"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 201-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі осы Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 201-ө өкімімен бекітілген

Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі


Р/с№
 

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілерді сапалы, уақтылы әзірлеуге және енгізуге жауапты адам


1

2

3

4

5

6

1.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 және "Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы" 2019 жылғы 28 наурыздағы № 149 қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Л.Қ. Мерсәлімова

2.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының жолданымдарды қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2026 жылғы ақпан

А.А. Құрманова

3.

Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2026 жылғы ақпан

А.А. Құрманова

4.

"Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

МАМ

2026 жылғы ақпан

А.А. Құрманова

5.

"Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Б.Ш. Жақселекова

6.

"Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 329 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы

КМ

2026 жылғы ақпан

М.Қ. Қалиақпаров

7.

"Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Д.М. Ваисов

8.

"Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Д.М. Ваисов

9.

"Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Б.Ш. Жақселекова

10.

"Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Б.Ш. Жақселекова

11.

"Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Д.М. Ваисов

12.

"Әкімшілік рәсімге қатысушылардың мемлекеттік органдардың басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс арқылы жолданым беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 213/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы

ЖИЦДМ

2026 жылғы ақпан

Р.А. Коняшкин

13.

"Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу
бойынша)

2026 жылғы ақпан

А.Ж. Жұмағали

14.

"Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығы

БП (келісу
бойынша)

2026 жылғы ақпан

Ж.Ж. Өмірәлиев

15.

"Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 448 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Л.Қ. Мерсәлімова

16.

"Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2023 жылғы 11 шілдеде № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының м. а. 2023 жылғы 11 шілдеде № 223 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бірлескен бұйрығы

Әділетмині, ҰЭМ

2026 жылғы ақпан

Л.Қ. Мерсәлімова, Б.Б. Омарбеков

17.

"Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Д.М. Ваисов

18.

"Сот сарапшыларын аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 334 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Д.М. Ваисов

19.

"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттау бойынша комиссияның және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының жұмыс регламентін, сондай-ақ олардың Дербес құрамдарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 371 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы

Әділетмині

2026 жылғы ақпан

Б.Ш. Жақселекова

20.

"Лауазымды адамдардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы" орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Орталық мемлекеттік орган басшысының бұйрығы

ОМО

2026 жылғы ақпан

Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жетекшілік ететін орынбасарлары

21.

"Лауазымды адамдардың жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламентін бекіту туралы" облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерінің қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы

ЖАО

2026 жылғы ақпан

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады