"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 14-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және әр айдың
5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 11 ақпандағы
№ 14-ө өкімімен бекітілген

Қабылдануы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"

Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер және уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен

негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 861 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

АЭА (келісу бойынша)

2026 жылғы ақпан

А.К. Махамбетов

2.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

3.

"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

4.

"Стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 389 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

5.

Уран саласындағы стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы

АЭА (келісу бойынша)

2026 жылғы ақпан

А.К. Махамбетов

6.

Уран саласындағы стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығы

АЭА (келісу бойынша)

2026 жылғы ақпан

А.К. Махамбетов

7.

Көмірсутектер саласындағы стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е Ақбаров

8.

Көмірсутектер саласындағы стратегиялық жер қойнауы учаскелерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

9.

Көмірсутектерді барлау және өндіру мақсаттары үшін аумақтарды аз зерттелген аумақтарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

10.

Пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарын сыныптау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

11.

Пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларды есептеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

12.

Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізу кезінде геологиялық есепті және (немесе) аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесіндегі геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

13.

"Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

14.

"Жер қойнауын пайдалануға арналған және жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған лицензияларды беруге (қайта ресімдеуге, ұзартуға) өтініштер нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 384 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

15.

"Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

16.

"Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі бірыңғай қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

17.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

18.

"Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру обьектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

19.

"Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 шілдедегі № 247 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы

ЭМ

2026 жылғы ақпан

Е.Е. Ақбаров

20.

"Кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатын қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 2 ақпандағы № 71 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы

ӨҚМ

2026 жылғы ақпан

И.Ш. Шархан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЭА – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады