Мемлекетаралық банк Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілі және оның орынбасарлары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 1008 Жарлығы.

      1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық банкті құру туралы келісімнің 1-бабының 1-тармағына және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық банкті құру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Мемлекетаралық банк Жарғысының 7-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      1) Мемлекетаралық банк Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;

      2) Мемлекетаралық банк Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасарларын тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады