ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар қайта ұйымдастырылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару арқылы "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 14.07.2025 № 944 Жарлығымен.3. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) осы Жарлықтан туындайтын шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 970 Жарлығына ҚОСЫМША |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 14.07.2025 № 944 Жарлығымен.