1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық банкті құру туралы келісімнің 1-бабының 1-тармағына және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Мемлекетаралық банкті құру туралы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Мемлекетаралық банк Жарғысының 7-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) Мемлекетаралық банк Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды;
2) Мемлекетаралық банк Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасарларын тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындайды деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |