1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, жинақтап қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 142-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды және сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
2. | Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдар, көпірлер, электр беру желілері және басқа да коммуникациялар) жобалау, салу және оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
3. | "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
4. | Ауылдық жерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы азаматтық қызметшілер қатарына жатпайтын жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірлескен бұйрығы | ЭТРМ, Еңбекмині | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев, А.М. Ертаев |
5. | Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында жергілікті халықтың мұқтаждары үшін шөп шабу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
6. | Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.К. Дарбаев |
7. | "Орман қоры жері санатынан орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 18-02/45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
8. | "Көміртегі офсетін мақұлдау және офсеттік бірліктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 қарашадағы № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
9. | "Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
10. | "Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы |
Қаржымині, ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Д.О. Темірбеков, Н.Қ. Шәрбиев |
11. | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы |
ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі; |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; |
ЭТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі. |