"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 127-ө Өкімі.

      1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;

      2) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2025 жылғы 12 тамыздағы
№ 127-ө өкімімен
бекітілген

Қабылдануы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Құқықтық актінің атауы

Құқықтық актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапалы және уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторларының интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын және мерзімдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов
 

2.     

"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы
2 ақпандағы № 119 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині,
ҰБ
(келісу бойынша)

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов
 

3.     

"Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы
21 маусымдағы № 617 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов

4.     

"Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2021 жылғы
13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов
 

5.     

Краудфандингтік платформаларда жасалған шарттар, сондай-ақ резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтердің нысанын, Қарыз краудфандингтік платформаны басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының оларды мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов
 

6.     

Кредиттік бюролардың коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдары алдында активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғалардың берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерді ұсыну қағидаларын, нысанын және мерзімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині,
ҚНРДА (келісу бойынша)

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов
 

7.     

Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині, ЦДИАӨМ

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов
 

8.     

"Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы
21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

ҰЭМ, Қаржымині

2025 жылғы қыркүйек

А.К. Әмрин

9.     

Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ,
СЖРА
(келісу бойынша),
Қаржымині

2025 жылғы қыркүйек

А.С. Сұлтанов

10.     

"Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығының күшін жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2025 жылғы қыркүйек

Е.Е. Біржанов
 

11.     

Цифрлық активтерді тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге жатқызу өлшемшарттарын және тіркеп-белгіленген құны бар қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің тезбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы

ЦДИАӨМ,
Қаржымині,
ҰБ
(келісу бойынша)
 

2025 жылғы қыркүйек

Қ.А. Төлеушин

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      СЖРА – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады