"Балалардың хал-ахуал индексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 21-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі:
1) жыл сайын 1 маусымға қарай индекске мониторинг жүргізуді;
2) индекс мониторингінің қорытындыларын Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндамаға енгізуді қамтамасыз етсін.";
Балалардың хал-ахуал индексінде 5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жанама шығыстар – балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталмаған, бірақ халықтың барлық жас санаттарын, оның ішінде балаларды қамтитын нақты шығыстар (мысалы, балалар бөлімшесі бар аурухананы ұстау (жалпы шығыстардағы үлесі); оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (игілік алушылардың кең ауқымы) және т. б.)";
Балалардың хал-ахуал индексіне қосымшада:
"Бала" бағытында:
реттік нөмірлері 13 және 14-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
13.
|
Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ) нәтижелерінің орташа көрсеткіші, балл
|
Сипаты
|
Жалпы білім беретін мектептердің 4 және 9-сынып оқушыларының қорытынды балы
|
Есептеу формуласы
|
ББЖМ=БЖ1+БЖ2+…БЖnn=∑ni=1БЖin,
мұндағы: ББЖМ – жалпы білім беретін мектептердің барлық оқушылары бойынша білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ) нәтижелерінің орташа көрсеткіші;
БЖ – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жетістіктері;
n – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жалпы саны
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
14.
|
Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) шекті деңгейінен өткен білім алушылардың үлесі, %
|
Сипаты
|
ЖЖОКБҰ-ға түсу кезінде шекті деңгейден (ұлттық ЖЖОКБҰ – кемінде 65 балл, ағымдағы күнтізбелік жылы жаңадан құрылған және білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған ұлттық ЖЖОКБҰ және басқа ЖЖОКБҰ – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл) өткен жалпы білім беретін мектеп бітірушілері санының ҰБТ-ға қатысқан жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің жалпы санына арақатынасы
|
Есептеу формуласы
|
S=NP×100,
мұндағы: S – ЖЖОКБҰ-ға түсу кезінде шекті деңгейден өткен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің үлесі;
N – ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша шекті деңгей жинаған (ұлттық ЖЖОКБҰ – кемінде 65 балл, ағымдағы күнтізбелік жылда жаңадан құрылған ұлттық ЖЖОКБҰ және білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алған және басқа ЖЖОКБҰ – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 50 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл) жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің саны;
P – ҰБТ-ға қатысқан жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің жалпы саны
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы
|
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15 және 16-жолдармен толықтырылсын:
"
15.
|
10000 балаға шаққанда балалар арасындағы алғаш рет белгіленген мүгедектік деңгейі
|
Сипаты
|
Бұл есепті кезеңде балаларда алғаш рет белгіленген мүгедектіктің қарқындылығын сипаттайтын статистикалық көрсеткіш. Ол бір жыл ішінде алғаш рет мүгедектік белгіленген балалар санының 10000-ға көбейтілген орташа жылдық бала санына қатынасы ретінде есептеледі
|
Есептеу формуласы
|
С=NP0-18×10000,
мұндағы: С – алғаш рет мүгедектігі бар бала деп танылған 0-18 жастағы балалар саны, 10 мың балаға есептегенде;
N – алғаш рет мүгедектігі бар бала деп танылған 0-18 жастағы балалар саны;
P0-18 – 0-18 жастағы халықтың орташа жылдық саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР Еңбекмині
|
16.
|
Репродуктивті денсаулық негіздерін саналы түрде түсінетінін көрсетіп жүрген
10-18 жастағы балалардың үлесі, %
|
Сипаты
|
Индикатор балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау саласындағы профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін мониторингтеу үшін пайдаланылады.
|
Есептеу формуласы
|
H=GF×100 %,
мұндағы: H – репродуктивті денсаулық негіздерін саналы түрде түсінетінін көрсетіп жүрген 10-18 жастағы балалардың үлесі;
G – репродуктивті денсаулық негіздерін саналы түрде түсінетінін көрсеткен 10-18 жастағы балалардың саны;
F – сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы саны.
|
Деректер типі
|
Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)
|
Дереккөз
|
Сауалнама нәтижелері
|
";
"Отбасы және қоғам" бағытында:
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3.
|
1000 балаға шаққанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 0-18 жастағы балалар саны, адам
|
Сипаты
|
Аталған көрсеткіш заңда белгіленген тәртіппен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған деп танылған 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 0 -18 жастағы адамдардың бір жылдағы орташа санына қатынасын білдіреді.
|
Есептеу формуласы
|
C=NP0-18×1000,
мұндағы: C – 0-18 жастағы 1000 балаға шаққанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тиісті жастағы балалар саны;
N – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 0-18 жастағы балалардың жалпы саны;
P0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
4.
|
1000 балаға шаққанда өмірде қиын жағдайда жүрген балалар саны, адам
|
Сипаты
|
Бұл көрсеткіш өмірде қиын жағдайда деп танылған балалардың жалпы санының бір жылдағы 0-18 жастағы адамдардың орташа санына қатынасын білдіреді.
|
Есептеу формуласы
|
C=NP0-18×1000,
мұндағы: C – 0-18 жастағы 1000 балаға шаққанда өмірде қиын жағдайда жүрген тиісті жастағы балалар саны;
N – өмірде қиын жағдайда жүрген деп танылған 0-18 жастағы балалар саны;
P0-18 – 0-18 жастағы халықтың орташа жылдық саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9.
|
Тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санындағы үлесі, %
|
Сипаты
|
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының тұрғын үй кезегінде тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санына арақатынасы
|
Есептеу формуласы
|
S=AP×100,
мұндағы: S – тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санындағы үлесі;
A – тұрғын үй алған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны;
P – тұрғын үй алуға кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы саны
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ЖАО, ҚР ӨҚМ
|
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12.
|
Қорлауға/жәбірлеуге (буллингке), оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған 10-18 жастағы балалардың үлесі, %
|
Сипаты
|
Қорлауға/жәбірлеуге (буллингке), оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге (буллингке) ұшырағанын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына қатынасы.
Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады
|
Есептеу формуласы
|
S=N10-18R10-18×100,
мұндағы: S – қорлауға/жәбірлеуге (буллингке), оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге (буллингке) ұшырағанын атап өткен 10-18 жастағы балалардың үлесі;
N10-18 – қорлауға/жәбірлеуге (буллингке), оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге (буллингке) ұшырағанын атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;
R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны
|
Деректер типі
|
Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)
|
Дереккөз
|
Сауалнама нәтижелері
|
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
"
15.
|
100000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандар
ды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауға байланысты отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны, бірл.
|
Сипаты
|
Балалардың белгілі бір санына (әдетте, 100000) есептегенде отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың деңгейі – кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауға байланысты отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелген саны
|
Есептеу формуласы
|
C=NP0-18×100000,
мұндағы: C – 100000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауға байланысты отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны;
N – кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауға байланысты отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны (жылына);
R0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР БП ҚСжАЕК
|
";
"Мемлекеттік саясат" бағытында:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3.
|
Мектепке дейінгі білім берумен қамтылған 1-6 жастағы балалардың үлесі, %
|
Сипаты
|
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар санының мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда орын алуға тіркелген, жыл ішінде өз кезектілігін растаған (өзектендірген) осы жас тобындағы балалардың жалпы санына арақатынасы.
|
Есептеу формуласы
|
S=G1-6F1-6×100,
мұндағы: S – мектепке дейінгі біліммен қамтылған 1-6 жастағы балалардың үлесі;
G1-6 – мектепке дейінгі ұйымдармен және мектепалды сыныптармен қамтылған 1-6 жастағы балалар саны;
F1-6 – мектепке дейінгі ұйымдармен, мектептердің мектепалды сыныптарымен қамтылған 1-6 жастағы балалардың және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын және бір мезгілде кезекте тіркелген балаларды және мектеп жасына толғаннан кейін мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын балаларды есепке алмағанда, кезекте тіркелген балалардың саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
";
реттік нөмірлері 6, 7, 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
6.
|
Қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі
|
Сипаты
|
Қосымша білім берумен қамтылған балалар санының жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың жалпы санына арақатынасы
|
Есептеу формуласы
|
S=GF×100,
мұндағы: S – қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі;
G – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы қосымша білім берумен қамтылған мектеп оқушыларының саны;
F – жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың жалпы саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
7.
|
Психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі, %
|
Сипаты
|
Психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған даму мүмкіндіктері шектеулі балалар санының даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санына арақатынасы.
|
Есептеу формуласы
|
S=GF×100,
мұндағы: S – психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған даму мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі;
G – арнайы ұйымдарда (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм-орталықтар, логопедтік пункттер, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеттері) психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны;
F – даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
8.
|
Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы үш ауысымда оқытатын жалпы білім беретін мектептердің үлесі
|
Сипаты
|
Үш ауысымда оқытатын жалпы білім беретін мектептер санының жалпы білім беретін мектептер санына арақатынасы.
|
Есептеу формуласы
|
S=TF×100,
мұндағы: S – жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы үш ауысымды мектептердің үлесі;
T – үш ауысымда оқитын жалпы білім беретін мектептер саны;
F – жалпы білім беретін мектептердің саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
9.
|
Ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының үлесі
|
Сипаты
|
Ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары санының мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жалпы санына арақатынасы.
|
Есептеу формуласы
|
S=SchtSch×100,
мұндағы: S – ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының үлесі;
Scht – ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының саны;
H – мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының жалпы саны.
|
Деректер типі
|
Сауалнама деректері (орта білім беру ұйымдары бойынша – ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама, мектепке дейінгі ұйымдар бойынша – ата-аналарға сауалнама жүргізу)
|
Дереккөз
|
Сауалнама нәтижелері
|
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12.
|
Балалардың қажеттіліктеріне бағытталған бюджет шығындарының үлесі, %
|
Сипаты
|
Балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалары/кіші бағдармалары бойынша нақты шығыстар сомасының республикалық/жергілікті бюджеттердің жоспарлы шығындарының жалпы көлеміне арақатынасы
|
Есептеу формуласы
|
S=GF×100,
мұндағы: S – балалардың қажеттіліктеріне бағытталған нақты шығындар үлесі;
G – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған нақты шығыстар сомасы;
F – республикалық бюджеттің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің жоспарлы шығындарының жалпы көлемі.
Балалардың қажеттіліктеріне арналған шығыстар мынадай бағыттар бойынша айқындалады: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, инфрақұрылым, мәдениет пен спорт және балалардың мүдделерін қозғайтын және мемлекет қаржыландыратын өзге де бағыттар.
Орталық мемлекеттік органдар – республикалық бюджеттік бағдарламалардың/кіші бағдарламалардың әкімшілері және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне балаларға арналған бюджет бойынша есептілік ұсынады.
Балаларға арналған бюджет есептілігінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
балаларға арналған шығыстарды қамтитын бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның атауы;
балалардың қажеттіліктеріне бағытталған тиісті бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша жоспарлы және нақты шығыстар сомасы;
бенефициар-балаларды бөле отырып, тиісті бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша бенефициарлар саны.
Балаларға арналған бюджетте бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша тікелей және жанама шығыстар қамтылуға тиіс.
Балаларға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша тікелей шығыстар толық көлемде ескеріледі.
Бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша жанама шығыстар мынадай формула бойынша айқындалады:
Ei=Eg×NkNt,
мұндағы: Ei – бюджеттік бағдарлама бойынша балаларға арналған жанама шығыстар;
Eg – бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы нақты шығыстар;
Nk – бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырумен қамтылған балалар саны;
Nt – бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын бенефициарлардың жалпы саны
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ЖАО, ОМО
|
";
"Елдің әл-ауқаты" бағытында:
реттік нөмірлері 3, 4 және 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3.
|
Ауадағы ұсақ қатты бөлшектердің деңгейі PM 2,5 (ауа сапасы), %
|
Сипаты
|
Атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағы PM 2,5 концентрациясы (диаметрі 2,5 микрон болатын қатты бөлшектер, олар 50 % сіңіру тиімділігінде фракциялар бойынша бөлінумен ауа тартқыш арқылы өтеді) ретінде өлшенетін қатты бөлшектердің ықпалы.
|
Есептеу формуласы
|
АЛИ5=∑(qcp.iШРКi)×Ci
мұндағы: qср.i – заттың орташа концентрациясы;
ШРКi – i-заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы;
Сi – ластаушы қоспа қауіптілігінің
1, 2, 3 және 4-сыныптары үшін тиісінше 1,7; 1,3; 0,1 және 0,9-ға тең деп қабылданатын i-заттың қауіптілік сыныбына байланысты болатын коэффициент.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ЭТРМ "Қазгидромет" РМК
|
4.
|
Су ресурстары сапасының деңгейі, %
|
Сипаты
|
Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі өлшемшарттары балық шаруашылығы, шаруашылық-ауызсу және коммуналдық-тұрмыстық суды пайдаланатын су айдындары үшін ластаушы заттардың ШРК мәндері болып табылады. Құрлықтың жерүсті суларының ластану деңгейі ерітілген оттегі мен ОБТ 5-ті қоса алғанда, алты көрсеткіш үшін есептелетін су ластануының кешенді индексінің (СЛИ6) шамасы бойынша бағаланады.
|
Есептеу формуласы
|
СЛИ6=∑(qcp.iШРКi)/6,
мұндағы: qcр.i – i-заттың орташа концентрациясы;
ШРКi – i-заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы;
6 – есептеу үшін пайдаланылатын, ШРК-дан асатынына немесе аспайтынына қарамастан, ең үлкен мәндерге ие көрсеткіш-ингредиенттердің (пестицидтерден басқа) қатаң лимиттелетін саны.
СЛИ шамасы бойынша су сапасының жіктелуі былайша айқындалады:
1) 0,3-тен кем немесе оған тең – таза;
2) 0,3-1,0-ден астам – салыстырмалы түрде таза;
3) 1,0-2,5-тен астам – орташа ластанған;
4) 2,5-4,0-тен астам – ластанған;
5) 4,0-6,0-дан астам – лас;
6) 6,0-10,0-нан көп – өте лас;
7) 10,0-нан астам – тым қатты ластанған.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ЭТРМ "Қазгидромет" РМК
|
5.
|
Жақсы және қанағаттанар
лық жағдайдағы облыстық/аудандық маңызы бар жолдардың үлесі, %.
|
Сипаты
|
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдары ұзындығының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығына арақатынасы.
|
Есептеу формуласы
|
S=100Rhc×R,
мұндағы: S – жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі;
Rhc – автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы;
R – жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының ұзындығы;
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР КМ
|
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7.
|
Уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының үлесі
|
Сипаты
|
Уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының ЖАО-ға ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының санына арақатынасы
|
Есептеу формуласы
|
S=EcamE×100,
мұндағы: S – уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының үлесі;
Ecam – уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары;
E – ЖАО-ға ведомстволық бағынысты мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жалпы саны
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ЖАО; ҚР ОМ; ҚР ІІМ
|
";
реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
9.
|
Белгіленген сапа нормаларына сәйкес келмейтін ауызсу сынамаларының үлесі, %
|
Сипаты
|
Көрсеткіш әртүрлі көздерден (су дайындаудан өткен, ашық су жинағыштардан, ұңғымалардан, құдықтардан және осыған ұқсастардан) алынған ауызсу сынамаларының жалпы санындағы ауызсу сапасының нормаларына сәйкес келмейтін сынамалардың үлесі ретінде айқындалады. Пайызбен өлшенеді. Көрсеткіш ауызсудың адам денсаулығына тікелей байланысты параметрлерге сәйкестігі туралы қолданыстағы деректер негізінде есептеледі.
|
Есептеу формуласы
|
Сынамалардың сәйкестік көрсеткіші = T-ET×100,
мұндағы: T – уақыт (жыл);
E – осы аумақтық бірліктегі сынамалардың сәйкес келмейтін нормаларының саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ДСМ
|
10.
|
Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы авариялық мектептердің үлесі, %
|
Сипаты
|
Авариялық күйдегі жалпы білім беретін мектептер санының жалпы білім беретін мектептердің жалпы санына арақатынасы.
|
Есептеу формуласы
|
S=GF×100,
мұндағы: S – жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы авариялық жалпы білім беретін мектептердің үлесі;
G – авариялық күйдегі жалпы білім беретін мектептердің саны;
F – жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР ОМ
|
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-жолмен толықтырылсын:
"
15.
|
100000 балаға шаққанда отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы
қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны, бірл.
|
Сипаты
|
Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың деңгейі – балалардың белгілі бір санына (әдетте, 100000) есептегенде отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны.
|
Есептеу формуласы
|
C=NP×100000,
мұңдағы: C – 100000 балаға шаққанда отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны;
N – отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны (жыл ішінде);
Р – 0-18 жастағы халықтың орташа жылдық саны.
|
Деректер типі
|
Статистикалық деректер
|
Дереккөз
|
ҚР БП ҚСжАЕК
|
";
ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"
ЖАО
|
жергілікті атқарушы органдар
|
ҚР ҒЖБМ
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;
|
ҚР ОМ
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
|
ҚР БП ҚСжАЕК
|
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
|
ҚР ДСМ
|
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
|
ҚР ІІМ
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
|
ҚР ӨҚМ
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
|
ҚР КМ
|
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі
|
ҚР Еңбекмині
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
ҚР СЖРА ҰСБ
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
|
ҚР ЭТРМ "Қазгидромет" РМК
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
|
ОМО
|
орталық мемлекеттік органдар
|
ҰБТ
|
Ұлттық бірыңғай тестілеу
|
ЖӨӨ
|
жалпы өңірлік өнім
|
ЖЖОКБҰ
|
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
|
".
|
Премьер-Министр
|
О. Бектенов
|