ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z00A9G3, Астана қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 64-ғимарат.";
35) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;
49) тармақшадағы "және терроризмді қаржыландыруға" деген сөздер ", терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық 2025 жылғы 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |