Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 944 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ұлттық қауіпсіздік органдары) бірыңғай жүйесіне, барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) қорғау мен күзету, үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету және шифрлау жұмысын ұйымдастыру, терроризм актілерінің және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке өзге де аса қауіпті қылмыстық қол сұғушылықтардың жолын кесу, ұлттық қауіпсіздік органдары авиациясының қызметін ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органы және Қазақстан Республикасында мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті орган.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі;";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;";

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) "Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы міндеттерін орындауға қатысу;";

      210) және 211) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "210) ұлттық қауіпсіздік органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйелер жұмысының қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      211) ұлттық қауіпсіздік органдарының қолданыстағы резервтегі қызметкері мен әскери қызметшісіне, штаттық жасырын қызметкеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 211-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "211-1) қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайлары жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      2) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығында:

      1-тармақтың 2), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын.

      4. Осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 944 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.

      2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Қызмет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Қызмет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Қызмет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қызмет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Қызметтің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, Б блогы.

      9. Қызметтің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Қызметтің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Қызметтің жұмысын қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Қызметтің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Қызметке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Қызметке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, аталған қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Қызметтің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері

      13. Міндеттері:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысты ұсыныстарды тұжырымдау;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен көзделген өзге де міндеттер.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұсыныстарды белгіленген тәртіппен енгізу;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, сондай-ақ ақпараттық ресурстардан қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұрату және алу;

      3) қарсы барлау, жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;

      4) сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша жедел-іздестіру және тергеу қызметінің, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, сондай-ақ қарсы барлау қызметінің практикасына талдау жүргізу;

      5) іс жүргізудегі қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;

      6) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;

      8) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оның ішінде басқарушылық функцияларын атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық -процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiнде ұсынуларды енгізу;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан, лауазымды адамдардан және квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану, заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру, іс жүргізу барысында зерттеуді ұйымдастыру;

      11) сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыруды және оның тактикасын айқындау, оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

      12) ұстап алынған және қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүру;

      13) өз құзіреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;

      14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау үшін ақпараттық жүйелер мен цифрлық құралдарды енгізу және дамыту;

      15) сотқа жүгіну;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      17) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;

      18) құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау кезінде заңдылықты сақтау;

      19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде қабылдау және қарау;

      20) Қызметтің құзыреті шегінде қарсы барлау және жедел-іздестіру іс-шараларын, жасырын тергеу әрекеттерін өткізу және олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеу арқылы қылмыстарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді қамтамасыз ету;

      21) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;

      22) жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдау, тіркеу және қарау, оларды дер кезінде тоқтату, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау және қоғамдық қауіпті әрекеттерді болдырмау жөнінде уақтылы шаралар қабылдау;

      23) Қызметтің қарулануындағы қару-жарақты, оқ-дәрілерді, арнаулы құралдарды есепке алу және сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      24) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген қылмыстық істерді, қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, сондай-ақ жедел есепке алу және жасырын тергеу әрекеттері істерін есепке алу және сақтау;

      25) прокурорлық ден қою актілерін және сот актілерін қарау;

      26) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдау;

      27) іздеуде жүрген адамдардың тұрған жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шараларды жүргізу;

      28) Қызметке белгіленген құзырет шегінде іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауды ұйымдастыру;

      29) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелерімен, ведомстволарымен, аумақтық және өзге де органдарымен, сондай-ақ мемлекеттік органдар және ұйымдармен белгіленген тәртіппен өзара іс-қимыл жасау;

      30) байланыс және коммуникация желілерінің дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізу;

      31) Қызметтің қызметкерлері мен бөлімшелерінің, объектілері мен үй-жайларының, көлік құралдары мен жасырын жәрдемдесетін адамдардың ведомстволық тиесілілігін шифрлайтын құжаттарды, өзге де әдістер мен құралдарды пайдалану;

      32) ол тұрған жерден тысқары жерлерде Қызмет функциясының бір бөлігін орындайтын және уәкілетті органда есептік тіркеуге жатпайтын оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің болуы;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыруға қатысу;

      2) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу;

      3) жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) байланыс желісін пайдалануға байланысты емес жасырын тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру, сондай-ақ байланыс желісін пайдалануға байланысты емес қарсы барлау іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа да техникалық құралдарды қолдану;

      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдем көрсететін (көрсеткен) адамдарды қорғау және көтермелеу;

      6) тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынған іздестірудегі адамдардың тұрған жерін анықтау және оларды ұстау;

      7) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүліктің өткізілуін мониторингілеуді жүзеге асыру;

      8) ведомстволық статистиканы қалыптастыру;

      9) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

      10) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      12) халықаралық шарттардың негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-кимыл жасау;

      13) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мәселелері бойынша халықаралық шарттар жобаларын дайындауға қатысу және оларды келісу;

      14) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түсетін өтінішхаттар мен сұрау салуларды Қызметтің құзыреті шегінде орындау;

      15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үздік халықаралық тәжірибесін зерделеу және ұлттық деңгейде тиімді үлгілерді енгізу;

      16) мемлекеттік құпиялар мен таратылуы шектелген қызметтік ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қызметтің құзыреті шегінде техникалық барлауға қарсы іс-қимыл;

      17) Қызметтің қарулануындағы қару-жарақты, оқ-дәрілерді, арнайы қорғау құралдарын есепке алу және сақталуын бақылау;

      18) кадр саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

      19) Қызметтің жеке құрамы арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және олардың алдын алу;

      20) Қызметтің құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жоспарлауды, бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру, оның нәтижелері туралы есептілікті қалыптастыру;

      21) Қызметке осы мақсатта бөлінген бюджет қаражаты шегінде жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      22) жеке және заңды тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша консультация беру;

      23) жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және өткеру;

      24) Қызметте құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүргізу;

      25) Қызмет объектілерінде күзет, өткізу және объектішілік режимдерді, жауынгерлік қызметтің ұйымдастырылуы мен өткерілуін қамтамасыз ету;

      26) Күзет және қорғаныс жоспарлары жөніндегі Қызметтің объектілерінде жеке құраммен теориялық және практикалық сабақтар өткізу;

      27) Қызмет объектілерін тексеру, инженерлік-техникалық нығайту, қорғау және қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету және жабдықтау;

      28) объектілердің инженерлік-техникалық нығаюының белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан Қызмет объектілеріне комиссиялық тексерулер ұйымдастыру және жүргізу;

      29) Қызметтің ақпараттық қауіпсіздік саясатын іске асыруға, техникалық және ақпараттық қызметін қамтамасыз етуге және жетілдіруге қатысу;

      30) Қызметке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді пайдалану, сондай-ақ оларды әзірлеуге, құруға, жаңғыртуға және сатып алуға қатысу;

      31) ведомстволық байланыс желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;

      32) шифрлау жұмысын жүзеге асыру;

      33) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар.

3-тарау. Қызметтің жұмысын ұйымдастыру кезінде оның басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Қызметке басшылықты Қызметке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Қызмет директоры жүзеге асырады.

      17. Қызмет директоры Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Қызмет директорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Қызмет директорының өкілеттіктері:

      1) Қызметтің жұмысын ұйымдастырады;

      2) белгіленген тәртіппен бұйрықтар (өкімдер) шығарады және Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті болып табылатын нұсқаулар береді;

      3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді бекітеді;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы және құқық қорғау органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара қатынастарда Қызмет атынан өкілдік етеді;

      5) өз өкілеттіктерін орынбасарларына және Қызметтің лауазымды адамдарына жүктейді;

      6) өз құзыреті шегінде Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      7) Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін көтермелейді және тәртіптік тұрғыдан жазалайды;

      8) Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен материалдық көмек көрсетеді;

      9) өз құзыреті шегінде Қызметтің қызметкерлеріне арнаулы атақтар береді;

      10) Қызмет бөлімшелерін құру, тарату, қайта орналастыру және қайта құру, сондай-ақ оның құрылымы мен штаттары бойынша ҰҚК Төрағасына ұсыныстар енгізеді;

      11) ҰҚК Төрағасы айқындаған өкілеттіктер шегінде қызмет өткеруге, сондай-ақ Қызмет жұмыскерлерінің еңбек қатынастарына байланысты мәселелерді шешеді;

      12) белгіленген тәртіппен "лейтенант" және "полковник" арнаулы атақтарын беру, Қызметтің қызметкерлері мен жұмыскерлерін ведомстволық наградалармен марапаттау бойынша кандидатуралар бойынша ҰҚК Төрағасына ұсыныстар енгізеді;

      13) Қызметтің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Қызмет директоры болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Қызмет директоры өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

4-тарау. Қызметтің мүлкі

      21. Қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие болуы мүмкін.

      Қызметтің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Қызметке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Қызмет өзіне бекітіп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5- тарау. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 944 Жарлығына
1-ҚОСЫМША

Қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      2. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      3. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      4. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      5. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      6. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      7. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      8. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      9. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      10. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      11. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      12. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      13. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      14. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      15. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      16. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      17. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      18. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      19. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

      20. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 14 шілдедегі
№ 944 Жарлығына
2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының ТІЗБЕСІ

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 447 Жарлығының 1-тармағы 2) тармақшасының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтары.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 маусымдағы № 605 Жарлығының 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 шiлдедегi № 970 Жарлығының 2-тармағы.

      4. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 1074 Жарлығы 2-тармағының 1), 3) және 4) тармақшалары.

      5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 166 Жарлығы.

      6. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 286 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 853 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулары 3-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады