ жасалу салдарынан банк залалға ұшырайтын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесін айқындау;

      176-6) банкті реттеу құралдарын қолдану тәртібін айқындау;

      176-7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының банкті реттеу салдарынан туындаған (пайдаланылған) залалдарды (қаражатты) өтеу (жабу) үшін міндетті ақшалай жарналардың мөлшерін, оларды енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      176-8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 182-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "182-1) микроқаржы ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілеу;";

      185), 188), 189) және 189-1) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 189-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "189-2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 191-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "191-2) микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 191-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "191-3) микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну Қағидаларын белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 204-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "204-2) кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайда, кредиттік бюроға, коллекторлық агенттікке қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін белгілеу;";

      мынадай мазмұндағы 231-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "231-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соңғы сатыдағы қарыз бойынша кепілге қабылдауы үшін қолайлы, банктердің нарықтық емес активтерін айқындау жөніндегі алдын ала рәсімді (кепіл препозициясы) және кепіл препозициясындағы нарықтық емес активтер мониторингін жүргізу;";

      232-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "232-2) банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін коллекторлық агенттіктерге және стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдарға қойылатын талаптарды айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 233-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "233-1) қаржылық қызметтерді көрсету саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің орын алып отырған қатерлері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 234-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "234-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысу;";

      21-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мыналарға:

      банктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға;

      банктердің еншілес ұйымды құруына және иеленуіне;

      банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне;

      ұйым капиталына банктің қомақты қатысуына;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымды құруына немесе иеленуіне;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) не рұқсатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жүйелік маңызы бар банк болып табылмайтын банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;";

      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) банкті реттеу режимін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      12) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына күшейтілген қадағалау режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалына қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режимін қолдану туралы шешім қабылдайды;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалын күшейтілген қадағалау режимін тоқтату туралы шешім қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру режимін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      13-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджеттің қаражатын және (немесе) өзге де қаражатты банктердің және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының міндетті ақшалай жарналары есебінен өтеу туралы шешім қабылдайды;";

      14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;

      18) тармақша алып тасталсын;

      20) тармақша алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      5-тармақта:

      3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қоса алғанда, оған реттеу режимін қолдануды;";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану мәселелері бойынша:

      жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын қарайды және оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оны мақұлдау немесе оны мақұлдаудан бас тарту туралы шешім шығарады;

      жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қарайды;";

      7-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан Кеңестің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдарды, оның ішінде:

      Ұлттық Банктен макропруденциялық саясат мәселелерін қарау кезінде анықталған жүйелік тәуекелдер, жүйелік тәуекелдерді бағалау және мониторингтеу нәтижелері туралы және оларды азайту бойынша ұсынылатын шаралар туралы ақпаратты;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан макропруденциялық саясат мәселелерін қарау кезінде қаржы ұйымдарының қаржылық жай-күйі және тәуекелдері, қадағалау және реттеу шаралары туралы ақпаратты сұратуға және алуға;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы туралы мәселені қараған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және өзге ұйымдардан материалдарды, оның ішінде:

      Ұлттық Банктен:

      реттеу режиміндегі банкті "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүйелік маңызы бар банкке жатқызу туралы ақпаратты;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік кепілдік берген жағдайда жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне соңғы сатыдағы қарыз беру мүмкіндігі туралы ақпаратты;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан:

      жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын;

      жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін, оның реттеу жоспарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасында көрсетілген реттеу құралдарының тізбесін, іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдерін;

      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органнан:

      мыналар:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы;

      жүйелік маңызы бар банкті реттеуге арналған қарыздар бойынша жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де қаражатты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратты сұратуға және алуға;

      3-2) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану мәселелері бойынша реттеу құралдарының тізбесіне, іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдеріне ұсынымдар беруге;".

      4. "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7-2) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу;

      7-3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында жəне (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер əмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу үшін ақпараттың құрамын, оны беру мерзімдері мен нысанын қамтитын тəртіпті айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 35-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-4) өз құзыреті шегінде "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру;".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады