"Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 152-ө Өкімі

      "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын (бұдан әрі – жоба) іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау мақсатында:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда жобаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін 6 (алты) ай мерзімге ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Жұмыс тобы жобаның іске асырылуы туралы ақпаратты ай сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіп тұрсын.

      3. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай өткізілсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 152-ө өкіміне
қосымша

"Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, жетекшінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлік даму және бақылау бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының инвестициялар жөніндегі бас директоры (келісу бойынша)

      "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады