"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 1066 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z00A9G3, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 64-ғимарат.";

      14-тармақта:

      35) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық 2025 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады