Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 1068 Жарлығы

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 1068 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:

      1-тарауда:

      тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы азаматтарының әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, келісімшарт бойынша әскери қызметті және резервтегі әскери қызметті өткеру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар – дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;

      2) жауынгерлік даярлық бойынша жиын – жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;

      3) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға резервтегі әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      4) уәкілетті орган – құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік орган;

      5) штаттық-лауазымдық санат – әскери бөлімнің (мекеменің) штатында әскери лауазым үшін көзделген әскери атақ;

      6) іріктеу комиссиясы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) әскери бөлімдерінде (мекемелерінде) құрылатын, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды іріктеу жөніндегі комиссия.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әскери қызмет өткеру";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бейбіт кезде және соғыс уақытында әскери қызмет өткеру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарында оқуды, әскери қызметке шақыруды, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке ерікті түрде кіруді, әскери атақ беруді, әскери лауазымға тағайындалуды және әскери қызметі бойынша ауыстырылуды, ротациялауды, әскери қызметтен шығаруды, аттестаттауды, демалыстар беруді, әскери жиындардан өтуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған басқа да мән-жайларды (оқиғаларды) қамтиды.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларға сәйкес ерікті тәртіппен келісімшарт бойынша әскери қызмет және резервтегі немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әскери қызметтің басталуы, мерзімдері және аяқталуы";

      8-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметке (әскери жиындарға) шақырылғандар үшін – жергілікті әскери басқару органынан (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) әскери қызмет өткеру (жиындардан өту) орнына кету туралы тиісті бастықтың бұйрығы шыққан күн;

      2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бөлім жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрығы шыққан күн, ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінде – жеке құрам бойынша бұйрық шыққан күн;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) резервтегі әскери қызметке кіргендер үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы шыққан күн;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына түскендер үшін, егер оған дейін олар әскери қызметшілер болып табылмаса – ұландарды қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орындары үшін әскери, арнаулы оқу орны бастығының оқу құрамының тізімдеріне енгізу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап, ал шетел әскери, арнаулы оқу орнына түскен кезде – уәкілетті орган басшысының оқуға жіберу туралы бұйрығы шыққан күннен бастап;

      4) негізгі орта білім беру базасында техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарында оқудың екінші курсын бітірген ұландар үшін – əскери, арнаулы оқу орны бастығының оқуды жалғастыру, үшінші курсқа көшіру және кадет ауыспалы құрамының əскери лауазымына тағайындау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап саналады.";

      9-тармақта:

      2) тармақшадағы "тиісті күні аяқталады." деген сөздер "тиісті күні;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүргендер үшін – әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды немесе жиындарды, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күні не резервтегі әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен шығарылған күннен бастап аяқталады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметтен шығарылуына (әскери жиындардың аяқталуына), сондай-ақ әскери қызметтен шығару бірінші басшының бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығымен ресімделетін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына және азаматтық қорғау органдарына ауысуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен шығарылған күн әскери қызмет аяқталған күн болып саналады.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскери қызметшінің әскери қызметінің (еңбек сіңірген жылдарының) жалпы ұзақтығы оның әскерге шақыру бойынша да, келісімшарт бойынша да әскери қызметінің барлық уақытын, сондай-ақ әскери жиындардан өту, ал резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу уақытын қамтиды.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Келісімшарт жасасу және оның қолданысын тоқтату";

      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) басқа мемлекеттің орта техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнына (әскери факультетке) түсетіндер – Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде оқу мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті орган құрылымдық бөлімшесінің бастығымен;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кірген кезде келісімшарт жасалады.

      Келісімшарт бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшімен басқа келісімшарт:

      1) Заңның 19-бабында айқындалған құрам өзгерген;

      2) әскери, арнаулы оқу орнына (әскери факультетке) қабылданған;

      3) Заңның 26-бабының 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнына түсер алдында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшіні теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығаруға негіз болып табылмайтын әскери оқу орнынан шығарылған;

      4) әскери қызмет мерзімі ұзартылған;

      5) бір уәкілетті органнан екіншісіне ауыстырылған жағдайларда жасалады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті одан әрі келісімшарт бойынша өткеруге ниет білдірген әскери қызметші қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталғанға кемінде екі ай қалған мерзімде белгіленген тәртіппен әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) жаңа келісімшарт жасасу туралы баянат береді.

      Лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызмет, резервтегі әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы өзіне осындай құқық берілген уәкілетті лауазымды адамның шешімі бұйрықпен ресімделеді және әскери қызметшінің назарына жазбаша түрде қолын қойғызып жеткізіледі.

      Келісімшарт бойынша әскери қызмет, резервтегі әскери қызмет мерзімін ұзартудан бас тартылған жағдайда әскери қызметшінің назарына бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша хабарлама қолын қойғызып жеткізіледі.

      Келісімшарт бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген және келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты әскери қызметтен шығу туралы шешім қабылдаған әскери қызметші келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын уәкілетті лауазымды адамды өзінің шешімі туралы жазбаша хабардар етеді.

      Әскери қызметші жүктілігі және бала тууы бойынша демалыста немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша қосымша демалыста болған уақытта қолданыстағы келісімшарттың мерзімі аяқталған жағдайда әскери қызметші демалыстан шыққаннан кейін екі ай ішінде жаңа келісімшарт жасасады немесе осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен әскери қызметтен шығарылады.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттарды іріктеу";

      19-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіру үшін кандидаттарды іріктеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау;";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әскери қызметте болмаған, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы жергілікті әскери басқару органының бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) өтініш береді.

      Республиканың шегінен тысқары жерлерде тұратын, келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ғана өтініш береді.";

      21-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әйелдерді қоспағанда, бұрын әскери қызмет өткермеген, әскери кафедрада (әскери факультетте) оқымаған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында әскери даярлықтан өткенін растайтын құжатты ұсынады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге ниет білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өтініштері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі. Өтініші тіркелген және қарауға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматы келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіруге кандидат (бұдан әрі – кандидат) болып табылады.

      Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін кандидаттың Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келуі тексеріледі.

      Резервтегі әскери қызметке кіретін кандидаттың Заңның 40-2-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келуі тексеріледі.

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке "Арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Заңның 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді.

      Уәкілетті органдарда кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібін олардың бірінші басшылары айқындайды.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін адам үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттың құжаттарын (жеке ісін) іріктеу комиссиясы қарайды.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Психологиялық іріктеу нәтижелері бойынша нақты әскери лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кандидаттың жарамдылығы туралы мынадай қорытындылардың бірі шығарылады:

      1) "ұсынылады";

      2) "ұсынылмайды".

      29. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін кандидаттарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен арнайы тексеру жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Тізбесін уәкілетті органның бірінші басшысы бекіткен лауазымдарға резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға қатысты уәкілетті органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық зерттеу қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін әскери қызметшілер қатарынан кандидаттарды іріктеу";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметші әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) (офицерлер құрамының әскери қызметшісі – әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын) баянат береді.

      33. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметті, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген және келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген әскери қызметшінің баянаты тіркеледі және оны әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) қарауға қабылдайды. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) әскерге шақыру бойынша, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшінің баянатын қарайды және ол бойынша он жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілермен әскери қызмет мерзімдерін ұзарту кезінде келісімшарттар жасасу";

      8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-тарау. Әскери лауазымдарға тағайындау";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әскери қызметшіні әскери лауазымға, оның ішінде штаттан тыс құрамның әскери лауазымына тағайындау уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін мемлекеттік орган әскери лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары негізінде, әскери қызметшінің білім, кәсіби даярлық деңгейі, қызметтік жұмыс тәжірибесі, денсаулық жағдайы және осы Қағидаларда көзделген өзге де мән-жайлар ескеріле отырып жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:

      "43-1. Қарулы Күштердің келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшісі штаттан тыс құрамның әскери лауазымына тағайындалған кезде бұрын атқарған әскери лауазымынан босатылады және студенттерді әскери даярлау және әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жүктелген лауазымдық өкілеттіктерді орындау үшін әскери кафедраға (әскери факультетке) іссапарға жіберіледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Техникалық және кәсіптік, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнына қабылданған азамат қатардағы жауынгерлер немесе сержанттар құрамдарының штаттық-лауазымдық санатындағы кадет және курсант ауыспалы құрамының әскери лауазымына тағайындалады.";

      48-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Әскери, арнаулы оқу орындарын немесе әскери, арнаулы оқу орнының адъюнктурасын, магистратурасын не докторантурасын бітірген әскери қызметшілер қажетті білім деңгейі бар адамдар атқаруға тиіс, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар тізбесінде (бұдан әрі – әскери лауазымдар тізбесі) аталған әскери қызметшілердің әскери атақтарына тең немесе оларға қарағанда анағұрлым жоғары әскери атақ сәйкес келсе, әскери лауазымдарға тағайындалады.";

      49-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының штаттық-лауазымдық санаттарындағы әскери лауазымдарға, оның ішінде штаттан тыс лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалады.

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында көрсетілген әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілерін тағайындау мүмкін болмаған кезде оларға осы органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері тағайындалуы мүмкін.

      Бос әскери лауазымдар болмаған кезде әскери, арнаулы оқу орындары мен әскери кафедра (әскери факультет) бітіргендерді қоспағанда, сержанттар құрамының әскери қызметшілері өздерінің келісімі бойынша қатардағы жауынгерлер құрамының әскери лауазымдарына тағайындалуы мүмкін;";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Бос әскери лауазымдарға төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері не азаматтар уәкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) лауазымдық айлықақы атқаратын әскери лауазымына сәйкес белгіленеді.

      Штаттан тыс құрамның бос әскери лауазымдарына осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен запастағы немесе отставкадағы азаматтар уақытша тағайындалуы мүмкін.

      Әскери лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) осы әскери лауазымдарға әскери қызметшілер тағайындалған кезде басқа лауазымдарға тағайындалады, ал басқа лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған жағдайда – белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылады.";

      57-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери қызметшінің келісімінсіз:

      аттестаттау комиссиясының қорытындысы бойынша бір сатыдан төмен емес;

      қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде тәртіптік жарғының 97-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша тәртіптік реттілікте бір сатыдан төмен емес;

      офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына уақытша тағайындалған қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамдарының әскери қызметшілері осы әскери лауазымдар қысқартылған немесе бұл әскери лауазымдарға тиісті құрамның әскери қызметшілері тағайындалған жағдайларда;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жүргізіледі.";

      9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруды жүктеу";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. Командирдің (бастықтың) қарамағына қабылдау";

      11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Әскери лауазымнан босату";

      12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12-тарау. Әскери қызметшілерді ауыстыру";

      68-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған;";

      70-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарына немесе азаматтық қорғау органдарына ауыстыру олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша жүргізіледі.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Арнаулы атақтары, сыныптық шендері бар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметшілерінің ауысу тәртібімен әскери қызметке кіруі Қарулы Күштердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың және азаматтық қорғау органдарының бірінші басшыларымен келісу бойынша қызметкерлер Заңның 38-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келген кезде, ал Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына әскери қызметке кіруі "Арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Заңның 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.";

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. Әскери қызметшілердің іссапарға баруы, оларды іссапарға жіберу және әскери қызметті өткеру ерекшеліктері";

      72-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Әскери қызметшілер мемлекеттің қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде бірінші басшылармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, халықаралық ұйымдарға – қабылданған келісімдерге (шарттарға) сәйкес әскери емес лауазымдарға, ал Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы бастығының шешіміне сәйкес штаттан тыс құрамның әскери лауазымдарына іссапарға жіберілуі мүмкін.";

      73-тармақтың 3) тармақшасындағы "негізінде жүзеге асырылады." деген сөздер "негізінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) штаттан тыс құрамының әскери лауазымдарына – лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. Ротациялау";

      мынадай мазмұндағы 84-1-тармақпен толықтырылсын:

      "84-1. Осы тараудың талаптары резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге қолданылмайды.";

      15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-тарау. Әскери атақ беру";

      мынадай мазмұндағы 86-2, 86-3, 86-4, 86-5, 86-6, 86-7 және 86-8-тармақтармен толықтырылсын:

      "86-2. Әскери қызметшіде алынбаған тәртiптiк жаза болған кезде не егер оған қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілсе, ол жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беруге ұсынылмайды.

      86-3. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беру туралы ұсынуды (бұдан әрі – ұсыну) Қазақстан Республикасы Президентінің атына:

      1) уәкілетті органдардың бірінші басшылары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Әкімшілік) басшы лауазымды адамдары бойынша – Әкімшіліктің Басшысы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) басшы лауазымды адамдары бойынша – Үкімет Аппаратының Басшысы;

      3) жоғары офицерлер құрамының әскери лауазымдарын атқаратын басқа әскери қызметшілер бойынша – тиісті уәкілетті органның бірінші басшысы енгізеді.

      Ұсынуда әскери қызметшінің кәсіби және жеке қасиеттері, атқаратын әскери лауазымындағы қызметтік ісінің негізгі көрсеткіштері (тағайындалған кезден бастап динамикада) көрсетіледі.

      86-4. Ұсынуға:

      1) уәкілетті орган алқасының* әскери атақ беруге әскери қызметшінің кандидатурасын қарау туралы шешімінің көшірмесі (үзінді көшірмесі);

      2) әскери қызметшінің қызметтік тізімі;

      3) әскери қызметшінің өмірбаяны қоса беріледі.

      Ескертпе:

      *алқалар құрылған уәкілетті органдарда.

      86-5. Осы Қағидалардың 86-3 және 86-4-тармақтарында көрсетілген материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің жазбаша сұрау салуы немесе Үкімет Аппараты Басшысының, уәкілетті орган бірінші басшысының шешімі бойынша дайындалып, Әкімшілікке енгізіледі.

      86-6. Әкімшілікке ұсынылған материалдар осы Қағидалардың 86-3 және 86-4-тармақтарында көзделген құжаттардың ресімделу сапасына және толық тізбесінің болуына тексеру жүргізу үшін Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі, оны жүзеге асыру мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды.

      Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайларда жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беру туралы материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады.

      Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол ұсынылған кандидаттарды зерделеу жөнінде тапсырма береді.

      86-7. Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беруге ұсынылған кандидаттар бойынша қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратады.

      86-8. Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімі әрбір кандидат бойынша бес жұмыс күні ішінде алынған және жинақталған ақпаратты және Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын түпкілікті шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.";

      88-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарын немесе запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған сержанттар құрамы үшін – сержант (бірінші сатылы старшина);";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. "Сержант" ("бірінші сатылы старшина") әскери атағы орта техникалық және кәсіптік білім деңгейі бойынша әскери, арнаулы оқу орнын аяқтаған әскери қызметшілерге беріледі.";

      94-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94-1. "Запастағы сержант" ("запастағы бірінші сатылы старшина") әскери атағы запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтаған және белгіленген емтихандарды тапсырған азаматқа беріледі.

      "Запастағы сержант" ("запастағы бірінші сатылы старшина") әскери атағын әскери кафедра (әскери факультет) бастығының ұсынуы бойынша жергілікті (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әскери басқару органының басшысы береді.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Әскери міндеттіге кезекті әскери атақ әскери міндеттілерді курстық даярлық бағдарламалары бойынша әскери даярлықтың толық курсын аяқтағаннан немесе ол үшін әскери лауазымдар тізбесінде тең немесе анағұрлым жоғары әскери атақ көзделген лауазымда әскери жиындардан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі белгілеген тәртіппен беріледі.";

      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-тарау. Әскери атағын төмендету, одан айыру және әскери атағын қалпына келтіру";

      105-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 105-1, 105-2, 105-3, 105-4, 105-5, 105-6, 105-7, 105-8, 105-9, 105-10, 105-11, 105-12, 105-13, 105-14 және 105-15-тармақтармен толықтырылсын:

      "105-1. Жоғары офицерлер құрамының әскери қызметшісіне әскери атағын бiр сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза осы Қағидалардың 86-3-тармағында көрсетілген басшылардың ұсынуы (өтінішхаты) бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қолданылады.

      105-2. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған шешімді қоспағанда, қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын және жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынуды (өтінішхатты) уәкілетті орган және Үкімет Аппараты қызметтік тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Әкімшілікке жібереді.

      105-3. Әкімшілікке ұсынылған материалдардың толықтығын тексеру үшін олар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі және келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.

      Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайда жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады.

      Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.

      105-4. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында жаза қолданылатын адам туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы), жасағаны үшін жаза қолданылатын теріс қылық және жазаның түрі көрсетіледі.

      105-5. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын уәкілетті органның және Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) қол қойғызып жариялайды және жеке іске қоса тіркейді.

      105-6. Әскери қызметші жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен танысудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның және Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) тиісті акт жасайды, ол жеке іске қоса тіркеледі.

      105-7. Әскери қызметшіні жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен таныстыру мүмкін болмаған кезде уәкілетті органның және Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) оған тиісті хатпен хабарлама жібереді.

      105-8. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

      105-9. Егер жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде әскери қызметшіге жаңа жаза қолданылмаса, онда ол тәртіптік жазасы жоқ деп саналады. Бұл ретте әскери қызметшінің бұрынғы әскери атағы қалпына келтірілді деп саналмайды.

      105-10. Жоғары офицерлер құрамының бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру осы Қағидалардың 86-3-тармағында көрсетілген басшылардың ұсынуы бойынша төмендетілген кезден бастап бір жылдан соң Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша төмендету мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі.

      105-11. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілер (әскери міндеттілер) әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалып, заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі бойынша әскери атағынан айырылады.

      105-12. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру Қазақстан Республикасының Президентіне енгізілген, сотталған адамды осы әскери атақтан айыру туралы соттың ұсынуы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүргізіледі.

      105-13. Әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған соттың айыптау үкімі уәкілетті органға келіп түскен жағдайда жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы ұсыну (өтінішхат) және соттың айыптау үкімі бес жұмыс күні ішінде Әкімшілікке жіберіледі.

      105-14. Әкімшілікке ұсынылған материалдар ұсынылған материалдардың толықтығына тексеру жүргізу үшін Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі.

      Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтер көрсетілгені анықталған жағдайларда жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы материалдар Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жоя алады.

      Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.

      105-15. Жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында әскери атақтан айыру не үшін жүргізілетіні және әскери атағынан айырылатын адам көрсетіледі.";

      106-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Әскери атағы бір сатыға төмендетілген әскери қызметшінің бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру атқаратын штаттық әскери лауазымына немесе командирлердің (бастықтардың) қарамағында болуына қарамастан, төмендетілген күнінен бастап алты айдан кейін тәртібі үлгілі болған және әскери қызметін адал атқарған кезде жүргізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің төмендетілген әскери атақта болу уақыты қалпына келтірілген әскери атағындағы еңбек сіңірген мерзіміне есептелмейді. Әскери атақты қайта төмендетуге жол берілмейді.";

      107-тармақ алып тасталсын;

      17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-тарау. Демалыс түрлерi";

      18-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-тарау. Жыл сайынғы негізгі демалыс беру";

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Отбасы жағдайлары бойынша қысқа мерзімді демалыс беру";

      20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-тарау. Жүктілігі және бала тууы бойынша демалыс, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әскери қызметшілерге демалыс беру";

      21-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-тарау. Қосымша демалыстар беру";

      22-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-тарау. Каникулдық демалыстар беру";

      134-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Әскери, арнаулы оқу орындарында (әскери факультеттерде) күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын әскери қызметшілерге оқу сабақтарындағы үзілістер уақытында мынадай мерзімдерге каникулдық демалыстар беріледі:";

      23-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-тарау. Оқу демалыстарын беру";

      24-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-тарау. Шығармашылық демалыстар беру";

      25-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-тарау. Науқастануы бойынша демалыстар беру";

      26-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-тарау. Әскери қызметшіні демалыстан шақыртып алу";

      27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-тарау. Аттестаттаудың мақсаттары мен міндеттерi";

      28-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "28-тарау. Аттестаттауды өткізу";

      29-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-тарау. Аттестаттау комиссиялары";

      30-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-тарау. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану";

      30-1-тарау алып тасталсын;

      31-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-тарау. Сыныптық біліктілік";

      32-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-тарау. Әскери қызметшілерді әскери қызметтен шығару тәртібi";

      161-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "161. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарына, азаматтық қорғау органдарына қызметке ауысуды қоспағанда, мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік мекемелерге ауысуына байланысты әскери қызметтен шығару мемлекеттік органның немесе мемлекеттік мекеменің бірінші басшысынан әскери қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға арналған конкурстан сәтті өткені және оны мемлекеттік қызметке қабылдауға дайын екені туралы хабарлама келіп түскен кезде әскери қызметшінің баянаты бойынша жүргізіледі.";

      168-тармақтың 11) тармақшасындағы "негізінде жүргізіледі." деген сөздер "негізінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 33-тараумен толықтырылсын:

      "33-тарау. Резервтегі әскери қызмет және оны өткеру ерекшеліктері

      173. Резервтегі әскери қызметке кіру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан кандидаттарды іріктеу осы Қағидалардың 19 – 29 және 30-1-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Заңның 40-2-бабында айқындалған талаптарға сәйкес келмеу кандидатты резервтегі әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Іріктеу комиссиясы резервтегі әскери қызметке кіру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келеді деп таныған кандидатты жергілікті әскери басқару органы әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасу үшін әскери бөлімге (мекемеге) жібереді.

      174. Қазақстан Республикасының азаматы резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшартты ерікті түрде әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін үлгілік нысан бойынша жазбаша түрде жасасады.

      175. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт үш жыл мерзімге жасалады және Заңның 40-1-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өз қолданысын тоқтатады.

      176. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер келісімшарт бойынша әскери қызметке ауысады.".

      2. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында:

      кіріспенің үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Ішкі қызмет жарғысы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери даярлықтан өту кезеңінде азаматтарға, әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.";

      1-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының азаматтары заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында (бұдан әрі – Әскери қызмет өткеру қағидалары) сәйкес әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткереді немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке не резервтегі әскери қызметке ерікті түрде кіреді.

      Қарулы Күштерде "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ішкі қызмет жарғысына 1-қосымшада көрсетілген әскери атақтар белгіленген.";

      3-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Офицерлер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерінің мәртебесі келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің (бұдан әрі – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер) мәртебесімен айқындалады.

      Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшісі мерзімді әскери қызмет өткерудің барлық уақыты ішінде, ал әскери міндетті – әскери жиындардан өтудің барлық уақыты ішінде әскери қызмет міндеттерін орындайды. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші (бұдан әрі – резервтегі әскери адам) әскери бөлімде (мекемеде) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, сондай-ақ дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде әскери қызмет міндеттерін орындайды.";

      9-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдары жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде уəкілетті органдардың бірінші басшылары көздеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен ақшалай ризықпен қамтамасыз етілуге;

      2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормалар бойынша бюджет қаражаты есебінен заттай және басқа да мүлік түрлерімен қамтамасыз етілуге;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен уəкілетті лауазымды адаммен келісу бойынша əскери, арнаулы оқу орындарына оқуға түсуге, курстық даярлықтан, кəсіби даярлықтан, қайта даярлаудан жəне біліктілігін арттырудан өтуге, сондай-ақ техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына əскери емес мамандықтар бойынша түсуге (мерзімді әскери қызметтің əскери қызметшілерінен, курсанттар мен кадеттерден басқа);";

      8) тармақшадағы "тұрғын үймен" деген сөздер "тұрғынжаймен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) медициналық, педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 8), 14) (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бөлігінде), 16) (жыл сайынғы еңбек демалысын беру бөлігінде) және 17) тармақшаларының күші резервтегі әскери адамдарға қолданылмайды.";

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) күзетілетін әскери және азаматтық объектілерге, қарауылдарға, әскери бөлімдердің (мекемелердің) үй-жайлары мен құрылысжайларына қарулы шабуыл жасауға тойтарыс берген;";

      алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төтенше жағдай енгізілген және тиісті міндеттерді орындауға Қарулы Күштерді қолдану кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне дене күшін, арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шегіне қатысты бөлігінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.

      Терроризмге қарсы операциялар жүргізу шеңберіндегі міндеттерді орындауға Қарулы Күштерді қолдану кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілеріне дене күшін, арнаулы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды қолдану, әскери техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шегіне қатысты бөлігінде "Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.";

      44-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өз орынбасарларын, әскер тектері мен қызметтер бастықтарын тарта отырып, аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеріп, әскери қызметшілерді іріктеуді, орналастыруды және аттестаттауды жүзеге асыруға;

      4) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке қабылдау, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге басшылық жасауға;";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Командир (бастық) азаматтық персонал адамдарының (жұмыскерлердің) (бұдан әрі – азаматтық персонал) еңбек әрекетімен байланысты мәселелерді шешу кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алуға, азаматтық персоналдың жұмысын ұйымдастыруға, еңбек өнімділігін арттыру, еңбек және өндіріс тәртібін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау қағидаларын сақтау, еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін жағдайлар жасауға міндетті.";

      55-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) бригаданы келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және резервтегі әскери адамдармен жасақтауды, азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге;";

      58-тармақтың 11) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) бригаданы келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және резервтегі әскери адамдармен жасақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге, бригадаға келетін толықтырылымды бөлімдер (бөлімшелер) бойынша бөлуге;

      12) әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      60-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке қабылдау, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну және курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      62-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) офицерлермен және сержанттармен тәрбие жұмысын жеке өзі жүргізуге, ротадан бастап және одан жоғары әрбір офицердің және сержанттың (старшинаның) әскери атағын, тегін, атын, атқаратын әскери лауазымын, отбасы жағдайын, олардың іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша және резервтегі әскери қызметке, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу және курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      64-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өзіне тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің және резервтегі әскери адамдарының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын әскери лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыру мен аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      31) тармақшадағы "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      66-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) өзіне тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің және резервтегі әскери адамдарының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын әскери лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      68-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өзіне тікелей бағынысты бөлімдер (бөлімшелер) мен қызметтердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің және резервтегі әскери адамдарының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын әскери лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;

      5) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсынуға, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      27) тармақшадағы "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      73-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      75-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      77-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      79-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      98-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кадрларды іріктеп алуға және орналастыруға басшылық жасауға; батальонды қатардағы және сержанттар құрамының лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және резервтегі әскери адамдармен жасақтауды, азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастыруға және жүргізуге; әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну үшін кандидаттарды айқындауға, бұл ретте әскери ұжымның пікірін, аттестаттау комиссиясының ұсыныстарын ескеруге;";

      102-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке қабылдау үшін, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға;";

      104-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әскери қызметшілерді іріктеуге, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;

      7) батальонды келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен және резервтегі әскери адамдармен жасақтау жұмысын жүргізуге, келетін толықтырылымды бөлімшелер бойынша бөлуге;";

      106-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      108-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      110-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өзіне тікелей бағынысты бөлімшелер мен қызметтердің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің және резервтегі әскери адамдарының іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ әскери атағын, тегін, атын, атқаратын әскери лауазымын, мамандығын, отбасы жағдайын білуге, олармен әскери тәрбие және кәсіби даярлықты жетілдіру жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізуге;";

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      30) тармақшадағы "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      112-тармақта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға;";

      18) тармақшадағы "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      116-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әскери қызметшілерді іріктеп алуға, орналастыруға және аттестаттауға, жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кіру, әскери, арнаулы оқу орындарына түсу, курстық даярлыққа жіберу үшін кандидаттарды іріктеуге қатысуға;";

      118-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке қабылдау, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға;";

      127-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Бригада, полк, жасақ, авиациялық база сержанты және оларға теңестірілгендер (бұдан әрі – бригада) бригада командирінің қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі бірінші көмекшісі болып табылады, бейбіт кезде және соғыс уақытында: бригада сарбаздары мен сержанттарын оқытып-үйретуге, әскери тәрбиесіне және тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне; олармен жауынгерлік даярлық сабақтарын ұйымдастыруға және өткізу сапасына, олардың кәсіби даярлық деңгейіне; бригаданың қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, оларды жоғары әскери лауазымдарға ұсынуға, әскери, арнаулы оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберуге, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға жауап береді.";

      130-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) бағынысты бөлімшелер мен қызметтің қатардағы жауынгерлері мен сержанттар құрамына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру, оларды жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, әскери, арнаулы оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының әскери лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеу жөніндегі жұмысты жүргізуге;";

      131-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "131. Батальон сержанты – жауынгерлік даярлық және дене дайындығы жөніндегі нұсқаушы батальон командирінің қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі бірінші көмекшісі болып табылады, ол бейбіт кезде және соғыс уақытында: батальонның қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының жауынгерлік даярлығы жай-күйіне, жауынгерлік және дене дайындығына; батальон сержанттарының басшылық құжаттардың талаптарын білуіне және қолдануына; батальон сарбаздары мен сержанттарының әскери тәрбиесіне, тәртібіне, моральдық-психологиялық жай-күйіне; батальон сержанттарының жауынгерлік және дене дайындығы, жалпыәскери жарғылар бойынша сабақтарды өткізу сапасына; батальонның қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамына кезекті әскери атақтар, сыныптық біліктіліктер беру, оларды жоғары әскери лауазымдарға ұсыну, әскери, арнаулы оқу орындарына және курстық даярлыққа жіберу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кандидаттарды сапалы іріктеуге; батальонның қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының сыртқы келбетіне; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға жауап береді.";

      142-тармақтың 11) тармақшасындағы "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      149-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үлкендік әскери қызметшілердің әскери атағымен айқындалады. Әскери атағы бойынша үлкендер әскери тәртіпті, қоғамдық тәртіпті, мінез-құлық, әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын және әскери сәлемдесуді орындауды әскери атағы бойынша кішілер бұзған жағдайда олардан осы бұзушылықтарды жоюды талап етуге тиіс. Әскери атағы бойынша кішілер үлкендердің осы талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті.";

      164-тармақта:

      екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Далалық киім нысанымен қамтамасыз етілетін резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшiлер салтанатты, күнделікті, далалық, арнаулы киім нысанымен және арнаулы киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі.

      Қарулы Күштердің əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi.

      Әскери киім нысанын киіп жүру құқығына барлық әскери қызметшілер мен запастағы немесе отставкадағы және әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған және әскери даярлықтан өтетін азаматтар ие болады.";

      алтыншы бөліктегі "арнайы киім-кешекті заңсыз кию (пайдалану) заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады" деген сөздер "арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) заңда белгіленген жауаптылыққа алып келеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      274-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "274. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге әскери бөлім командирі бекіткен графикке сәйкес әскери бөлім командирінің бұйрығы негізінде "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Әскери қызмет өткеру қағидаларында көзделген демалыстар беріледі.";

      468-тармақтың 5) тармақшасындағы "әскери қызмет әскери қызметшілеріне шығу құқығына құжаттарынсыз, әскери киім нысанын кию қағидаларын бұзулармен" деген сөздер "әскери қызметтің әскери қызметшілеріне шығу құқығына арналған құжаттарсыз, әскери киім нысанын киіп жүру қағидаларын бұзып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Ішкі қызмет жарғысына 2-қосымшада:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әрбір әскери қызметші "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 4-тармағына сәйкес жеке тәртіппен әскери ант қабылдайды.";

      2-тармақта:

      1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаздар мен матростар, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан, бұрын әскери ант қабылдамаған азаматтар – арнаулы бағдарламадан өткен соң және олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасын қорғау мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарын, сарбаздың (матростың) негізгі міндеттерін, әскери анттың, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы мен әскери тәртіптің мәнін меңгергеннен кейін әскери бөлімге келген күннен бастап бір айдан кейін, бірақ екі айдан кешіктірмей;

      2) бұрын әскери ант қабылдамаған курсанттар (офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, оқу орталықтарында, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орындарында оқитын әскери қызметшілер) – оқу орнына қабылданған кезден бастап осы мерзім өткеннен кейін;

      3) бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер – әскери жиындарға шақырылған кезде (әскери міндеттілердің курстық даярлығы аяқталғаннан кейін);";

      4) тармақшадағы "кейін қабылдайды." деген сөздер "кейін;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына сәйкес бұрын әскери ант қабылдамаған Қазақстан Республикасының жоғары (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері – Отан қорғаушы күні қарсаңында;

      6) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша білім алып жатқан әскерге шақырылушылар – Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлау қағидаларына сәйкес оқу аяқталғаннан кейін қабылдайды.";

      5-тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери ант қабылдау алдында әскери бөлім командирінің командасы бойынша әскери қызметшілер сапының алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтеріледі, жеке құрам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалғаннан кейін әскери бөлім командирі қысқаша сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарын, әскери анттың және Қазақстан Республикасының халқына адал болуға әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерге жүктелетін құрметті міндеттің мәнін еске салады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бөлімшелер командирлері әскери ант қабылдайтын әскери қызметшілерді саптан кезекпен шақырады. Әрбір әскери ант қабылдаушы бөлімше сапының алдында қазақ немесе орыс тілінде әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды және оған қол қояды, одан кейін саптағы өз орнына тұрады.";

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери бөлім командирі әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерді, ал барлық әскери бөлімді – толық құқылы жаңа толықтырылыммен құттықтайды. Әскери бөлім құттықтауға созылыңқы түрде үш дүркін "Ура" деп жауап береді. Оркестр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды. Одан кейін қолбасшылық өкілдері мен шақырылған адамдар сөз сөйлейді. Әскери бөлім командирі: "Ту ұстаушы, САПҚА ТҰР" деген команда береді.";

      он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Төмен температурада және қолайсыз ауа райында әскери ант қабылдау үй-жайда өткізілуі мүмкін. Әскери бөлім командирі сөз сөйлегеннен кейін бөлімшелер үй-жайларға тарайды. Бөлімшелер әскери ант қабылдау аяқталғаннан кейін команда бойынша салтанатты маршпен жүріп өту үшін көрсетілген орынға қайтадан сапқа тұрғызылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әскери ант қабылдау рәсіміне мемлекеттік органдардың, ардагерлер ұйымдарының және масс-медиа өкілдері шақырылуы мүмкін.";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында:

      кіріспенің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының (бұдан әрі – Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне және әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.";

      16-тармақтың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) теміржол (теңіз, өзен) учаскесі және станциясы (порты), әуежай аумағында болатын әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын және белгіленген киім нысанын киіп жүру қағидаларын сақтауын бақылауға;";

      48-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе әскери қызмет міндеттерін орындау нәтижесінде жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы не ауыруы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілерге көрсетіледі;";

      91-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Гарнизондық патрульдің қару-жарағы мен киім нысанын гарнизон бастығы белгілейді. Патрульдердің бастығы әдетте, жарақтандырылған екі оқжатары бар пистолетпен қаруланады, ал қалған жеке құрам жағдайдың шарттарына қарай қарусыз немесе қарумен болуы мүмкін.";

      101-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      103-тармақтың бірінші бөлігіндегі "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      106-тармақтағы "кию" деген сөз "киіп жүру" деген сөздермен ауыстырылсын;;

      3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысында:

      кіріспенің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысының (бұдан әрі – Саптық жарғы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне және әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен шығарылған азаматтарға оны киіп жүрген кезде қолданылады.";

      4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

      кіріспенің екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысының (бұдан әрі – Тәртіптік жарғы) күші Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери қызметшілеріне қолданылады.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бастық деп, егер осы Жарғыда өзгеше белгіленбесе, келісімшарт жасасу, әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, әскери лауазымнан босату, әскери қызметтен шығару, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы айқындайтын әскери атақ беру туралы бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесінде көрсетілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының лауазымды адамы түсініледі.";

      28-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі және Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзіне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы Жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.";

      41-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер) және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдар) мынадай көтермелеулер қолданылады:";

      "Командирлердің (бастықтардың) өздеріне бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге көтермелеулер қолдану жөніндегі құқықтары" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Командирлердің (бастықтардың) өздеріне бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға көтермелеулер қолдану жөніндегі құқықтары";

      43-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштердің бас сержантына дейін сержанттар құрамының әскери лауазымындағы командирлердің (бастықтардың) бағынысындағы қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының әскери лауазымындағы келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға:";

      47-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Командир (бастық) жазалардың қолданылу кезектілігіне қарамастан, оларды алып тастау құқығын алты ай өткенге дейін пайдаланады.";

      56-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қарулы Күштердегі мінсіз қызметі үшін, сондай-ақ әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға – олардың әскери қызмет өткеруі туралы келісімшарт мерзімі ішінде қолданылады.";

      60-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыр теріс қылық жасағаны үшін келісімшарт бойынша әскери қызметші немесе резервтегі әскери адам теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығарылуға жатады.";

      62-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Полктер, бригадалар, оларға теңестірілген және одан жоғары сержанттар әскери лауазымдарында әскери қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және резервтегі әскери адамдардың теріс қылықтары жоғары тұрған әскери басқару органдарының сержанттар жиналыстарында қаралып, талқылануы мүмкін.";

      "Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге қолданылатын жазалар" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға қолданылатын жазалар";

      67-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға мынадай жазалар қолданылуы мүмкін:";

      "Командирлердің (бастықтардың) өздеріне бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану құқықтары" деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Командирлердің (бастықтардың) өздеріне бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға тәртіптік жазалар қолдану құқықтары";

      68-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Бөлімше (есептоп, танк, жауынгерлік машина, қондырғы) командирі, взвод сержанты, рота старшинасы, технигі, рота сержанты, батальон сержанты өздеріне бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға қызметтік карточкасына енгізе отырып, ауызша мынадай жазаларды қолдану құқығын пайдаланады:";

      69-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Взвод, рота және батальон командирі өзіне бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға қызметтік карточкасына енгізе отырып, ауызша мынадай жазаларды қолдану құқығын пайдаланады:";

      70 және 71-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Әскери бөлім командирі (бастық), оған теңестірілгендер және одан жоғарылар өздеріне бағынысты келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға қатысты осы Жарғының толық ауқымында жазалау құқығын пайдаланады.

      71. Келісімшарт жасасу, әскери қызметшілерді әскери лауазымдарға тағайындау, ауыстыру, әскери лауазымнан босату, әскери қызметтен шығару, сондай-ақ оларға әскери атақ беру туралы бұйрықтар (жеке құрам бойынша бұйрықтар) шығаруға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесіне (бұдан әрі – лауазымды адамдар тізбесі) сәйкес лауазымды адамдар лауазымында немесе әскери атағында бір сатыға төмендету, теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығару түріндегі жазаны қолдану құқығын пайдаланады. Лауазымды адамдар тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      Жоғары офицерлер құрамының әскери қызметшісіне (әскери міндеттісіне) қатысты әскери атағын бір сатыға төмендету түріндегі жазаны Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті қолданады.";

      97-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке құрамның қаза табуы мен ауыр жарақаттануын болғызбау, жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта, қару-жарақпен және әскери техникамен, қызметтік жануарлармен жұмыс істеу, марш жасау, оқу-жаттығуларды, жауынгерлік оқ атуды (ұшыруды) жүргізу, ұшу, корабльдер жорығы, арнаулы сабақтар немесе жұмыстар кезінде, қарауылдық және ішкі (кезекшілік және вахталық) қызметтерді атқару кезінде қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтау және белгілеу бойынша шаралар қабылданбаған жағдайларда қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдамаған әскери қызметші белгіленген тәртіппен әскери лауазымын бір сатыға төмендетуге ұсынылады.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Әскери атағын бір сатыға төмендету әскери қызметші елеулі тәртіптік теріс қылық жасаған кезде қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде және тиісті командирлердің (бастықтардың) ұсынуы (өтінішхаты) бойынша қолданылады.

      Қызметтік тергеп-тексеру материалдары және әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мәселесін қарау туралы ұсыну (өтінішхат) лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес лауазымды адамға жіберіледі.

      Жоғары офицерлер құрамына қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары және әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мәселесін қарау туралы уәкілетті мемлекеттік орган бірінші басшысының ұсынуы (өтінішхаты) Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне жіберіледі.";

      100-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызметші ауырған, демалыста, іссапарда болған, қылмыстық іс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізілген кезеңде, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот актісі немесе лауазымды адамның актісі заңды күшіне енгенге дейін, жоғары офицерлер құрамына қатысты әскери атағын бір сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мәселесін қарау үшін қызметтік тергеп-тексеру материалы Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілгенге дейін тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтуі тоқтатыла тұрады.";

      110-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Әскери атағы бір сатыға төмендетілген әскери қызметшінің бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру лауазымды адамдар тізбесіне сәйкес атқаратын штаттық әскери лауазымына немесе командирдің (бастықтың) қарамағында болуына қарамастан, төмендетілген күннен бастап алты айдан кейін, тәртібі үлгілі болған және әскери қызметін адал атқарған кезде командирдің (бастықтың) бұйрығымен жүргізіледі.

      Жоғары офицерлер құрамы әскери қызметшісінің бұрынғы әскери атағын қалпына келтіру Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.";

      115-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскерге шақыру бойынша офицерлерге, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға (жоғары офицерлерден басқа) – әскери бөлімдердің командирлеріне апта сайын;";

      119-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) офицерлер құрамының әскери лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға:";

      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сержанттар құрамының лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге және резервтегі әскери адамдарға:";

      3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қатардағы жауынгерлер құрамының әскери лауазымдарында қызмет өткеріп жүрген келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, резервтегі әскери адамдарға, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне, курсанттар мен кадеттерге:".

      Тәртіптік жарғыға 1-қосымшада:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) жеке құрамның қаза табуы мен ауыр жарақаттануын болғызбау, жауынгерлік кезекшілікте, жауынгерлік қызметте, тәуліктік нарядта, қару-жарақпен және әскери техникамен, қызметтік жануарлармен жұмыс істеу, марш жасау, оқу-жаттығуларды, жауынгерлік оқ атуды (ұшыруды) жүргізу, ұшу, корабльдер жорығы, арнаулы сабақтар немесе жұмыстар кезінде, қарауылдық және ішкі (кезекшілік және вахталық) қызметтерді атқару кезінде қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтау және белгілеу үшін шаралар қабылдау жөніндегі лауазымдық және арнаулы міндеттерді тиісті түрде орындамау.";

      екінші бөлік мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару.".

      3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысаны мен айырым белгісі үлгілерінің сипаттамасы мен суретінде:

      бүкіл мәтін бойынша "ұланының және тәрбиеленушісінің", "ұланы және тәрбиеленушісі", "ұланы мен тәрбиеленушісінен", "ұланында және тәрбиеленушісінде", "ұланы мен тәрбиеленушісінде" деген сөздер тиісінше "ұланының", "ұланы", "ұланынан", "ұланында", "ұланында" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-тактикалық, жедел-аумақтық, жергілікті әскери басқару органының, әскери кафедраның (әскери факультеттің), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) Шекара қызметі (бұдан әрі – ШҚ) шекаралық бақылау бөлімшелерінің, Авиация қызметінің (оқшауланған құрылымдық бөлімшелерден басқа), ҰҚК әскери полиция органының, әскери қатынастар органының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі мен әскерге шақыру бойынша офицеріне, әскери, арнаулы оқу орнының (оқу процесін қамтамасыз ету бөлімшелерінен басқа) тұрақты құрамына, магистрантына, адъюнктісі мен докторантына, сондай-ақ ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (бұдан әрі – басқару органдары) әскери бөлімінің (мекемесінің, оқшауланған құрылымдық бөлімшесінің) командиріне (бастығына) және оның орынбасарына күнделікті киіп жүру үшін № 1 күнделікті киім нысаны көзделеді.";

      68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Әскери колледжде оқитын кадет пен ұланның погонында "ӘК" әріптері (136-сурет) болады.";

      136-сурет осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      142-сурет осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      149-сурет осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 1-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 144 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери
құралымдарының әскери киім
нысаны мен айырым
белгілерінің сипаттамасы
мен суреттеріне
1-ҚОСЫМША";

      фуражкадағы айнала жиек пен жиектің, тельняшкадағы жолақтың, шалбардағы жиек пен лампастың, мундир мен кительдегі жиектің, береттің түсінде:

      мына:

      "

Әскери, арнаулы оқу орнының курсанты, кадеті, ұланы және тәрбиеленушісі



берет
қара жусан



  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әскери, арнаулы оқу орнының
курсанты, кадеті, ұланы



берет
қара жусан



  ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттеріне 2-қосымшада:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 144 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери
құралымдарының әскери киім
нысаны мен айырым
белгілерінің сипаттамасы
мен суреттеріне
2-ҚОСЫМША";

      погондағы жолақтың, көмкерменің, негіз бен жапсырманың түсінде:

      мына:

      "

Әскери, арнаулы оқу орнының курсанты, кадеті, ұланы және тәрбиеленушісі

қара жусан

қызыл

алтын

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әскери, арнаулы оқу орнының курсанты, кадеті, ұланы

қара жусан

қызыл

алтын

  ";

      мына:

      "

Әскери, арнаулы оқу орнының курсанты, кадеті, ұланы және тәрбиеленушісі

қара жусан

қызыл

алтын

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әскери, арнаулы оқу орнының курсанты, кадеті, ұланы

қара жусан

қызыл

алтын

  ";

      мына:

      "

Әскери оқу орнының курсанты, кадеті, ұланы және тәрбиеленушісі

ашық жусан

қызыл

алтын

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Әскери оқу орнының курсанты, кадеті, ұланы

ашық жусан

қызыл

алтын

  ".
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 1068 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 144 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Әскери, арнаулы оқу орны курсантының, кадеті мен ұланының (негіз бен көмкерме түсі – әскер тегі бойынша) ПОГОНЫ (136-сурет)

     


     


     


     


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 1068 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 144 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

БАС КИІМДЕГІ КОКАРДА (142-сурет)

Жоғарғы Бас Қолбасшының, келісімшарт бойынша офицер, сержант және қатардағы жауынгер құрамының күнқағары бар малақайындағы және құлақшынындағы кокарда

ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (ҚК ӘҚК-дан, ДШӘ-ден, ӘТК-ден, теңіз жаяу әскерінің бөлімі мен бөлімшесінен, ТЖМ-дан, МКҚ-дан және ҰҚК Авиация қызметінен басқа)

     


     


МКҚ және ҰҰ құрметті қарауыл бөлімшесінің фуражкасы мен малақайындағы кокарда

МКҚ-ның протоколдық іс-шараға қатысатын офицер, сержант және қатардағы жауынгер құрамы фуражкасының төбесіндегі және құлақшынындағы, ҰҰ құрметті қарауыл ротасы фуражкасының төбесіндегі кокарда

МКҚ-ның протоколдық іс-шараға қатысатын офицер, сержант және қатардағы жауынгер құрамының фуражкасы мен қалпағындағы эмблемасы бар кокарда

Жоғарғы Бас Қолбасшының, келісімшарт бойынша офицер, сержант және қатардағы жауынгер құрамының фуражкасындағы, қалпағындағы, кепиіндегі эмблемасы бар кокарда

ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (ҚК ӘҚК-дан, ДШӘ-ден, ӘТК-дан, теңіз жаяу әскерінің бөлімі мен бөлімшесінен, ТЖМ-дан, МКҚ-дан және ҰҚК Авиация қызметінен басқа)

     


     


Далалық кепи мен панамадағы эмблемасы бар кокарда

ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (ТЖМ-дан, МКҚ-дан және ҰҚК Авиация қызметінен басқа)

     


Мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің, курсанттың, кадеттің, ұланның құлақшынындағы, сондай-ақ күнқағарсыз фуражкасындағы эмблемасы бар кокарда

ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (ҚК ӘТК-ден, теңіз жаяу әскерінің бөлімі мен бөлімшесінен және МКҚ-дан басқа)

ҚК ӘТК, теңіз жаяу әскерінің бөлімі мен бөлімшесі

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 1068 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 144 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Далалық киім-кешекке әскери атағы бойынша ТӨСБЕЛГІ ЖАПСЫРМАСЫ (149-сурет)

     


     


     


     


     


     


     


     


     


     


     


     


Кадет, ұлан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады